Алматы облысында жоғалып кеткен екі құрбы оқушы қыздар Алматыдан табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полицейлер қыздарды өткен түні тауып, оларды ата-аналарымен қауыштырған. 

“Іздеу шараларының барысында жоғалып кеткен жеткіншектер Алматыдағы жалдамалы үйлердің бірінен табылған. Екеуі де дін-аман. Олар ата-аналарына тапсырылды. Қыздар такси арқылы Алматыға кетіп қалған. Олардың неліктен үйлерінен кетіп қалғандығы анықталуда. Бұған қоса жоғалып кеткен балаларды іздестіруге көмектескен барлық адамдарға алғысымызды айтамыз”, – деп мәлімдеді Алматы облыстық ПД-нің баспасөз-қызметі. 

ЧИТАТЬ ЕЩЁ •••