Показать содержимое по тегу: Тоқтар Төлешов
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Шымкенттің салқын сырасын іше алмай қалуыңыз мүмкін

Сот «Шымкентсыра» АҚ-ын сыра шығаруға құқық беретін сегіз бірдей лицензиясынан айырды. Бұған дейін зауыттың бұрынғы қожайыны Тоқтар Төлешовтің өз басы дауға қалып, істі болып еді. Енді оның меншігінде болған өндіріс орнына да тоқтап қалу қаупі төніп тұр.

Подробнее ...

Қартайған шағында патша тектес өмір сүруді қалаған Төлешов президент болғысы келген

Белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің ісіне қатысты тергеу аяқталды. Енді іс сотқа жіберілді. Тергеу барысында белгілі болғандай, кәсіпкер  ел басқарғысы келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы ҰҚК-да осы істің тергеуінің аяқталуына байланысты өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Өзінің қартайған шағында патша тектес өмір сүруді қалаған ол ҚР екінші дәрежелі банктерінің және "Братский круг" басшыларының алдында көп мөлшерде қарызға батқан. Сол жиналған қарыздың мөлшері 200 миллион долларға жеткен. Осы кезде Төлешовтің ойына елдегі билікті күшпен тартып алу жоспары пайда болған", - деп жалғады ҰҚК өкілі өз сөзін.

Тергеу мәліметінше, Төлешов өз жоспарларын сәтті орындағаннан кейін бақылауындағы әкімшілік ресурстар арқылы ірі банк қарызы мәселесін шешіп алғысы келген және осылайша отбасы мен бизнесінің жағдайын сақтап қалғысы келген. 

Осылайша мемлекетің қаржы ресурстарына қол жеткізіп, бақылауға алу Төлешовке билікті басып алуға стимул болған.

"Билікті басып алу бойынша жоспарын жүзеге асыру үшін Төлешов бастапқыда елдегі жағдайды тұрақсыз еткісі келген. Осы мақсатта ол Қырғызстанда 2005-2010 жылдар аралығында болған оқиғаларды зерттеген, қажетті материалдар мен куәліктерді жинастырған, тіпті Қырғызстанға барған. Билікке тек жаппай тәртіпсіздіктер мен халықтың наразылығын туғызу арқылы ғана келуге болатынын білген ол бұл әрекеттерді Қазақстанның батысында жасау керек деген ойға келеді. Төлешов батыс өңірінде наразы топтар бар деп есептеген, ойынша, бұл топтарды өз мүддесіне пайдалану қолайлы болған, ал наразылыққа себеп ретінде әлеуметтік-экономикалық және басқа да мәселелерді қарастырған", - деп хабарлады ҚР ҰҚК өкілі Руслан Қарасев.

"Айдап салу акциялары мен жаппай тәртіпсіздіктермен қатар ол қазіргі билікке ультиматум қойып, өзін вице-президент етіп сайлауды талап еткісі келген, ал кейін ел басқарғысы келген. Ал дайындық барысы өткен жылы басталған. Төлешовтің айналасындағылардың ішінде куәгерлер бар, олар осылай айтып отыр. Айтуларынша, 2015 жылы ол сенімді адамдарының біріне ірі сомада қаражат пен құжаттарды Атырау тұрғындарына жер мәселелері бойынша беріп жіберуді тапсырған, ал кейін олар өз кезегінде сәуірдегі наразылық акцияларының ұйымдастырушысы болды. Өз кезегінде бұл адамдар Атырау қаласында сәуір айында және Алматы қаласында мамыр айында заңсыз митингілерді ұйымдастырған", - деп хабарлады Қарасев.

Сонымен қатар, Төлешовтің көмекшілерінің бірінің 50 мың долларды өз еркімен тергеуге тапсырғаны айтылады, бұл қаражат осындай акцияларды ұйымдастыруға кететін шығындарға жұмсалуы тиіс болыпты.

"Төлешов тергеу изоляторы жағдайында бола отырып, өзімен байланысқа түсе алатын адамдар арқылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш қаласында жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырғысы келген. Бұл мақсатта ол бес мың адамды әрқайсысына 100-200 доллардан төлеп, жаппай тәртіпсіздіктерге шығару туралы бұйрық берген. Осыдан кейін Сарыағаш қаласының орталық алаңында палаткалардан құралған лагерь ұйымдастырып, бүлік жасағысы келген. Осымен қатар, Төлешов қазіргі заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша құжаттардың бағдарламасын дайындаумен айналысқан. Бұл мәліметтер Төлешовтің көмекшілерінің компьютерлерінде және жеке жұмыс бөлмесінде табылды", - деп хабарлады ҚР ҰҚК өкілдері. Тағы айта кетерлігі, ҰҚК-дегілер тергеу барысы Төлешовтің ұйымдасқан қылмыстық тобы бірнеше адамды өлтіргендігі, кісі ұрлау және адамдарды соққыға жыққандығы анықталғанын айтты.

"Азаптаулар мен қинауларды Төлешовтің бұйрығымен фотоға және видеоға түсіріліп отырған. Бұл деректі мәліметтер тінту барысында анықталып, іс материалына жіберілген. Түсірілген адамдар анықталды және олар куәгер әрі жәбірленуші ретінде сотта куәлік беретін болады", - деді ҚР ҰҚК өкілі Руслан Қарасев. Бұған дейін ҰҚК-гілер Төлешовтің ұзақ жылдар бойы қылмыс әлемінің лидерлерін қаржыландырып келгенін мәлім етті. 

Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталды. 

 

 

Подробнее ...

Төлешов ұзақ жылдар бойы қылмыс әлемінің лидерлерін қаржыландырып келген

Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешовке  қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтағанын хабарлады.  

Аталған іс бойынша қылмыстық іске 25 адам тартылып отыр, шамамен 300 адам куәгер ретінде қарастырылатын болады. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. 

Подробнее ...

Белгілі кәсіпкер Төлешовтің қызметкерлері басшыларының былықтарын жайып салды

Атышулы кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің қызметкерлері басшыларының былығын жайып салды. Белгілі шымкенттік кәсіпкердің бостандыққа шықпайтынына көзі жеткен болуы керек, онымен бірге жұмыс істеген сыра зауытының басшылары құрылтайшысының масқарасын шығарып жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter