11 жасар қаһарман
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

11 жасар қаһарман

11 жасар қаһарман
  • Бекжігіт МӘУЛЕНОВ

Үш баланы өрттен құтқарып қалған 5-сынып оқушысы, алматылық Данияр Сатыбалды «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. 11 жастағы қаһарманды марапаттау салтанаты Даниярдың өзі оқитын Алатау ауданының Ұлжан-1 ықшам ауданында орналасқан №152-ші мектеп-гимназиясында өтті.

Осыдан үш ай бұрын үйінен өрт шыққан кезде Данияр Сатыбалды 9 және 7 жасар қос қарындасы мен 3 жастағы бауырын өрттен алып шыққан. Сол сәтте үйде ересектерден ешкім болмаса да жеткіншек абдырап қалмапты. Бөлмелер түтінге тола бастағанда Данияр терезенің әйнегін сындырып, бауырларын осы терезе ойығы арқылы сыртқа алып шығып, тілсіз жаудан құтқарды. Ең соңынан өзі шығып жатқан сәтте сол жақ жамбасын жарақаттап алған. 

Адам өмірін құтқаруда ерлік және жанқиярлық танытқан Сатыбалды Данияр Айдынұлын «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапаттау туралы бұйрыққа ҚР Ішкі істер министрі Қ. Қасымов 2016 жылғы 8 қаңтарда қол қойған болатын.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter