Қоғам
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Қоғам

Автобус көрсек, қорқатын болдық...

Қоғамдық көліктердегі қолайсыз жағдайлар мен келеңсіз көріністер күн тәртібінен түспейтін болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан қаншама адам ажал құшып жатқаны жасырын емес. Тек биылғы жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысының өзінде 700-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан екі жүздей адам әр түрлі дене жарақатын алса, жүзге жуық жолаушы айтып келмейтін ажалдың тырнағына ілінген. Содан да болар, қазір көшеден ызғытқан автобус көрсек, қорқатын болдық...

Құр даңғаза туғызғаны қалай?

Естеріңізде болса, газетіміздің өткен нөмірінде «Откат» бермесең, несие жоқ» атты материал жарияланған болатын. Мақалаға «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығынан несие ала алмай жүрген шымкенттік кәсіпкер Анар Сүлееваның әңгімесі арқау болған еді. Осы аптада инвестициялық орталықтың Басқарма төрағасының орынбасары Заңғар Сәлімбаев аталмыш материалға қатысты түсінік берді. Оның айтуынша, мақала кейіпкері айтқан біраз жайт шындыққа жанаспайды. 

Байқоңырлықтар Ресей қарамағында қалғысы келеді

«Байқоңыр» ғарыш айлағы мен оған қарасты Байқоңыр қалашығын Ресей жылына 115 млн доллар төлеп, 2050 жылға дейін жалға алғаны белгілі. Ғарыш айлағы мен жалпы қаланың аумағы 672 мың гектар жерді алып жатыр. Ресейлік БАҚ-тың жазуынша, Ресей бұл қаланың бюджетіне жыл сайын 1 млрд рубльден астам қаржы құяды. Алайда, соған қарамастан қала тиісті деңгейде дамымай отыр. Ресейге тиесілі шаһарды жұмыссыздық жайлаған. Сыртқы әлемнен оқшау қалып қойған. Ең қызығы – біз өз жеріміздегі космодромның аумағына алғаш рет 2014 жылы бас сұғып, жұмысымен таныстық. Оған дейін жауап әрқашан біреу болатын – «құпия нысан, кіруге болмайды»! 

Қарапайым халық байытқан «байлар»

Бүгіндері халық қолпаштаған адамның аузы аққа тиюі лезде. «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» екенін айтқан Абай бүгінгі елден еңсесі биіктерді байытам деп жұртының тиындап теңге жиып жүргенін көрсе не дер екен?! Иә, бүгінде той жағалап, қарапайым халықтың қуанышын бөліскен әнші мен елдің ертеңіне қам жеген шенеуніктердің, халыққа ас-ауқаты мен киім-кешегін өткізген «кәмерсанттардың» тұтынушы халыққа қарағанда қалтасы әлдеқайда қалың. Бүгінгі, көбіне өздері мойындамаса да, ел үшін «көзжетімді» бай-бақуаттылар осылар. 

Мүгедек болсаң қайтер ең?

Қазіргі таңда елімізде 639 мыңнан астам мүгедек бар екен. Бұл халықтың 3,6 пайызы деген сөз. Оның 29 мыңнан астамы Сыр өңірінде тұрады, яғни Қызылорда облысы халқының 3,8 пайызын құрап отыр. Байқасаңыз, республика бойынша орташа көрсеткіштен 0,2 пайыз асып кеткен. Тағдырдың тәлкегіне түскен жарымжан жандар үшін облыста «кедергісіз орта» қалай қалыптасқан? 

Мал базарында алыпсатарлар өріп жүр

Биылғы көктем оңтүстік өңіріне жаңбырлы болып келді. Әр екі күннің бірінде жаңбыр жауып, күн ашылғаннан кейін шығар, далалы жерлердің шөбі де қалың шықты. Қырдағы қызыл қызғалдақтар да кешегі күнге дейін даланың сәнін келтіріп тұрды. Мал шаруашылығының мамандары биылғы шүйгін шөпті табиғат ананың тартуы деп біледі. 

Елбасыға «таласып» жүр

Бұл мақала Елбасымыз Н.Назарбаевпен бірге оқып, бірге жүрген, жалындаған жастық шақтарын бірге өткізген курстастары турасында екенін іштеріңіз сезіп отырған да шығар. Негізі, құрдас болып қатар өсудің де, жолдас болып бірге жүрудің де өзіндік жөні мен жосығы болады. Есімін ел құрметпен атайтын ұлы адамдармен бір-екі күн бірге жүріп, қатар отырып суретке түсіп, кейіннен оның атын жамылып жүретін пысықайлар да жоқ емес. Көпшілік болған соң әр түрлі адамдардың кездесетіні заңдылық та шығар, дегенмен кейінгі кезде Елбасымыз Н.Назарбаевпен бірге оқып, бірге жүрдік,бала кезден бергі доспыз дейтіндерді де ел арасынан жиі еститін болдық. 

Шымкентте жолақыны көтеруді қолдағандар автобусқа міне ме екен?

1 мамырдан бастап Шымкент қаласындағы жолақы 40 пайызға қымбаттап, 70 теңге болғаны белгілі. Қандай негізге сүйеніп өсірді, оған не себеп болды, әлде бізге білдірмей жанармай қымбаттап кетті ме – қала тұрғындары бұдан мүлде бейхабар. 

«Оңай» Шымкентке биыл келмеуі мүмкін

Шымкент қаласының билігі Алматының «Оңай» жүйесін зерттеп жатқалы біраз болды. Ол туралы жыл басында айтылған болатын. ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов «Биыл біз аталған жүйені енгізу бойынша жұмыстарды қолға ала бастадық. Қала әкімдігі автоматтандырылған билеттеу жүйесін енгізу жайын қарастырып жатыр. Әрине, Алматыдағы «Оңай» жүйесінің тәжірибесін зерттеп отырмыз. Сонымен қатар, Шымкент қаласының әкімдігі басқа да компанияларды шақырып отыр», - деген болатын. 

Отандық көлік меморгандарға ғана керек сияқты...

Қазақстандық автоөнеркәсіп үлкен қиындыққа тап болды. Бұл сөзіміз әсіресе жеңіл автокөлікке тікелей қатысты. Жыл басынан бері небары 428 көлік құрастырылған. Ал өткен жылы дәл осы мерзімде жасалған мәшинелер саны – 5522 болатын. Көлік өндіру көлемі 13 есеге дейін қысқарып отыр. 

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter