Күнгей мен көлеңке
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Күнгей мен көлеңке

«Арыс қандай?» «Күшті деймін...»

«Арыс қандай?» «Күшті деймін...»

Газетіміздің бүгінгі санынан бастап жаңа айдарды назарларыңызға ұсынып отырмыз. Мақсат – облысқа қарасты аудан, қала басшыларының күнгей және көлеңке тұстарын оқырманға жеткізе білу. Көлеңке тұсы дегенде нені меңзеді екен деп ойлап отырған шығарсыз? «Кемшіліксіз адам болмайды» деген бар емес пе? Осал тұсын көрсете отырып, басшының өз кемшілігін түзетуіне, өзі естімеген ел пікірімен санасауына титтей болса да септігіміз тисе деген ниет. Сонымен, тұсауы бүгін кесілгелі отырған айдарымыздың алғашқы кейіпкері – Арыс қаласының әкімі Сейіт Ертай. 

Наглец келе жатыр!

Наглец келе жатыр!

Сіздер Қазақстандағы ең бақытты адамдардың кімдер екенін және олардың қай жерде тұратындарын білесіздер ме? Білмесеңіздер біз айтайық. Еліміздегі ең бақытты адамдар күнгей облыстардың бірінің ірі қызметтердегі шенеуніктері. Өмір деп солардың өмірін айт! Бұлардың тіршілігіне қарап отырып адамдардың неге бастық болсам деп армандайтынын түсінесіз. Мысалы, өлкедегі ең әдемі қыздар осы күңгей облыстың әкімшілігінде жұмыс істейді. Бірақ қанша жерден сұлу болсаңыз да әкімшілікке жұмысқа тұру оңай емес. Білетіндер осындағы қаптаған хатшы қыздардың пәленбай пайызын жас деуге жалынсыз, кәрі деуге қариялығы жоқ аппарат басшысының «гаремінен» өткен дейді. Ол гаремнен өтпесеңіз хатшы немесе кеңседе жұмыс істей алмайсыз. Осындай адамдар қызмет атқарып отырғанда идеология туралы сөз қозғаудың өзі қалай болады екен, а?

Кім кіммен құда?

Кім кіммен құда?

Атам қазақтың «Анасын көріп қызын ал...» дегені жақсы ананың қызы да жақсы болады дегені ғой. Сондай-ақ, қазақ қыз беріп, келін аларда оның шыққан тегіне де мән берген. «Тектімен текті құда болады» дегенді қатты ұстанғандар болашағын ойлағандар деп бағаланған. Бірақ, бүгінде қатып қалған қағида жоқ. Бір-бірін таңдаған екі жас дегендерін жасайды, айтқаны болады. «Байдың қызы» ауқатты отбасыға баруға міндетті емес. Кейде, міндетті де. Тіпті «абыройлы құда» сенің де мәртебеңнің артуына септігі тиіп жататын кездер аз емес. Бұл, әсіресе, саяси ойындағы жүрісті жеңілдетуге таптырмайтын айла. Әрине, әркімнің мақсаты әрқалай. Діттегенін ешкім жар салып айта қоймас. Ондай неке біреуге тиімді, келесіге тиімсіз. Әңгімені арыға созбай, атақтылардың құдаларына тоқталайық. Сонымен, кім кімнің қызын алып, құдандалы болып отыр?
Нұрлан Балғымбаев пен

Жылда осы...

Жыл сайын жауаптылардың «жылыту маусымына 100 пайыз дайынбыз» дейтін жаттанды сөзі тұтынушылар үшін таң қалатын жаңалық болмай қалған. Қыстың ортасына таяғанда жағдайдың қалай өрбитіні туралы сценарийді де шымкенттіктер жаттап алды. Жаттамай қайтсін? Жыл да бір жағдай қайталанады.

Мүгедек болсаң қайтер ең?

Қазір шындық пен әділдік іздеген жан прокуратура мен сотты көп жағалай бермейтін болған. Өйткені онша сеніңкіремейді. Сенетіні – «Нұр Отан». Себебі онда отырғандардың дауыстары өктем-өктем шығады. Қайткенмен, биліктің партиясы емес пе? Оның үстіне төрағасы – Елбасының өзі. Әйтсе де, қайбір жетіскенінен және қай жетіскен адам «Нұр Отанның» алдын тоздырғысы келеді дейсіз, бір көмегі бола ма деп барады ғой. Оның ішінде кемтары да, мүгедегі де, аяғынан зорға жүрген ақсағы да, көзі көрмейтіні де бар. Сөйткен «Нұр Отанның» Шымкенттегі қалалық филиаланың ғимаратына арбаға жегілген мүгедектер кіре алмайтын болып шықты. Жо-жоқ, «Нұр Отанның» қызметкерлері кіргізбей жатқан жоқ, әлгі пандус деген құрығырдың жоқтығынан кірер кезде қатты қиналады.

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter