Экономика
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Экономика

Бір бөлмелі пәтер үшін 16 жыл еңбектенуге тура келеді

Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі еңбек нарығы жылдан-жылға кеңейіп келеді. Биылдың өзінде жалдамалы жұмысшылар саны 40 мың адаммен толығыпты. Өкініштісі, жұмыскерлеріміздің басым бөлігі айлық нәпақасына баспана сатып алуға шамасы келмейді. Бұл туралы «ranking.kz» сайты жүргізген зерттеулерден белгілі болды.

Бензин «безгегі» тағы басталды

Жылдағы дәстүрінен жаңылмаған жанар-жағармай «жыры» және басталды. Ерте көктем мен қара күзде қыр көрсететін қымбатшылық қараша айының аяғын ала бере тағы келді. Құстар келіп, кететін осы екі мезгілде бензиннің «безгегі» ұстайтынын қарапайым халық та біліп қалған. Берік Тортаев есімді «Фейсбук» қолданушысы біраз жылдан бері бұл үрдістің үздіксіз жалғасып келе жатқанын айта отырып, әлі талай көктем мен күз келетінін, демек, әлі талай қымбатшылық қылкеңірдектен алатынын қынжыла отырып жазыпты.

Бізге де жеткен биткоин

Соңғы жылдары лексиконымызда «модный» сөздер қаптап кетті. Соның бірі – криптовалюта. Бұл – электронды ақша. Жаңа технологиялар мен Үкіметтің бақылауынсыз жүргізуге негізделген төлемдер мен ақша аударымдарының жылдам әрі сенімді жүйесі. Ол – нағыз ақша емес, ақша орнына пайдаланылатын эрзац, яғни жасанды ақша. Оның ішіндегі ең танымалы – биткоин. Бүгінде 1 биткоинның құны – 703 АҚШ долларына тең. Криптовалюталардың ішінде танымалдылығы жағынан екінші орында — Лайткойн. Бұл криптовалютаның транзакция алгоритмі тезірек жұмыс істейді. Биткоин мен Лайткоинды алтын мен күміс деп салыстырса болады. Қазіргі таңда оннан астам ірі криптовалюта бар.

Қазына қаржысы тағы да желге ұшқалы тұр

Бітпей жатып, бүлініп жатқан жұмыстар аз емес. Жаңадан бой көтерген көпқабатты үйлерден де кемшілік кетіп, оған жұмсалған қазынаның қанша ақшасы желге ұшып жатыр. Орталық Қазақстандағы Шахтинск қаласында да бір үй бітпей жатып, тозуға айналды.

Квазисектор қашан жарылқайды?

Ұлттық компаниялар мемлекеттің бағуындағы қысыр сиырларды еске салады. Оған шығын шығарып, жем әпересің, асырайсың, бірақ одан бір тиын пайда жоқ. Сол сияқты біздің квазисектор да жыл сайын қысыр қалып, мемлекетке алақан жаюмен келеді. Топ-менеджерлерге депутаттар да разы емес. Олар, біріншіден, бюджеттен алған ақшаның қайтарылмауына наразы.

Шардараның қанты таңдайға тимей тұр

«Бұл – біздің ғана емес, жақын жерден қант жейміз деп жүрген мыңдаған адамның көкейіндегі сауал» десек артық емес. Осыдан бес жыл бұрын алаулатып-жалаулатып жүріп ашқан қант зауыты жылға жетпей жабылып қалған-тұғын. Бүгінде есігін қара құлып күзеткен жаңа нысанның қайта ашылуын күтіп жүргендер көп. Алғашқыда арнайы маман жетіспеуіне байланысты уақытша жабылған зауыт араға көп уақыт салмай, қайта іске қосылатын болған. Қант зауытының тілін білетін маман тапшы ма, әлде шикізат болмады ма, әйтеуір уақытша деп жабылған зауыт бүгінде тозуға айналды.

Ақшаны қалай көбейтуге болады?

Девальвациялық процестер мен отандық экономиканың мүшкіл халі халықты үнемдеуге үйреткенімен, ақшаны дұрыс басқаруды үйрете алмады. Біз әлі де ақшамызды қайда инвестициялау керектігін білмейміз. Ақшасы бар ауқаттылардың тең жарымы оны үйінде сақтаса, тағы бір 10-15 пайызы банкте ұстап отыр. Қалғандары артық қаражатты шашып-төгіп, сауық-сайран мен әрдеңені сатып алуға жұмсауда. Бағалы қағаздар нарығына қаржы салып, бағын сынап жатқандар қатары – саусақпен санарлық қана.

«Нұрлы жол» & «Нұрлы жер»: қайсысы тиімді?

Қазақстанда шамамен 2,3 миллион адам баспанаға мұқтаж екен. Оның ішінде кезекте тұрғандары – 400 мың, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары – 700 мыңнан астам және 10 сотық жер алуға кезекте тұрғандары – 1,2 миллион адам. Аталмыш мәселе бұқара халық үшін өте өзекті болғандықтан, газетіміздің әр нөмірінде тұрғын үй алудың түрлі бағдарламалары туралы әңгімелеп жүрміз. Бүгін «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламалары туралы айтамыз.

Солтүстікке жаңа үйлер қаңырап тұр

Біздің елде бас сауғалайтын баспана таппай жүргендер аз емес. Өмір бақи біреудің есігін сығалап, пәтер жалдап жүретіндер де жетерлік. Бірақ, соған қарамастан әліге дейін өз иесін күтіп, бос тұрған су жаңа үйлер де бар екен.

Қытайдың «розеткасын» пайдалана бастаймыз-ау...

Энергетика – оқырманға қызықсыз тақырып болса-дағы, мемлекет өміріндегі ең маңызды салалардың бірі. Бірнеше айдан кейін өткізілетін «ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталуы бекер емес. Себебі, энергетика болмаса, өркениетпен, жайлы өмірмен қоштаса беріңіз. Өкініштісі сол – Қазақстан жасыл энергетиканы қарық қыла алмай отыр. Келешекке де үміт арту артық сияқты. Қазақстанның қазіргі энергетикалық қуаттылығы – 19 мың МВт. Оның 70 пайызы – көмір, 15 пайызы – гидро, 15 пайызы – газ бен мұнайдың үлесінде. Күн мен желдің үлесі 1 пайызға да жетпейді.

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter