Ұшақта «ұшып» жүретін ұшқыш
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Ұшақта «ұшып» жүретін ұшқыш

tengrinews.kz
tengrinews.kz
  • Бекжігіт МӘУЛЕНОВ

Алматы әуежайында «Эйр Астана» компаниясының ұшқышы Роман Быков есірткі затымен ұсталды. Бұл ақпаратты әуе компаниясының баспасөз қызметі де растады. 

«Әуе компаниясының қызмет-керлері алкоголь немесе есірткі заттарын мүлде пайдаланбайды» деген «Эйр Астана» өкілдері компания өз қызметкерлерінің қанындағы алкоголь немесе есірткіні анықтау үшін үнемі тексеру жүргізіп тұратынын айтқан. Ал, Роман Быков есірткімен ұсталған бойда жұмыстан қуылған екен. 

Өз кезегінде Роман Быков болған оқиғаға түсінік бере отырып, қылығына өкінетінін мәлімдеді. Алайда, бұрынғы пилоттың өкініші заңсыз әрекетіне қатысты емес, өзінің «туған» компаниясының абыройына көлеңке келтіргені үшін ғана екен. 

«Менің өкінетінім бір-ақ нәрсе – өзімнің жан компаниямның, менің өмірім мен қызмет етуіме кереметтей жағдай жасаған компанияның абыройына нұқсан келуі. Осы ғана мені өкінтеді», – деді Р. Быков. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter