Тұрсынбек, қазақты мазақ еткенді қашан қоясың?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Тұрсынбек, қазақты мазақ еткенді қашан қоясың?

  • Мақпал ТӨРЕБЕК

«Әзіл әлемінде» жүрген кешегі жас жігіттердің алды бүгінде аға буынға айналып үлгерді. Солардың бірі қазақтар, қазақы отбасы төңірегінде әзіл айтып, өз көрерменін жинаған Тұрсынбек Қабатов. Қырыққа таяған ол бір кездері көңілді тапқырлар клубының ойыншысы болатын. Сосын «Аграрка сарбаздарына» жетекшілік етті, біршама комедиялық қазақ киноларында актер ретінде танылды. Осылай өзін әр қырынан көрсетіп жүрген өнер иесі 2011 жылы «Базар жоқ» театрын ашты. Ең алғашқы концертін дүйсенбі күні қойған квн-шы базар жағалайтын қарапайым халық, базар жоқ болған соң концертке келер деген үмітпен кештің атын «Базар жоқ» деп қойыпты. 

Бүгінде сол «Базар жоқтың» тасы өрге домалап тұр. Кілең сайдың тасындай мықтыларды жинаған әзіл ордасының айтары да, көрермені де аз емес. Қарапайым тұрмыс-тіршіліктің күйбеңін суреттеп, көрерменін қыран-топан күлкінің астында қалдыратын театрдың артықшылығы аз емес. Алайда, соңғы кездері «Осы Қабатов қазақтарды бейшара етіп көрсеткенін қашан қояды?» - деп шамданған кісілерді де көріп жүрміз. Тұрсынбек айтпақшы, «Біз қазақ әрнәрсенің жақсы жағын байқамайды екенбіз ғой. Жаман жағын байқаймыз». Әйткенмен, ол өзінің осы қойылымында: «Мал түгілі адамның атын дұрыс айтпаймыз»,-деп бірқатар қазақтардың кемшілігін тізе келіп, «Жақсы нәрсе ойласақ жақсы нәрсе береді. Бір балаға сен ақылды баласың десе, ана бала ұялғанынан ақылды болып кетеді екен да. Ал біз тупой дейміз. Сосын ол жүреді мен тупоймын, дым білмеймін деп»,-дейді. Сөйтіп сөз соңын: «Жақсы нәрселер байқап жүрсек, жақсы нәрселер болады, ағайын»,-деп аяқтайды. Бірақ осы кісінің неге қазақтардан жақсы нәрсені байқай қоймайтыны бізді де ойландырады. «Жамандасаң әкеңді, саған әкеп, Жақсы әкесін бере ме басқа бала» дегендей өз елімізді, өз ұлтымызды қаралай берсек көрген басқа не дейді, басқа жұрт не істемейді?!

Ресейде Михаил Задорнов: «Когда смешно, тогда не страшно»,-деп біраз елінің кемшілігін жіпке тізгенімен, көбіне Ресейді басқа мемлекеттермен салыстыра келіп, артықшылығын айта кетуді әсте естен шығармайды. «Қазір әрнәрседен бәле іздейміз де тұрамыз». Иә, Қабатовтың «Шыдамсыз қазағындағы» сөз бұл. «Қазір адамдар екіге бөлінді. Керек адам, керек емес адам. Ақшасы аздау туысқаның, жұмыссыз қалған класстасың т.б. Керек адам деген жағдайы бар адам. Ол адам келе жатса анадай жерден күтіп тұрасың. Ол адам көрмей тұрса алдынан шығасың»,-деген сынды әзілдерде өмірдің шындығы ашық айтылғанымен, осындайда қазекемнің «бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» дегені ойға оралады. Осыны қазақтар деп жалпылай айтуымыз қаншалықты орынды?

Сондай-ақ, «Қазақтар» атты қойылымында: «Автомобиль-арба, кока-кола-сорпа, дебат-айтыс»,-деп бірқатар сөзді тізбектей жөнеледі. Біз тәуелсіздік алғалы төрт құбыласы түп-түгел болмаса да, ел қатарлы өмір сүріп келе жатқан ел емеспіз бе?! Жұрт қатарлы көлік мініп, елмен бірге суын да, сорпасын да сораптап келе жатқан жоқпыз ба?! Бәрінен бұрын қазақтың төл өнері айтысты «дебат» қылғанымыз қалай?! Бізде «дебат» дегенде «пікірталас, пікірсайыс» деген әдемі-ақ сөздеріміз бар емес пе?!

«Сырласу» бағдар-ламасына келгенде Қабатов мұнысын: «Керемет қазақпыз ғой негізі. Мен қазақ десе жанын беретін қазақпын. Халықтың арасында жүрген қазақпын. Сосын шығар, қазақ үйтпесе екен, бүйтпесе екен, мынадай ел болсақ екен деп тұрам. Менің әзілдерімнің мақсаты - халықты тәрбиелеу»,-деп түсіндіріп еді. Ал біздің айтпағымыз, «болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді». Әсте қазаққа тіл тигізбеңіз деп ұрыссақ та, сөз арасында өзгелер сияқты артықшылығымызды, басқа елдермен салыстырғанда тектілігіміздің де басымдығы барын тілге тиек ете кетуді ұмытпаса игі дейміз. 

Болмаса өзімізді мазақ етіп, өзіміз күле бергеніміз ерсі сияқты. Сондықтан сөзімізді кейіпкеріміз айтқандай, «Жұртты күлдірсек те, елге күлкі болмайық!»,-деп аяқтағанымыз жөн шығар...

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Мақсат
-31 Мақсат 19.01.2016 14:49
Өте жақсы көтерілген тақырып! Қабатов соңғы кезде тым шектен шығып жүрген сияқты. Өз ойым!
Жауап беру
Батыс
+3 Батыс 24.01.2016 22:23
Коиш осы а
Жауап беру
кабат жамандаган кz
-32 кабат жамандаган кz 23.01.2016 11:07
Сиздерге рахмет.осындай жугенсиз кеткен тентектерди сынга алган. оны тезге немесе жонге салу керек шыгар. айтпесем мына ант урган есирип барады
Жауап беру
Марал Жұмагелді
-2 Марал Жұмагелді 23.01.2016 20:17
Мәселе кімнің күліп, кімнің күлкіге қалғанында болып тұр ғой... Қабатовтың базар жоқ әлемі ме білмеймін, бірақ жас өнерпаздарды іріктеп сайыстыратын бір проектісін көріп едім. Іріктеп отырған үш адам бір жас жігіт шықты Алла өзі кешірсін ақыл - есінде сәл ауытқу барма ортаға шығып тауықтың рөлін сомдаймын деді. Бастады, ойнады. Қазылар опан - топан күлкі үстінде. Жігітке ойына келгеннін айтып ананы салшы, мынаны салшы болды. Тоқ етері мазақ етті. Бойында қазақтың қаны тулаған қазақ жігітті. Намыстанып кеттім. Бұл әлсіз жандардың әлсіздігін әзілге айналдыру болдыма білмедім. Айқым келгені таразыны тең ұстай біліп, өзін өсірген халық екенін естен шығармаса...
Жауап беру
Роллан
-16 Роллан 23.01.2016 20:38
Оте орынды айтылган сын «Жұртты күлдірсек те, елге күлкі болмайық!» осыны умытпайыкшы замандастар.
Жауап беру
Амина
+25 Амина 24.01.2016 11:57
Мулде келыспеймын. Кабатов азылдер керек халыкты, жастарды тарбиелеу, кемшылыгын корсету ушын. Енды мына орыс боп кеткен, оздер орысша солей алмаса да балдарын орысша тарбиелеп, тегынде, намысында жогалткан жастар , отбасылар туралы жаксы азыл кутем. Отырык мактаганан ел тутыны тузеу ел болмаймыз. Азыл жанры озы сондай емес па , кулдырып турып кемшылыкке корсету. Турсынбек тек аман болсын !!!!
Жауап беру
Амина
+23 Амина 24.01.2016 12:03
Мулде келыспеймын!!!! Бул сондай жанр емес па , кулдырып турып кемшылыкты корсету. Кабатов дурыс айтад быздын елде тузер кемшылыктер коп. Сонын быры мына орыс боп кеткен , оздер ауылдан келып орысша былмеседе баласына орысша уйретып, балдары оз ана тылын былмеймын, тусынбеймын деп туратын казактын кара домалак отбасылары жанында адеми намыстарын оятар азыл кутемиз.
Жауап беру
аноним
+20 аноним 24.01.2016 16:40
Казіргі кездегі Қазақтар қамын ойлайтын, әр әзілінің астында қазағымызға ой салатын, беткеұстар өнер йесі. Оның әзілдерінен шындықты көп көремін.Халыққа өтірік әнгіме айтып, ақша истеп, бос жүрген адам емес.
Жауап беру
Жандос
-12 Жандос 24.01.2016 17:26
оте орынды айтылган сын сын айтылмай мин тузелмейды агайындар козимизди бакрайтып койып казакты томен мазак кылып азилдеуин догарсын азилдитин баска нарсе калмап педи ози азилге алатын такырыпты азилдесин ар нарсенин озинин шекеарасы бар азилдин шекерасынан шыгып улт намысына тимесин одан кин тагы айтарым ана наша казаша деген азилдерде баргой солар казак тилин мазак кылып талай азил шыгарган олардыда оз орнына кой керек
Жауап беру
Нурлан
+18 Нурлан 24.01.2016 18:12
Тұрсынбектің айтқан әзілдері дүрыс болсын, бұрыс болсын,Қазақ халқының мәртебесін түсірмейді. Жалпы өмірден алынған кемшіліктерімізді әзілмен айтып,сол әзілге қанша күлсекте, қай - қайсымызды ойландырғаны хақ. Еріксіз осыны естігеннен кейін ойланасың соны түзеуге талпынасың. Маңдайымызга біткен шындықты айтқан адамның аяғынан тартуды қою керек. Мына қозғап отырған тақырыбың, "атың шықпаса- жер өрте" дегендей болып тұр. Әзілді әзіл деп бағалау қажет. Бұл сізге саясат емес! Егер керемет патриот болсаң, елімізде одан да маңызды жайттарды қозғағаның жөн болар еді. Тұрсынбекке айтарым, "ит үреді, керуен көшеді!" Алға!
Жауап беру
Сәбит
+17 Сәбит 24.01.2016 20:30
Сәлематсыздар,Мақпал Төребек,сіздің мына мақаланы жазуыңызды бір адамдар сұраған сияқты,сонда сіздің ойыңызша басқа театрлар қазақтарды тек қана мақтап,мадақтаумен болады да,тек Тұрсынбек қана қазақтарды жамандауда деген тұжырымыңызға бесіктегі бала ғана сенетін сияқты,маған дейін де,менен кейін де талай пікірлер айтылар,бірақ Тұрсынбекті жақтағандар көп болатын сияқты!!!!!
Жауап беру
Мырқымбай
+14 Мырқымбай 24.01.2016 21:13
Тұрсынбекте нелеріңіз бар еді... Құдай ақы өзімен өзі жүрген әзілкеш көңілді жігіт... Аи көре алмаисыздар ау... Оны жақтаитындар кӨӨп болады.. Көрде тұрыңыздар...
Жауап беру
Нурлан
+12 Нурлан 24.01.2016 21:36
Тұрсынбек айтса шындықты айтып жатыр, егер сол шындық ауыр тисе онда түзеңдер. Кемшілікті біреу айтпаса ешкім өзіндегі кемшілікті білмейді. Менімше бұл Тұрсынбекті көре алмағаннан жазылған мақала деп ойлаймын.
Жауап беру
Ырыс
+8 Ырыс 24.01.2016 22:08
Жарайсың, Тұрсынбек! Өнерін мен өткір ойың өте ұнайды!
Жауап беру
Qarakerei
+12 Qarakerei 24.01.2016 22:13
Мақпал айналайые басқа тақырып таппадың ба? Қазақты мазақ қылатын Тұрсынбек емес Парламент. Өздері сайланады, өздері тарайды. Мықты болсаң соларға тиісіп көрші. Тұрсынбек мазақ қылмайды, кейбір кем тұсиарымызды айтса айтар бірақ ол мазақ емес.
Жауап беру
Батыс
+6 Батыс 24.01.2016 22:21
кореалмаушылыктыы кою керек жонинде журген адамдыда жургизбисиндер оте уят жазгыш болсан халыктын мунын неге жазбаисын колынан кундегенен баска не келет турсынбектин тырнагынада татымаисынго иритки салуды кои калыктын арасына мынауын адамгершиликке жатпаиды бундаиды кою керек
Жауап беру
Айсул
+3 Айсул 24.01.2016 23:23
Турсынбекке сын айтып жаткан жандардын коби ерадамдар. Дал сол сын таккыш еркектер намыстарынызга тигеннен шыж быж болып жатырсыздарма?или сол Турсынбек айтып жаткан азилдин магынасын тусинбегеннен наразы болып жатырсыздарма?Азил алеми деген багдарламанын диттеген максаты халыкка азилмен жандарына ауыр тимейтин бирак сол айтылган азилдин астарын жаксылап ойланар болса казак-казак деп келеки мазактап жатыр деп сын такпай сол айтылган азилге зер салып тындап сол сынга карап бой туземные болады. Оз казагымызды мазактап жатыр деген жандар тагыда жаксылап сол азил алемди басынан аягына деиен корип тындап болып калган азил театрды тындаса дал осы сынга алган Турсынбекти курите тутар еди.
Жауап беру
Бекталы Күреңкей
+5 Бекталы Күреңкей 25.01.2016 10:51
Қазақты мазақ еткен Тұрсынбек емес! Қазақты мазақ еткендер ол - мәңгүрттер, қазаққа тән мәдениет пен менталитетті жоғалтқан азаматтар! Әсіресе билік басында отырған мәңгүрттер үшін қатты намыстанамын! Қазақты мазақ еткен ол - жасына жетпей жатып арынан айырлған жас қыздар, ауызына боқ жаққандай ауызына келгенді оттаған жас жігіттер! Қазақты мазақ қылған ол - жат елге келін болған қазақ қыздар! Қазақты мазақ қылып қорлаған өзіміз, өзіміздің болмысымыз!
Жауап беру
Актобелик
+5 Актобелик 25.01.2016 12:31
Толыктай келисемин. Казактартар кор болып журуи оздеринин бейшаралыгы. Ишим кайнайд. Турсынбек кайта жукалап айтады, айналанын бари озгерген, дурыстап али ешким ман бермейди, кулкынын коксегендер кобейип кеткен. Казактын жаксы жагын айту керек дейди, ал жаман жагын ким тузейди? Бари озимизден, бетимизбен кетип баратырмыз. Психологиямызды озгертпей али бейшара кун кешемиз алда.
Жауап беру
Балқаштық
+2 Балқаштық 26.01.2016 12:55
"Әсіресе билік басында отырған мәңгүрттер үшін қатты намыстанамын!" Толық қосыламын!!
Қақаған қыста қазақтарды үйінен қуып жатқандар - сот орындаушы қазақтар, полицейлер-қазақтар, тапсырма беріп қудырып жатқан қазақтар, енді "тупойсыңдар" дегенге несіне ренжисіңдер??!
Жауап беру
Наурызбай
+5 Наурызбай 25.01.2016 11:43
Тұрсынбек біздін ар-намысымыз болып табылады! Қазақтардың жаман іс-қимылдарын көрсетіп ортаға салады. Ұнамаса ондай әзіл - тұзеліндер! Тұрсынбекті әбден қолдаймын!
Жауап беру
Акмарал
+8 Акмарал 25.01.2016 12:37
Бұл мақаламен мүлдем келіспеймін. Тұрсынбектің әзілдері барлығы өмірден алынған шындық. Мықты босаңыздар өзге ұлттың қазақтарды келемеждейтін әзілкештерін неге сынға алып, ескерту жасамайсыздар? Халыққа ұнап, көрермен көзайымына айналған Тұрсынбекті қанша жерден айтсаңыздарда әзілдерінің орны мен астары бары анық. Бұл көре алмаушылық! Ұят емес пе осы жазғандарыңыз.
Жауап беру
XY
+4 XY 25.01.2016 14:14
«Мал түгілі адамның атын дұрыс айтпаймыз»,-деп бірқатар қазақтардың кемшілігін тізе келіп, «Жақсы нәрсе ойласақ жақсы нәрсе береді. Бір балаға сен ақылды баласың десе, ана бала ұялғанынан ақылды болып кетеді екен да. Ал біз тупой дейміз.



Өтiрiк пе?

Сын мен мiн көтере алмаған кiсi - ақыл-ойы толастамаған адам. Өз өзiне сенiмдiлiгi жетiспеген кiсi.
Жауап беру
Серік
+5 Серік 25.01.2016 14:59
Тұрсынбек жұмысын 200% атқарып жүрген Қазақ. 1 жылда 4-5 концерт береді, оны ұйымдастыру, сценарийін жазу өте үлкен жұмыс. Кей кезде болады әзілдері қайталанып жатады, бырақ ондай ханның қызында да болады. Шамаларың келсе бәсеке құрыңдар, осылайша көрсетіңдер өздеріңнің "жақсы" екендеріңді. Ал әзірше Тұрсынбектен асқан әзілкеш, пародист, театр басқарушысы ЖОҚ!!!
Жауап беру
Серик
-7 Серик 25.01.2016 17:01
Атырауға келгенде барғанбыз. Тұрсынбектен еш тәрбиелік мәні жоқ, ене мен келінді бір-біріне қарсы қою,қазақты кемітуден т.б басқа жақсы ештеме таппай құлазып қайттық. Ақыл есі өзінше ,Тұрсынбектің деңгейіндегілер жарылардай боп күліп жатты әрине,ал салауатты адамдар зорға отырып, не шығып кетіп жатты! Біздің қазақ ешкімнен кем емес,оны кей өңір адамдары біле бермеуі мүмкін ал шетелдіктермен егемендік алғаннан бері иық тиістіріп еңбек етіп келе жатырған Атыраулықтар өзіміздің бағамызды білеміз. Біздің бар әдет-ғұрпымыз тәрбиелі іске бағытталған,оны түсіне білу керек.
Ей,алдамшы дүние,Бұрылып маған қарашы! Еш халықтан кем емес, Мен ҚАЗАҚТЫҢ баласы,- деп Мағжан ағамыз текке айтпаған. Ақша қуған Тұрсынбек кім екеніңді ойла!
Жауап беру
Жансеит
+2 Жансеит 25.01.2016 17:24
Тұсынбектің өнерін қолдаушылар көбейгеніне ризамын! Себеі айтып жатқан жақтаулардың бәрі орынды. Мағжан Жұмабаев сынды ақын-жазушыларымыз өлең жолдарымен көзіне аша алмай кеткен еді. Енді Тұрсынбек өз әзілдерімен қазақ халқының көзі ашық көкірегі ояу еткісі келгені десем қателеспес едім.
Жауап беру
АТА
+2 АТА 28.01.2016 20:07
Тұрсынбек өте дарынды азамат. "Турасын айтқан, туғанына жақпайды "деген қазақта сөз бар.
Менің от басым Тұрсынбекті бағалайды, жақсы көреді. Осындай өнер иесін бағалау керек.
Жауап беру
АТЫРАУ
+1 АТЫРАУ 29.01.2016 22:52
Өзбектер де бір мақал бар дейді, халва-халва деп қанша қақсасаң да, ауызыңа тәтті дәм өздігінен келмейді деген. Қазақтың жақсы жақтарын мың рет айтсаң да кем жақтары түзелмейді. Өйткені сын түзелмей мін түзелмейді. Жағымпазданып бір адамды мақтай бергеннен тауып жатқанымыз шамалы емес пе? Әлде Шымкенттің театрлары сияқты Стеке-Гитеке, тағы сол сияқты текелерді әзіл етіп жүре беру керек пе бәрі де?
Жауап беру
ӘЖЕ
0 ӘЖЕ 01.02.2016 02:18
Тұрсынбекті жазып жүрген адам өзі қазақша біле ме екен? Сол Тұрсынбектің айтқанын өзі түсіне
ме екен? Не деп жазсаңдар ол деп жазыңдар, біз Тұрсынбекті бағалаймыз, жақсы көреміз, концерттерінен қалмай барамыз, телевизордан көрсетсе, тек Тұрсынбекті көреміз. Тұрсынбек өте дұрыс айтады.Мақпал миллион жерден жамандап жазсаңда, халық Тұрсынбекті жақсы көреді.
Жауап беру
Серик
-1 Серик 03.02.2016 18:31
Сіздің жанұяның деңгейі Тұрсынбекпен қарайлас болды ғой!
Жауап беру
Айпері
+1 Айпері 02.02.2016 22:21
Мақпал Төребек Тұрсынбектің "жеңілтек" әзілдерінің тәрбиелік мәнінің жоқ екенін сынай отырып, дұрыс мәселе қозғап отыр. Жалпы, кейінгі кезде телевизияның өзі шоу қуамыз деп сапалы дүние ұсынудан қалып бара ма деп қорқамыз. Тұрсынбек сияқтылар бүкіл эфир уақытын алып, әр жерден жылтыңдап, еркінсіп қаптап кетті.
Жауап беру
Айпері
+1 Айпері 02.02.2016 22:22
Әншейінде эфир уақытын секундтап санайтын телемедиа мамандары "арзан күлкіге" келгенде неге уақыттан қақпайтынын түсінбейміз. Таң атқанша ойыңа келгеніңді айта бер! Ешкім қой демейді. Шоу-бизнес дегенді желеу етіп, не болса соны эфирге тықпалай беретін болсақ, ертең МС Сайлаубек сияқтылар менің де бір тележобам бар деп экраннан шыға келмесіне кім кепіл? Негізінен эфирге шығып жатқандар санаулы адамдар (дұрысы, асабалар). Бір-бір жоба ашып алып, қаламақыларын шытырлатып санап алып, шырт түкіріп отыр. Оларға ұлттық құндылық дегенің көк тиын. Осы жеке басқа табыну телевизияға келді ме деп те қауіптенеміз. Жарнама сайын әр жүргізуші бой көрсетіп шыға беретін болды ғой. Ас дайындау хабарларында салат істесек те, ток-шоуда ақыл сұрасақ та, тек "жұлдыздарға" табынатын болдық қой.
Жауап беру
Серик
0 Серик 04.02.2016 15:47
Сізге қосылуға болады. Атырауда өзіңіз айтқан сансыз, еш құндылығы жоқ жоба иелерін " шымгеннің шыпылдақтары" деп атайды. Халық қалт айтпас,- деген бар!
Жауап беру
Айша
+1 Айша 02.02.2016 22:24
Ана Тұрсынбектің жанындағы Қанат не істеп жүр? Сахнада өзін ыңғайсыз сезінеді. Еркіндік жоқ. Тілі де жатық емес. Әзілі әлсіз. Бірақ шыққыш. Жан-жануардың дыбысын салатын Аманғалиды да түсінбейміз. Өзін өзі қайталап кетті. Жаңашылдық байқалмайды. Шыман кемпір боп ойнап жүрген жігіттің бір образды шиырлай беруден шаршайтын кезі болды ғой. Қарасаңдаршы ана Ресей әзілдеріне. Жаңа нәрсе ұсынатын кездерің болды ғой! Сосын, құдай үшін ән айтпай-ақ қойыңдаршы. "Ән шіркін жақсы еді, пұшық шіркін..." болып жатыр. Осындайда баяғы Тоқсын, Құдайберген, Уайыс, Мейірмандарды қатты аңсайсың... Олар тірі жүргенде мына әртіс-сымақтар баяғыда-ақ сахна мен экранды қойып, той жағалап кетер еді.
Жауап беру
Алеша
+1 Алеша 18.02.2016 14:19
Әй қазағым, көре алмаушылық қылығыңды қашан қоясың?
Тұрсынбектің айтатыны сатира жанрында, сатираның ең басты мақсаты сол. Кемшілектерді халыққа әзіл қылып жеткізу, оны түсінбеген адам осындай мақалалар жазады. Өкінішті ақ..
Жауап беру
салта
+1 салта 06.04.2016 14:27
Бәрін айттта бірін айт. Атың шықпаса жер өрте ғой мақалаңыз. Бір ауқымды көңілге қонымды бір проблеманы жазыңызшы. Егер Тұрсынбекті ешкім естігісі келмесе ол өзінен-өзі қалады. Ал халық қалайдыма әліде өмір сүре береді.
Жауап беру
Талғат
0 Талғат 13.08.2016 17:25
Тұрсынбек пен оның театрындағылардың әзілдерінің көркемдік деңгейі мен тәрбиелік дәрежесі онша жоғары емес, талғамы төмендерге жарап жатыр, кейбір әзілдерін ерігіп отырғанда тыңдауға болады....Дегенмен мен осылардың сөйлеу мәнеріне таң қаламын, сахна тілі, әдеби тіл нормалары дегенді бұлар мүлдемге ұқпайды. Келатырқ, баратарқ, ояқ-бұяқ деп ұра береді, сақау тілмен өсіп келе жатқан ұрпақтың тілін, көрермендердің тілін бұзуға ат салысып жүр, кітап оқымаған адамдар тәрізді осылар...Тілдерін жөндеп алғаннан кейін бірақ шыққандары дұрыс ел алдына Тұрсынбек сияқтылардың...
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Жаңа әкімге қуанғандар қуанғандарына өкініп жүрмей ме?

Өткенде Оңтүстіктің жаңа әкімі тағайындалғанда ОҚО мәслихатының кейбір депутаттары шәпкісін аспанға атып, «өзіміздің жерлес келді» десе, тағы біреулері «жасасын Түймебаев!» деп айқайлаған көрінеді. Мұ...

Korrespondent.kz Саясат

Мектептер мұғалімсіз қалуы мүмкін

Қазақстанда дүниеге келген балалардың әрбір бесіншісі – Оңтүстіктің тумасы. Бүгінгі таңда аталмыш облыста 585 мыңнан астам оқушы бар болса, оларға 63 мыңнан астам педагог сабақ береді. Бірақ жыл сайын...

Мақпал ТӨРЕБЕК Қоғам

«51 кәсіпорын 51 «Чайна-таунға» айналып кетпесін»

Қыркүйектің басында Қытайда өткен G20 саммиті кезінде «Синьхуа» агенттігі мен басқа да ақпарат құралдарына сұхбат берген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдан Қазақстанға 51 кәсіпорын көші...

Жан КЕНЖЕ Қоғам

Әкімнен кешірім сұрай барыпты-мыс

Әкімдік жағалап жүретін ұзынқұлақтардың айтуынша, Шардараның әкімінің басына бөтелке тиіп, жұлдыз санап жатқан кезде қолын айқастыра көкірегіне қойып, күліп қарап тұрған бір үлкен кісі ОҚО-ға жаңа әкі...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter