Қоғам
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Қоғам

Қымыран мешелді жазады

Төрт түліктің қайсысын тұспалдап отыр-ғанымызды түсінген боларсыз. Иә, айта беретін түйе туралы... Етінің ем екенін, өркеш майы анау-мынау ауру-сырқаудан айықтыра алатынын, шұбатының шипасы мол екенін бұған дейін де аз естіп жүрген жоқ шығарсыз. Бірақ, шынын айтқанда, қандай ауруларға шипа болатынын көбіміз біле бермейміз. Содан да шығар, біреулер зәріңді ішсең жазыласың десе, зәрімізді де іше беретін болдық. Осыны шығарып жүргендер шұбатты іш деп неге айтпайды екен? Бүгінгі әңгімеміз түйе жайында, оның еті мен сүтінің пайдасы туралы болмақ. Ұлттық сусынды насихаттағанымыз болсын, әрі бүгінгідей аптап ыстықта түйенің қымыранынан артық сусын жоқ екенін бөліскіміз келді.

Тайландта «тайраңдап» жүр талай қазақ баласы

Бүгінгі таңда туристік фирмалардың қолы жүріп тұр. Өйткені шетелде демалғысы келетіндердің қатары күн өткен сайын көбейіп келеді. Бұл біріншіден жаңа жер көруге деген құмарлық болса, екіншіден, отандық демалыс орындарының сапасы сыныққа сылтау болып отыр.

Іштегі «пар» әлеуметтік желіде шығады

Әлеуметтік желінің құдыреті мен құзыреті қандай? Бүгінгі ғаламтор ұлттың әлеуетін арттыруға қаншалықты үлес қоса алады? «Онлайндағы» батырлар «офлайнда» жазбасы үшін жауап беруге дайын ба? Бұл бүгінгі әлеуметтік желі қолданушыларының бас ауыртар мәселесі. «Құр қолға бата жүрмейді» деген сөзі бар елдің ұрпағы уақытын су тегін «сөзмайданға» неге сарп етеді?

Ауадағы аурулар

Қасы-көзі қиылған қарындас құлап қалды. Автобуста. Қол-аяғы балғадай жап-жас қызды анау-мынау ауруға қимайсың. Аузынан көбік ағып, көзі аларып бара жатқан жанның мына жатысы, шынында да, адам шошырлықтай еді. Жылдамдатып жедел жәрдем шақыртылды. №12 машруттағы иін тірескен халық әп-сәтте осылайша абыр-сабыр болды да қалды. Жастар жағы көзі аларып жатқан қыздың бетіне су бүркіп әлек, үлкендері талып қалған оның тілін жұтып қоймауы үшін жанталасып жатыр. Қоғамдық көлік жүрісін жалғастыра берді. «Гүлжан» аялдамасынан басталған әлек орталық саябаққа жетіп, хәл үстінде жатқан жанның «Жедел жәрдемге» ауыстырылғанына дейін жалғасты. Одан әрі әркім өз жұмысымен кетті. Бұл алдыңғы күні таңертеңгі «час пиктің» тұсында болған жағдай.

«Бізде кедейлер аз» дегеннен кедейлер азайып қалмайды

Әлемдегі 7 млрд адамның 900 миллионы кедейлік шегінде өмір сүреді дейді мәліметтер. Сол кедей дегеніміз кім? Бүгінде ол ең төменгі күнкөріс деңгейінен де аз табыс табатын адам. Дүниежүзілік банк адамның күнделікті қолдануы үшін қолында 1,9 доллары (640 теңге) болмаса, ол адам кедей деп есептейді.

Мұғалімнің сағатына үңілген адам бар ма?

Сонымен, тағы бір оқу жылы тәмам. Бұрынғысы бүгінгіге жарамайтын білім беру ісінде нендей жаңалықтар боп жатқаны көпшілікке мәлім. 12 жылдық білім беру, үштілділік, бес күндік оқу аптасын енгізу – бұларды қоя берейік. ҰБТ-дағы өзгерістерді көтеріп шала бүлінудің де қажеті жоқ. Келер жылы қолданыстан шығатын дүниеге бас қатырып қайтеміз, оның үстіне бүгін-ертең тест тапсырамыз деп отыратын талапкерлердің жүйкесін жұқартып жіберуіміз бек мүмкін. Енді не мәселе, ең алғашқы махаббат партадан басталса, ең алғашқы өзгерісті сағат бөлуден бастаған дұрыс.

«Бұқараға қажет басылым!»

Әдетте көңіліміздің көгін күміс күйге  тұндырып, жанымызды пейіштің самалы желпіп өткендей рахат бір хал кештірген спектакль тамашаласақ, немесе кереметтей көркем әдебиетпен танысып шықсақ, солардан алған әдемі әсерімізді бір-бірімізбен бөлісіп жататынымыз бар емес пе? Біз де осы үлгілі үрдісті ұстана отырып, өзіміз кейінгі кездері қадағалап оқып жүрген «Корреспондент» басылымына байланысты бір үзік пікірімізді ортаға сала кетуді жөн көріп отырмыз.

Балалар үйін жабамыз деп жетімдерді тентіретіп алмайық

Бүгінде елімізде 188 балалар үйі болса, онда 32 мыңнан астам жәутеңкөздеріміз өсіп келеді. Бұл ресми мәлімет, ал бейресми ақпарға сенсек елімізде жыл сайын 100 мыңнан астам бала ата-анасы бола тұра тірі жетім атанып, қаңғыбастыққа салынады екен.  Осындай түрлі тағдырлы балапандарды қанатының астына алған мемлекет оларды барынша ешкімге жәутеңдетпеуге тырысып бағуда. Бірақ «жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған» елдің балалар үйін жабуға деген құлшынысы да жыл санап үдеп барады. Әрине, жетімханасы жоқ ел деген жақсы ат кімге ұнамасын... Алайда балалар үйі жабылса жетімдер қайда барады?

Іштен шыққан жау жаман

Жамбыл өңірі әскери базалардың көптігімен ерекшеленеді. Онда күнгейдегі 4 облысқа ортақ «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы орналасқан. Алайда, әскери сала алаяқтықтан ада емес. Оған дәлел – өткен аптада 7,5 жылға сотталған №42062 әскери бөлімі командирінің орынбасары, қаржы бөлімінің бастығы Асқар Туғанбаев. Ол 33 млн теңгеден астам бюджет қаржысын талан-таражға салған. Ең қызығы – әскери қызметкер бұл ақшаны басқа қызметте ұрлаған ақшаларының орнын жабуға жұмсаған. Яғни қай қызметте жүрсе де, қазына қаржысын тонауды әдетке айналдырыпты. Мұндай «сұмдық» біздің Қарулы күштерде ғана кездесетін болар. 

Қадірін білмеген қаржы қайда кетті?

Қызылорда қаласының тазалығы соңғы жылдары икемге келіп қалды. Талдан тарығып отырған облыс орталығында ағаштардың қарасы көбейіп, гүлдің де неше атасы егілетін болды. Әр жерде шашылып жататын қоқыстар да көзге түсе бермейді. Биыл қаланың және қалаға қарасты елді мекендердің санитарлық-тазалығын қамтамасыз етуге, көгалдандырып абаттандыруға бюджеттен бөлінген қаражат 2013 жылмен салыстырғанда 40 пайызға кем. Десе де, жұмыс қарқыны жоғары. 

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter