Бюджетті жарылқайтын – арақ пен темекі
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Бюджетті жарылқайтын – арақ пен темекі

  • Жанат ҚАПАЛБАЕВА

Тұрғындары жылына 50 бөтелке ішімдік ішетін Қазақстанның алкоголь мен темекіні өндіру арқылы тауып отырған табысы қандай? Бюджет дефицитін темекі мен алкогольге акциздік салықты ұлғайту арқылы жабуға бола ма? Қоғамдық ұйым өкілдерінің ойынша, акцизді өсіру бюджеттің «тесігін» тиімді әрі тез-ақ жамайды.

Акциз дегеніміз не? Ол – жанама салықтың бір түрі. Бюджет кірістерінің 2,7%-ын акциздер құрайды. Акциздер – бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық. Акциздерді өзінің айрықшалықты ерекшеліктеріне қарай монополды түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді. Акциздер көрсетілген қызметтерге де салынуы мүмкін, бұл орайда салық сомасы тарифке кіріктіріледі. Олар Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және оның аумағына импортталатын мынандай тауарларға салынады: спирттің барлық түрлері, алкоголь өнімі, темекі бұйымдары, құрамында темекі, алкоголь өнімі, темекі бұйымдары, құрамында темекі бар басқа өнімдер, алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, бензин, дизель отыны, мүгедектерге арналған жеңіл автомобильдер, атыс және газ қарулары, шикі мұнай, ойын бизнесі, лотореяны ұйымдастыру және өткізу.

«Ішімдік пен темекінің акцизін 49%-ға дейін өсірсек, ол ел бюджетіне тұрақты түсіп отыратын қаржының қауіпсіз көзі болар еді. Әсіресе алдағы дағдарыстың зардабы ауыр 5 жылда оның маңызы зор» дейді «Темекі түтінінен тәуелсіз Қазақстан үшін» ұлттық коалициясының жетекшісі Ж.Садықова.

Экономикалық және қаржылық зерттеулер орталығы акцизді көбейткенде ел бюджетіне қанша табыс түсетінін есептеп берді. Расымен де, оның көлемін 49%-ға ұлғайтсақ, бюджетке түсетін кіріс 184 млрд теңгеге дейін (2,5 есе) өседі екен. Ал темекі тартатын жұртшылықтың үлесі 17,9%-ға дейін төмендейді. Бұл шамамен 54 мың адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

2014 жылдың қаңтарында темекі өндірісінен түсетін түсім бірсәттік темекі акцизін өсірудің арқасында екі есеге дейін өсті. Яғни, пайда 46 млрд. теңгеден 79 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Ал алкогольден түсетін акциз 13 млрд теңге болса, 2014 жылы 22 млрд теңгеге жетіп жығылды. Сыраның да салығын 70 %-ға көтеру арқылы одан келетін кіріс 12 млрд теңгені құрады. Ең бастысы – акциз көбейген сайын темекі мен ішімдіктің көлемі азая түседі. Яғни олар бюджеттің қалтасын томпайтып қана қоймай, өндірісі де жылдан-жылға кеми береді.

Темекіге қарсы қоғамдық ұйымдар әр 1000 қорап темекіге – 12 000 теңгеден салық салып отыруды ұсынуда. Әрине, ол жағдайда бір қорап темекінің бағасы 400 теңгеге дейін өседі. Оның жартысы мемлекетке салық ретінде төленіп отырады.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter