Аңдамай сөйлеген басшы – баспасөз хатшысының «соры»
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Аңдамай сөйлеген басшы – баспасөз хатшысының «соры»

Күні кеше баспасөз беттерінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов шенеуніктерге жұма сайын мешіт жағаламай, жұмыс істеуге кеңес берді деген мақалалар көптеп шыққан еді. Бұл мәселе әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Енді осы жағдайға қатысты Шығыс Қазақстан облысы әкім аппаратының баспасөз хатшысы Ерлан Жақыпов өзінің пікірін білдірді, – деп хабарлайды Baq.kz

«Аймақ басшысы Даниал Ахметов облыс әкімдігінің әрбір отырысында алдымен елдегі тұрақтылық, ұлтаралық татулық пен діни радикализмнің алдын алу тақырыптарында ұдайы сөз қозғап, департаменттер мен басқармалар, қалалар мен аудандар әкімдеріне тиісті тапсырма беріп, олардың орындалуын жіті қадағалап отырады. Бұл мәселе – облыс әкімінің басты назарында. Күні кеше өткен әкімдік отырысында облыс басшысы мешітке жұмыс уақытында баруға болмайтындығын айтып, жұма намазын сылтауратып жеке бас шаруаларын бітіретін қызметкерлерді тәртіпке шақырды. Сондықтан облыс басшысы «Конституция принциптерін құрметтеу баршамызға міндет, зайырлы қоғамда өмір сүреміз соны ұмытпаңыздар» деген болатын», – дейді баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, әкім өз сөзінде «мешітке мүлде бармаңдар, діннен аулақ болыңдар», деп үгіт-насихат жүргізбеген.

«Әкімнің олай айтып тұрмағанын көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның ұққаны анық. Тек мемлекеттік қызметте ғана емес, кез келген мекеменің ішкі тәртібінде жұмыс уақытында қызмет орнын бос қалдырып, сылтауратып кетіп қалу сынды әдеттерге шектеу қойылған. Алайда, әлеуметтік желілер мен интернет сайттарда қоғамның әртүрлі қызу пікірталасын тудырған осы бір жайт, журналистер қауымының да өз айтарларына жоғарғы жауапкершілікпен қарауларын ескертері анық. Орайы келген осы тұста облыс әкімі Д.Ахметов алғаш осы қызметке тағайындалған күні өңірдегі ең бірінші барған нысаны да облыстық мешіт болғанын айтпай кетпеске болмас», – дейді Ерлан Жақыпов.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Майлыбаев министр, Тоғжанов «замрук» болуы мүмкін...

Арыстанбек «азғырған» қыз-қырқынның көтерілісінен кейін жоғары жақ мың ойланып, жүз толғаныпты. Сөйтіпті де «Арыстанбекті орнынан аламыз» деп шешкен көрінеді. Бірақ, мына «мәселесі» шешілгеннен кейін...

Korrespondent.kz Саясат

Қоғамдық тыңдау қарапайым халықтың қытығына тию үшін керек пе?

Бізде бір түсінбейтін жағдай бар. «Халықтың пікірі ескерусіз қалмасын, қандай жағдайда да мәселенің түйінін ел айтады» дейміз. Алайда айтқан сөзіміз бен іс-әрекетіміз бір-бірімен мүлдем қабыспайды. Ел...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Қоғам

Донжуан келе жатыр...

Сыр бойындағы көп ауданның бірінің әкімі бұрын істеп кеткен облыс әкімінің орынбасары қызметіне қайта оралайын деп жүрген сыңайлы. Бұл қауесетті естіген облыс орталығының қыз-қырқындары «қауесет емес...

Korrespondent.kz Қоғам

Шураулар шөже санап жүргенде, түркістандықтар тауықтарын түгелдеп алды

Күз – молшылық айы. Ала жаздай еткен еңбектің өтеуі осы тұста айқындалады. Жеміс-жидек жетіліп, еккен өнімге орақ түсетін осы тұста шаруалардың шөже санайтыны бар. Сол айтқандай, биылғы күзде түркіста...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter