Он үш жасар ана... кімге пана?
Соңғы алты айдың жүзінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы балалар үйіне тастанды балалар келіп түспеген екен. Әрине, іштей шүкірлік ететін жайт. Бірақ бұл біз өмір сүріп отырған қоғамдағы дерттен іргемізді аулақ салдық, басы бүтін айықтық деген сөз емес. Есесіне Шымкентте жаңадан ашылған «Аналар үйінің» есігін қағып, барар жері, басар тауы қалмаған ана мен баланың саны артқан.