Браво Бұхарбаев! немесе 5 жасар балаға билет сату
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Браво Бұхарбаев! немесе 5 жасар балаға билет сату

Адамның күн көрісі қиын боп тұрған
заманда Шымкент зообағының басшылығы мекеменің табысын ұлғайтып, хайуандарды асыраудың тамаша тәсілін тауыпты. Қандай
дейсіз ғой? Ол – ешқандай жаңалық ашпай-ақ, көне тәсілмен мектеп, балабақша сияқты «көнбіс» мекемелерге құны 200 теңгелік акция билеттерін ақылы тарату.

Әңгіме былай. Зообақ басшысы әрі қалалық Мәслихаттың депутаты Нұрғазы Бұхарбаев қаладағы білім беру мекемелерінен көмек сұрап хат жазады. Үшбу хатта зообақ билеттерін білім беру мекемелеріне таратылуына ықпал ету сөз етілсе керек. Бұл туралы Шымкент қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Ғабит Нысанов бізге берген сұхбатында айтып қалды.

«Жазған құлда жан бар ма» дегендей-ақ, қалалық мәслихат депутаты сұранып отырса, жоқ деуге дәттері шыдасын ба? Сөйтіп, шаһардың білім беру бөлімінің басшылығы елу мың билетті оқу ошақтарына таратып беруді мойнына алыпты. Оның 40 мыңы мектептерге, қалған 10 мыңы балабақшаларға үлестірілген. Қызық та осы жерден басталады. Жоғары жақтан жіберілген билеттерді балабақша меңгерушілері мекемесіндегі барлық топқа таратуды тапсырады. Перзентінің демалыс күнгі уақытын да тәрбие мекемесі кесіп-пішіп қойғанын ата-ана баласы қолына билет ұстап, үйге келгесін бір-ақ біледі. «Жарайды, барса барсын екі жүз теңге қайда кетпейді», -деп, демалыс күндері ата-ана баласын зообаққа ертіп барған ғой. Шымкенттегі зообаққа бес жасқа дейінгі балаларға кіру тегін екенін ересектердің көбісі сол жерге барғасын біліпті. Мұны бір деңіз. Енді, келгесін жануарларды бүлдіршіннің бір өзі тамашаламайды ғой. Алып келген ата-ана қасында жүреді. Мәжбүр болған соң олар да билет сатып алады. Міне, жоғарыда айтқан айла дегеніміз, бір оқпен екі қоян атып алу дегеніңіз осы.

Айтпақшы, мектептерде ақша жинаумен күрес науқанының басында дәл осы депутатты да байқаған едік кезінде. Әрине, берілген билеттердің балабақшадағы бүлдіршін топтарға таратылып берілгенінен Бұхарбаев бейхабар болар. Бірақ, бастысы нәтиже! Тегін кіруі тиіс 5 жасқа толмаған балалар билет сатып алды. Ал, оларды ерте барған ересектер де зообақ қазынасына кіріс кіргізді. Қалалық мәслихаттың экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі өзі басқарып отырған мекеменің де энономикасын дамытуды осылай қолға алған сыңайлы.
Бұл қалай деп барғанымызда «Бұл біздің қателігіміз»,- деп қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Ғабит Нысанов бірден мойындады. Зообақтың арнайы хатпен шыққанын айтып, көмек қолын созғандарын растап отыр. Яғни, билеттерді мектеп пен балабақша басшыларына таратып берген. Ал, олар басшы айтқан соң бас салып кіріседі. Осылайша билет балабақшаның төменгі топтарына да таратылыпты. Тиісінше Зообақтың кассасына біраз қаражат түсті.

Қаржы дегеннен еске түсіп отыр, биыл Шымкент қалалық білім бөлімі 22,5 миллионға жуық теңгеге кілем сатып алуға тендер жариялапты. Бұл сомаға жүннен тоқылған, бағасы 90 мың теңгеден көлемі 4м х 7м-ден 114 дана және 50 мың теңгеден пішіні 3м х 5м-ден кіші емес 115 дана кілем мен 2237 метр кілем жолақтар сатып алмақшы екен. Алғашқы тендер отандық өндірісші қатыспағандықтан өткізілмеген. Артынша, мемлекеттік сатып алу баға ұсыныстарын қабылдау арқылы ұйымдастырылды. Сонша кілемді білім бөлімі қайда төсейді екен?

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter