Винокуровтың жейдесі жарты миллион!
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Винокуровтың жейдесі жарты миллион!

  • Аман ЖАЙЫМБЕТОВ

Петропавлда аукцион арқылы боксшы Жанат Жақияновтың қолғабы мен Александр Винокуровтың жейдесі саудаға түсті. Былғары қолғап 250 мыңға, ал олимпиада чемпионы киген футболка 500 мың теңгеге бағаланды.

Ерекше ұйымдастырылған бәс сауда қайырымдылық керуені шеңберінде жүзеге асырылды. Енді, қос спортшының заттарынан түскен қаражат сырқатқа шалдыққан балаларға жұмсалмақ. Аукцион түріндегі қайырымдылық шара Петропавлда тұңғыш рет өткізіліп отыр. Бәс сауда барысында қазақтың қара жорғасы мен жұптық би де орындалды. Онда ұлттық нақышта біркелкі костюм киінген бишілер жұрттың таңданысын тудырды.

Сырқатқа шалдыққан үш баланың ем-домы үшін ұйымдастырылған аукционнан, жалпы 2 млн теңге табыс түсті. Оған қатысушылар жалғыз қолғап пен жейдені ғана емес, картинкаларды да қымбат бағаға сатып алған.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter