«Қазақстандықтар» Қабатовтың қазақты одан әрі мазақ еткенін қалап отыр
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

«Қазақстандықтар» Қабатовтың қазақты одан әрі мазақ еткенін қалап отыр

  • Мақпал ТӨРЕБЕК

Газетіміздің 15 қаңтардағы нөмірінде «Әзілдің де әзілі бар» айдарымен жарияланған «Тұрсынбек, қазақты мазақ еткенді қашан қоясың?» атты мақаламызға оқырмандар тарапынан көптеген пікірлер айтылды. Әрине, көпшілікті қыран-топан күлкінің астында қалдырып жүрген әртіске «болысқандардың» саны өте көп болғанын жасырмаймыз. Ұдайы «БАҚ – төртінші билік» деген сөзді қаперінен шығармайтын көпшілік, көпке ортақ азамат туралы сөз қозғай қалғанымызда жер-жебірімізге жетуді де ұмытқан жоқ. 

Бір ұққанымыз, халық Тұрсынбектің қазақты бұдан әрі де сынай түскенін қалайды екен. Бейшара, сорлы етіп көрсетсе қазақ түзелетін көрінеді. Орысты мақтап, қазақты түкке алғысыз қылғанның түк айыбы жоқ екен. Міне, біздің халықтың пікірі осы. Елдің Тұрсынбекке деген махаббатының шексіз екенін түсінеміз, әрине. Және Тұрсынбекті жек көріңдер деп отырғанымыз жоқ. Дегенмен, өзімізді сорлы ете бергеннен не шығады? Қазақты кінәлай бергеннен басқа тақырып жоқ па? Қазақтың қолы аузына жеткені кеше емес пе? Енді ел болып, аяққа тұрған баладай ғой. Оны не деп сынайсың? Оны не деп күстәналайсың? Иә, орыстан мықты емес, сол орыстың боданы болған халықпыз. Олар 300 жылдан бері қазаққа жоғарыдан қарап, өктем сөйлеп, қарсы шыққанын атып, асып, итжеккенге айдаған. Теперіштің көкесін көрсеткен. Әбден езіліп, енді ояна бастаған өз қаныңды осылай түкке алғысыз қылу ата-баба әруағына түкіру, солар көрген қорлықты жоққа шығару, сол қорлықты көрсеткендердің алдында тағы бір мәрте жығып беру емес пе? Қазақты мазақ еткеннен басқа тақырып жоқ па? 

Көп қазақтың бірі ретінде мереке мен думандарда, тіпті сенбі мен жексенбіде эфирден жүзі жиі «жылт» ететін азаматымыздың жеткен биігіне біз де қуанамыз. Ол туралы «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді» деп мақаламызда да жазғанбыз. Біздегі мақсат қашанда көзбен көріп, құлақпен естіген пікірді жеткізу. Корреспондент газеті Қабатовтың жеке басына күйе жағып, жеке өміріне қол сұғып отырған жоқ. Ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің жанында біз кімбіз, оның «Иірімінің» жанында біздің жазғанымыз не тәйірі... Естеріңізде болса, «Иірімде» қазақтың біртуар азаматтары Абай Құнанбаев пен Ғабит Мүсіреповтерден бастап қаншама адамның пендешілігі айтылған. Әрине, жақында ғана әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатқан «Өмір сабақтарының» тележүргізушісі, «Бауыржан шоудың» негізін салған, Тұрсынбектің әріптесі, әйгілі Бауыржан Ибрагимовтің қонақ үйдегі бейәдеп сөздерін осындай пендешілікке санадық. Әңгіме жеке басқа қатысты болғанда кешіріммен қарағанымыз жөн шығар... Ал енді сөз қазақ өнері мен шығармашылығына, қазақтар туралы әзілге келгенде үнсіз қала алмаймыз. 

Тұрсынбекті Тұрсынбек еткен кім? Көрермен. Көрермен болғанда да 100 пайыз қарапайым қазақтан құралған көрермен. Оны өзі де үнемі айтып жүреді. Жалпы, өнерде жүрген кез келген адамның бағын ашатын да, құтын қашыратын да көрермені, тыңдарманы. Олай болса, киелі сахнаның биігіне қарапайым халықтың арқасында көтерілген өнер иелері өз елінің, халқының жаманын жасырып, жақсысын асыруды үйренсе екен дейміз. Бізде басқа ниет те, тілек те жоқ.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

шакша
0 шакша 05.02.2016 23:55
әне бір кинофильмде қыздың киімін киіп алып көпшіліктің көзінше осырып еді ұялмай, енді өз ұлтына тышып жүр!
Жауап беру
Нурик
0 Нурик 06.02.2016 10:45
Мулдем кате пикир! Халык керисинше ойбай Турсынбек корип коймасын сол айтып коймасын деп сондай кулкили аркеттерге бармауга тырысады.
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Атаңның ауызына торт тыққаның ұят емес пе?!

«Адамның бір қызығы бала деген»... Жоқтан бар жасап, дүркіретіп той өткізетін қазақтың қасиеті бүгінде ешкімді таңдандырмайды. Әйтсе де, той кезінде ойнатылатын ойындар мен жасалатын жөн-жоралғылар та...

Мақпал ТӨРЕБЕК Қоғам

25 жылда экономикамыз дамыды ма, кері кетті ме?

Тәуелсіздік туының астында өткен 25 жылда біздің экономика нендей жетістіктерге жетті? Қанша зауыт салынып, қанша өнім экспортқа шығарылды? Әлемге паш етер мұнайдан басқа мақтанышымыз бар ма? Саралап ...

Жан КЕНЖЕ Экономика

«Жасыл энергетиканы» тежеп отырған Бозымбаевтың өзі емес пе?

Қазақстан өзінің алдына нақты мақсат қойды. 2050 жылға қарай барлық жаңартылатын энергияның үлесін 50 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Ең қызығы – бүгінгі таңда, яғни 2016 жылы оның үлесі 1 пайызға да ж...

Жан КЕНЖЕ Экономика

Қазығұрттың қадіріне жете алдық па?

Аңыздардың ақиқатына көз жеткізгісі келгендер көбіне топан су басқанда Нұһ пайғамбардың кемесі тоқтаған қасиетті мекенді іздеп келеді. Жер бетіндегі пенделерді пиғылына қарай жазалап, пайғамбар кемесі...

Мақпал ТӨРЕБЕК Мәдениет

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter