Шымкенттік полицейлер алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні қолға түсірді
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сәрсенбi, 17 ақпан 2016

 Кіру / Тіркелу

Шымкенттік полицейлер алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні қолға түсірді

Фото: ОҚО ІІД баспасөз қызметі

Шымкент қаласындағы полицейлер алаяқтық әрекетке қатысы бар деген күдікпен 30 жасар жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. 
Алаяқтың құрбаны болғандардың бірі 31 жастағы азамат. Ол өз шағымында бір танысы жұмысқа орналастырып беремін деген уәдемен 170 мың теңге ақшасын алған. Сол күні осыған ұқсас арыздармен бірнеше азамат полицияға жүгінген.


Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 1986 жылы туылған облыс орталығының тұрғынын күдікті ретінде құрықтады. Адамдардың сеніміне кірген алаяқ түрлі құжаттар дайындап беруге және тағы басқа да уәделер беріп, 300 мың теңгеден астам ақшаны алдап алған.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен «Алаяқтық» қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Егер де Сіз, алаяқтың құрығына түсіп қалсаңыз, полицейлер Шымкент қаласы, Елшібек батыр көшесі, №110 үйде орналасқан Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ-не немесе «102» телефонына хабарласуыңызды сұранады.
Оңтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары танымайтын адаммен жұмысқа тұру, құжаттар рәсімдеу, басқа да маңызды мәселелерде сенбеуді және келіп түскен хабарламаларға мұқият болуды ескертеді.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

ОҚО мұғалімі емтихан бағасы қанша тұратынын еш қысылмастан айтып берді (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысындағы колледждердің бірінде сынақтан өткізу ашықтан-ашық саудалануда. «Фэйсбук» әлеуметтік желісінде колледж студенттерінің сабақ барысында оқытушымен саудаласып отырған сәті ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Қайрат Нұртасқа оқырмандары орысша сөйлеп үйренуге кеңес берді

Белгілі әнші Қайрат Нұртас Инстаграмдағы парақшасында өз оқырмандарына Астанада жаңа кроссфит-орталықтың ашылғанын қуана жеткізген болатын. Алайда оның бұл жаңалығын фолловерлері қуана қабылдай қоймағ...

Korrespondent.kz Мәдениет

ОҚО-да имамды ерткен тұрғындар арақ сатуға қарсылық танытып, дүкендерді аралап жүр (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласына қарасты Шорнақ елдімекенінің тұрғындары дүкендерде сатылатын арақтарға жаппай тыйым салып жатыр. Әлеуметтік желілердің бірінде қос видео пайда болды. Оны ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Танымал журналист Сара Назарбаеваның мерейтойына қатысты жақ ашпаған мемлекеттік БАҚ-тарға таң қалды

Орыс тілді қазақстандық белгілі журналист Ержан Сүлейменов мемлекеттік БАҚ-тардың жұмысын сынға алды. Нақтырағы, ол елдің бірінші ханымы Сара Назарбаеваның 75 жылдық мерейтойының кеңінен насихатталмағ...

Korrespondent.kz Саясат

Экс-тоқалдар байларды қармаққа түсірудің жаңа әдісін ойлап тапқан

Астанада экс-тоқалдар байларды қармаққа түсірудің жаңа әдісін ойлап тауыпты. Тіпті олар қайтадан тоқал болуға әзір. Ондайлар арнайы клубтарда жиі қарасын көрсетеді. Бұл туралы клубқа бас сұққан куәгер...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте жергілікті полиция қызметінің басшысы Валентин күнімен құттықтады

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан виртуалды достарын әулие Валентин күнімен құттықтады. Жылы лебізін шенді қызметкер «фэйсбук» әлеуметт...

Korrespondent.kz Қоғам

Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ, мұғалім: "Шәкіртінен пара дәмету - өз балаңды баққаныңа ақы сұраумен бірдей"

Шымкенттік мұғалім Өмір Шыныбекұлы ұстаздардың шәкіртінен пара алуына қатысты өткір ойын әлеуметтік желілердің біріндегі парақшасында бөлісті. Тіпті ол өзінің басынан өткен оқиғаны мысалға келтіріп, б...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкенттік жастар балалар үйіне барып, палау таратты

Шымкенттің белсенді жастары Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнайы барып, қой сойып,  палау таратты. Асты  әзірлеу үшін ұйымдастырушылар 16 жылдан бері ас...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter