Шымкентттік мұғалімдер сабақ уақытында оқушыларға қара жұмыс жасатып қойған
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Шымкентттік мұғалімдер сабақ уақытында оқушыларға қара жұмыс жасатып қойған

Фото: www.newsler.ru

Шымкентте құрлыс жұмысы жүріп жатқан мектеп ғимаратында оқушыларжұмыс жасауға мәжбүр болған. Нақтырақ айтқанда, Абай ауданы прокуратурасымен жүргізілген іс шаралар нәтижесінде Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында орналасқан Хамза атындағы №53 орта  мектебінде бала құқықтары бұзылып, олардың еңбек күшін заңсыз пайдалану деректері анықталды, деп жазады ОҚО проркуратурасының баспасөз қызметі. 

 

600 орындық  №53 орта мектебінің қайта құру жұмыстарын орындап жатқан «Югстройсервис-Н» ЖШС-іне жұмыс жобасы бойынша мектептің ескі ғимараттарын бұзу жұмыстары жүктелген.  

Алайда, 05.2016 жылы  сағат 17:30 шамасында, яғни сабақ уақытында осы мектептің мұғалімдері  7-ші сынып оқушыларына ғимараттан парталар мен орындықтарды мектептің басқа аумағына тасымалдау тапсырылып, олар мәжбүрлі еңбекке тартылған. Бұзылатын ғимаратта еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан, оқушылардың денсаулығына зақым келуі мүмкін екені, бұл жұмыстар мердігермен орындалуға жататыны мектеп басшылығымен ескерілмеген. Яғни, оқушыларды оқу процесінен бөліп, мәжбүрлі еңбекке тарту арқылы олардың заңмен қорғалатын құқықтары шектелген.  

         Көрсетілген заң бұзушылықтар мектеп басшылығымен балалардың құқықтары мен бостандықтарын, олардың қалыпты дамуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың жеткілікті деңгейде ұйымдастырылмауынан орын алған. 

         Аудан прокуратурасымен қалалық білім бөлімінің басшысына ұсыныс енгізіліп, мектеп директорына «қатаң сөгіс», мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары мен оқушыларға тапсырма берген мұғалімге «сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершіліктер қолданылды.

 

 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Астанада халық санының миллионға жетуі қазақстандықтардың күлкісін келтірді

Бүгін еліміздің бас қаласы Астанада миллионыншы тұрғынның дүниеге келгені туралы ақпарат тарап, жұртшылық қуанған болатын. Алайда бұл статистикаға күдікпен қарағандар саны басым. Себебі олар небәрі ек...

Korrespondent.kz Қоғам

Астана әкімі миллионыншы тұрғынның ата-анасына пәтер кілтін табыс етті (фото)

Астананың миллионыншы тұрғынына Саида есімі берілді. Енді бүлдіршін ата-анасымен бірге Астана әкімі Әсет Исекешев табыс еткен пәтерде тұратын болды. Сәбидің әкесі дүниеге қызының келуі үлкен қуаныш әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Сарыағаштықтар солтүстікке көшіп жатыр

ОҚО-да 50 отбасы Солтүстік Қазақстан өңіріне қоныс аударды. Күнгейден теріскейге көшкен жұртшылық енді оңтүстікке қайта оралмаймыз деген сенімде. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш ауданында 50 ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да жан түршігерлік көлік апатынан соң жүргізуші ауруханада жан тәсілім етті

Оңтүстік Қазақстанда жүк көлігімен соғысқан "Ауди" маркалы автокөлігінің жүргізушісі есін жия алмаған күйі көз жұмды. Оқиға кеше Төлеби ауданында орын алған. 37 жастағы жүргізуші жолдың қарсы бөлігіне...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter