Мәжіліс депутаты теріскейде болды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Menu

 Кіру / Тіркелу

Мәжіліс депутаты теріскейде болды

ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Бәйділда Жылқышиев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданына болып қайтты. Сапар барысында бірқатар кәсіпорындарды аралаған халық қалаулысы ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

 

Депутат Жылқышиев алдымен Шолаққорған ауылында орналасқан индустриалды аймақтағы «UKO-S Star» металл құрастыру зауытын көрді. 2013 жылы іске қосылған зауыт Уран өндіруші кәсіпорындарға арналған металл бөшкелер шығарады. Бүгінде 44 адам жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, «UKO-S Star» «металл құрастыру зауыты» ЖШС-нің екінші зауытының құрылысының барысымен танысты. Аталған жоба жыл соңына дейін құрылысы аяқталады. Зауытты іске асыру үшін 337 млн теңге инвестиция жұмсалады деп күтілуде. Алдағы уақытта зауытта 25 адам тұрақты жұмысқа тартылады. Сонымен қатар астаналық қонақ «Наурыз» мөлтекауданында салынып жатқан 50 тұрғын үйдің құрлысын аралап жоғары бағасын берді. Бұдан өзге жуырда пайдалануға берілетін 280 орындық балабақшамен танысса, жақында пайдалануға берілген мүгедектер цехның аралап, өнімдерін көрді. Бүгінде Созақ аудандық мұмкіндігі шектеулі азаматтар жұмыспен қамтылған цехта 15 адам жұмыс істеуде. Мұнан соң  аудандық орталық емхана қызметкерлерімен кездескен депутат ақ халаттылардың талап-тілектерін тыңдады.

Ауданға жасаған сапары барысында мәжіліс депутаты «Нұр Отан» партиясының ғимаратында аудандық мәслихат депутаттарымен кездесіп пікір алмасты. Кездесуде Созақ ауданында атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалайтынын айтып, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға жұмыла жұмыс істеу керектігін атап өтті. Ұсыныс пікірлерді тыңдаған ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Б. Жылқышиев көтерілген мәселелрді тиісті органдарға жеткізіп, шешілуіне ықпал ететінін айтты.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Мөлдір Әуелбекова күйеуін "таз" деп атаған желі қолданушысына ұрсып тастады

Желі қолданушысы әнші Мөлдір Әуелбекованың ашуын туғызды. Ол өнер иесінің күйеуін "таз бас"деп атап, әншіге неге ондай жігітке тұрмысқа шықты деп сұрақ қойған. 

Korrespondent.kz Мәдениет

Қартайған шағында патша тектес өмір сүруді қалаған Төлешов президент болғысы келген

Белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің ісіне қатысты тергеу аяқталды. Енді іс сотқа жіберілді. Тергеу барысында белгілі болғандай, кәсіпкер  ел басқарғысы келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл турал...

Korrespondent.kz Оқиғалар

БАҚ: Ақтөбеде уаһһабтар жануарларды өлтіріп, жаттығып жүр

Радикал ағымдардың ұстанушылары бірнеше жылдан бері Ақтөбе облысында далалықта жануарларды өлтіріп, жаттығып жүр. Бұл туралы Aktobetimes басылымына жергілікті аңшылар мен орманшылар хабарлап отыр, деп...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Шымкент полициясы 5 жасар қыздың зорланғанын жоққа шығарғанымен, қайталама сараптама оны растады

Ағымдағы жылдың 11 шілдесі күні кешкі уақытта Шымкенттегі полиция бекетіне  1969 жылы туылған жергілікті тұрғын шағымданып келген. Өз шағымында ол Ордабасы алаңының аумағында 30-35 жас шамасындағы бел...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

Сайт DivideGroup әзірлеуші тобымен жасалған

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter