Төлешов ұзақ жылдар бойы қылмыс әлемінің лидерлерін қаржыландырып келген
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Menu

 Кіру / Тіркелу

Төлешов ұзақ жылдар бойы қылмыс әлемінің лидерлерін қаржыландырып келген

Фото: planetanyne.ru

Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешовке  қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтағанын хабарлады.  

Аталған іс бойынша қылмыстық іске 25 адам тартылып отыр, шамамен 300 адам куәгер ретінде қарастырылатын болады. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. 

 

"Оның қылмыстық әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 125, 126, 179, 182, 192, 262, 266, 268, 296 және 367 баптары бойынша, сонымен қатар, 1997 жылғы редакциядағы 96, 107 және 187-баптары бойынша қарастырылып отыр", - деді баспасөз мәслихаты барысында ведомство өкілдері.

Төлешовке трансұлттық қылмыстық қоғамдастықты қаржыландырған, сонымен қатар тұрақты қарулы топты құрып, басқарған деген күдік келіп отыр.

Тергеу Төлешовтің бірқатар ауыр қылмыс және аса ауыр қылмыс жасағанын анықтаған. Одан өзге ҰҚК өкілдері Төлешовтің ұзақ уақыт бойы шетелдегі "Братский круг" сияқты белгілі қылмыстық трансұлттық қауымдастықтың лидерлері мен басты тұлғаларын қаржыландырып келгенін және байланыста болып келгенін хабарлады. Яғни, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов қылмыс әлемінің дөкейлерін ұзақ уақыт бойы қаржыландырған, - деп хабарлайды 

"Оның тұрақты байланыста болған адамдарының ішінде қылмыс әлемінің лидері саналатын, лақап аты Дед Хасан, Жора Ташкентский деген лақап аты бар Георгий Сорокин, Гафур Рахимов (лақап аты Черный Гафур ), Нозин Джумаев (лақап аты Максим Бухарский), Ільяс Сұлтанов (дядя Ильяс) бар. Тергеу барысында Төлешовтен бұл адамдарға Рахимов пен Жұмаевтың қатысуымен ірі көлемде қаражаттың жиі жеткізіліп отырғаны туралы нақты дәлелдер алынды", - деп хабарлады ҰҚК өкілдері баспасөз мәслихаты барысында.

Естеріңізде болса, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған. 

 

 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Мөлдір Әуелбекова күйеуін "таз" деп атаған желі қолданушысына ұрсып тастады

Желі қолданушысы әнші Мөлдір Әуелбекованың ашуын туғызды. Ол өнер иесінің күйеуін "таз бас"деп атап, әншіге неге ондай жігітке тұрмысқа шықты деп сұрақ қойған. 

Korrespondent.kz Мәдениет

Қартайған шағында патша тектес өмір сүруді қалаған Төлешов президент болғысы келген

Белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің ісіне қатысты тергеу аяқталды. Енді іс сотқа жіберілді. Тергеу барысында белгілі болғандай, кәсіпкер  ел басқарғысы келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл турал...

Korrespondent.kz Оқиғалар

БАҚ: Ақтөбеде уаһһабтар жануарларды өлтіріп, жаттығып жүр

Радикал ағымдардың ұстанушылары бірнеше жылдан бері Ақтөбе облысында далалықта жануарларды өлтіріп, жаттығып жүр. Бұл туралы Aktobetimes басылымына жергілікті аңшылар мен орманшылар хабарлап отыр, деп...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Танымал журналист телеарналарға жаңа басшы керектігін айтты

Танымал журналист Арман Сқабылұлы Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев қазақ телеарналарының басшыларын ауыстырады деген үмітте. Яғни, ол  қазақ телевизиясын  әнші-жыршылардан тазартатын жә...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

Сайт DivideGroup әзірлеуші тобымен жасалған

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter