Мәдениет
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Мәдениет

Топағаш

Елімізде таңғажайыпқа толы орындар аз емес. Соның бірі – Тараздан 60 шақырым арыда жатқан Топағаш тоғайы. Алматы-Ташкент тас жолынан 12 шақырымдағы Ақыртөбе ауылының маңында орналасқан таңғажайып ағаш туралы айтылатын тылсым сырлар да аз емес. Дерек көп болмағанымен, ауыз толтырып айтуға арзитын тал туралы айтпауды әбестік санаған жайымыз бар...

«Ақсүмбе» мұнарасы

Мұнара десе Назгүл Бердіқожаның: «Айбаты бар да, азанын ешкім естімес, Өмірім менің – мұңнан тұрғызған мұнара!» деген жолдары ойыма орала береді. Әдемі шумақтарды жиі естіп жүрсем де, осынау мұнаралардың мұңнан тұрғызылатынын қайдан білейін... Бүгінгі біз арқау еткелі отырған «Ақсүмбе» мұнарасы да кей аңыздарда қос ғашықтың қосылмауының, енді бір аңыздарда тұтас елдің тас-талқан болуының «тірі» куәгері. Өмірі қыл үстінде тұрған мұнараның осыған дейін де мұңын шаққандар көп-ақ, әйтсе де тіл біпеген соң ба, әлі де мүжіле-мүжіле жермен жексен болуға шақ қалып тұр.

Ақбура әулие

Ақбура әулие

Қазығұрт тауының етегіндегі Ақбура әулие жайлы жергілікті тұрғындардың бірінен естідік. «Бала кезімізде көп баратынбыз» деп сөзін бастаған Жанеркенің айтуынша, жаз маусымында су астынан жыландар мен балықтар көрінетін бұлақ бар екен. Иә, қазақ тектен-текке бұл жерді әулиелі жер атамаған. Тау шатқалындағы сайдағы тік жартасты жарып ағатын бұлақ бірнеше дертке шипа. Оның үстіне нақ осы маңда Ақбура әулиенің бейіті де бар.

Эстрададағы ұрылар

Эстрададағы ұрылар

Бүгінде хитшерудің ондығын күн сайын жаңалап отыруға болады. Ән де көп, әнші де көп. Көптер көбейе түскен сайын бәсеке де басым. Хит етсем деген әншілердің әні неге қит етсе «ұрлықы» боп шыға береді? Асыра сілтеп жіберсек, ғафу өтінеміз, бірақ аты дардай әншілердің шетелден ән «ұрлағаны» қай сасқаны?

«Түрік пен Үндінің сериалдары неврозға шалдықтырады» деп жүргенде, қазақтың сериалдары жындыханаға түсіріп жүрмесін...

«Түрік пен Үндінің сериалдары неврозға шалдықтырады» деп жүргенде, қазақтың сериалдары жындыханаға түсіріп жүрмесін...

Келесі жылдан бастап шетелдік сериалдар қазақстандық телеарналарда көрсетілмеуі мүмкін. Алайда, көгілдір экраннан түріктің, кәрістің, үндінің сериалдарын алып тастаған күнде талғажау етер тың туындыларымыз бар ма? Сериалдардың арқасында өз аудиториясын арттыратын телеарналар, отандық кинолармен көрермен жинай алмай ұятқа қалмай ма? Ойлана түссең, тізбектеле беретін сан сауал.

Қырық қыз

Қырық қыз

Қырық қыз – қырық жартас. «Алагеуімнен қыздардың сыңсып салған әні естіледі» деп Қырық қызбен дүйім жұрттың назарын аударған Өгем. Қазақтар мыңдаған жылдан бері кие тұтіп келе жатқан Қазығұрт өңірінде бүгінде отыздан аса археологиялық ескерткіштер бар. Соның бірі – Қырық қыз.

Қорқыт ата

Қорқыт ата

Қорқытқа ерсе, арманы жоғын айтқан Мағжан Жұмабаев «Жас төгіп, сұм өмірде зарлап-сарнап, Құшақтап қобызымды көрге кірсем!..» деген екен. Ол бір ақылы асып, аспап ойлап тапқан Қорқыттың өзіне де бұйырмаған бақ. Әйткенмен, көз көрмегенімен, ауыздан-ауызға жеткен аңыздардың арқасында кейінгі ұрпақ Қорқытты жете таниды, оның дені оған бір уыс топырақтың Қызылордадан бұйырғанын да бес саусақтай біледі.

Келіншектау

Келіншектау

Байлығын бауырына басып жатқан Созақ даласының құшағында қаншама алып жатыр десеңізші... Қойнауы қазынаға толы өңірдегі қарт Қаратаудың өзі неге татиды. Оған «Теріскей, айналайын, келбетіңнен, Сен бізге ақ бесіксің тербетілген» деп ән арнаған жоқ па Шәмші? «Қаратау, Келіншектау, Шолаққорған, Қызылкөл босамайды қонақтардан» деген жолдары тағы бар. Сол атан-атан жасауы тиелген көшті жетектеген келіншектің сұлбасы бар Келіншектауды көруді армандайтындар қаншама...

«Жылаған Ата» бұлағы

«Жылаған Ата» бұлағы

Соңғы уақытта «Жылаған ата» бұлағының Құран оқығанда ғана ағатыны туралы видеолар ғаламторда қаптап кетті. Осыған дейін Алладан бала тілеп, ауруына шипа сұрап, әулиеге зиярат етуге баратын жұртшылық енді сол бұлақтан Құран оқылса су ағатын-ақпайтынын білу үшін де ағыла бастады. Біздің де таңданысымызды тудырған әулие туралы біз де әңгіме өрбітуді жөн көрдік.

«91-дің» тағдыры не болмақ?

«91-дің» тағдыры не болмақ?

Бүгінде «Найнти уан» тобының атағы аспандап тұр. «Қазақы келбет», «қазақы болмыс» сөздері олар туралы дау-дамайда жарқын-жарқын естілгенімен, «қазақылықтан жұрдай топ» деп жазғырады жұртшылық. Тырыстырып шалбар киіп, шаштарын алуан түске бояп, сырға таққан жігіттерге Сәкен Майғазиев Мейрамбектің «ертең олар үйленгенде әйелінен сырғасын қалай сұрайды екен» деп қалжыңдағаны барын айта келіп, оларға «Орда», я болмаса «Ринго» топтары сынды ән айтуға кеңес берді.

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter