«Таяу Шығыстағы қантөгіске АҚШ себепкер»
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

«Таяу Шығыстағы қантөгіске АҚШ себепкер»

  • Бекжігіт МӘУЛЕНОВ

«Сирия күрділерінің «Демократиялық одақ» партиясы мен оның Халықтық қорғаныс күші әскери қанатын террористік деп танудан бас тарту арқылы АҚШ Таяу Шығыстағы қантөгістің ушығуына себепкер болып отыр». 

Анкарада аймақ басшыларының өкілдері жиналған жиында Режеп Тайып Ердоған осылай деді. Түркия әлемдік қауымдастық, соның ішінде АҚШ-тан күрділердің Жұмысшы партиясын да лаңкестік ұйым деп тануды талап етіп келеді. 

Сейсенбі күні Анкарадағы АҚШ елшісі Түркияның СІМ шақырылып, АҚШ мемлекеттік департаменті өкілі Джон Кирбидің «ИШИМ-ге қарсы соғысып жатқан күрдінің әсери жасақтарын лаңкестік ұйым деп санамайтыны» туралы пікіріне қатысты түсініктеме талап еткен еді. 

Айта кетсек, күрділердің Халықтық қорғаныс күші мен Күрдістан жұмысшы партиясын террористік ұйым дап санайтын Түркия олармен 30 жылдан бері күресіп келеді. Аталған ұйым мұшелері негізінен Түркияның оңтүстік-шығысында орнығып, кейінгі кезде белсенділігін арттыра түскен. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter