Қытайдан отанына оралған 217 қазақстандықтардың жағдайы туралы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин айтып берді, деп хабарлайды Today.kz.

“Барлығы өздерін жақсы сезінуде. Ешқандай шағымдар түскен жоқ. Медициналық ұйымдарға 217 адам орналастырылды. Олар жан-жақты тексерілуде. Содан кейін олардан коронавирустық инфекцияны тексеру үшін зертханалық талдау өткізіледі. Біз оларды үш күнде тексеруді жоспарлап отырмыз. Егер үш күн ішінде олардың шағымдары болмаса, сараптама нәтижелері теріс болған жағдайда олар ауруханадан шығарылады”, – деді Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

Ол бұл процедураның карантинге жатпайтынын, тек тексеру жүргізу үшін қажеттігін түсіндірді.

“Елге келгендердің арасында студенттер, бір жасқа дейінгі бес нәресте, 14 жасқа дейінгі тоғыз бала бар. Оның ішінде барлығы 22 адам – 18 жасқа дейінгі балалар”, – деді Бекшин.

Оның айтуынша, келгендердің қатарында 22 сәби бар.

ЧИТАТЬ ЕЩЁ •••