Қазақстанда банкоматтар саны қысқаруда
- Жанат ҚАПАЛБАЕВА
Ағымдағы жылы банкомат желісінің саны қысқара түсті. Жыл ішінде банкоматтар саны 5 пайызға жуық азайып, 2016 жылдың 1 маусымында 9,3 мың құрылғыны құрады.
Бұрынғы жылдағыдай желінің жартысы 4 аймаққа шоғырланған, Алғашқысы – Алматы (19,3%), екінші орында – елорда (10,7%), үшінші орында – Қарағанды облысы (8%) және төртінші орында – ШҚО (7,8%).
Ranking.kz талдама қызметінің ақпараты бойынша, 2016 жылғы мамырдың соңында 15 млн.-ға жуық төлем карточкасы болды. Оларды ұстаушылар саны – 13,9 млн. адамды құрайды. 2016 жылдың мамыр айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22,8 пайызға өсіп, 827,9 млрд. теңгені құрады.
Банкоматтарда төлем карточкаларымен жүргізілген қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 1185,8 мың транзакцияны құрады немесе 15,857,7 млн. теңге. Қолма-қол ақша беру операцияларына қатысты олардың сомасы 2016 жылғы мамыр айында 600 852,7 млн. теңгені құрады.
- банкомат
- банктер