Жезөкшелермен қай ел қалай күреседі?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Жезөкшелермен қай ел қалай күреседі?

Жезөкшелермен қай ел қалай күреседі?
  • Аман ЖАЙЫМБЕТОВ

Қоғамның діңіне түскен жебір құрттардың бірі – жемқорлық пен парақорлық десек, тәнін сатып, теңге тауып жүргендердің қылмысы да бұл екеуінен кем түспейді. Ардан азған елде қайбір береке болсын, тастанды бала, қараусыз қалған отбасы, ауруға шалдыққан адамдар... Арам жолмен ақша табуды асыл дініміз де құптамайды. Бірақ, соған қарамастан көне кәсіпті күнкөріс көзіне айналдырып алғандар қатары азаяр емес. Бұл тек біздің елімізде ғана емес, сонымен бірге басқа мемлекеттерде де үлкен мәселеге айналып отыр. Қоғамның діңіне түскен қасіретпен қай ел қалай күресіп жүр? Жезөкшелікті жойып жібергендер бар ма?

Әрине, «әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» дегендей, жұмыр жердің бетінде тіршілік етіп жүргендер арасында көне кәсіпке қарсы күрес ашқандар да, тіпті азғындыққа барғандарды аяусыз жазалайтындар да, есесіне бұл «пендешілікке» түсіністікпен қарағысы келетіндер де бар. Солардың кесірінен жезөкшелікті заңдастыруға әрекет жасап жүргендер де жоқ емес. Таяуда «Amnesty International» құқық қорғау ұйымының 70 елден келген 400 делегаты Дублинде бас қосып, осы тақырыпты талқылады. Бірақ олардың қитұрқы әрекеті бұл жолы да қоғамның қарсылығына ұшырады. Оларға салсаң, ересек адамдар қандай да бір мәжбүрлеусіз жасайтын ақылы сексуалдық қарым-қатынастың кез келген аспектілерін қылмыссыздандыру бағытында науқан жүргізбек болған. Ал, біздің елімізде жезөкшелерге қатысты мәселе «әзірге» заңдастырылмаған. Өйткені, мұндай харам әрекет дінімізге мүлдем қайшы. Кейбір Еуропа елдерінде арнайы жезөкшелер үйі жұмыс жасайды. Осыған сай, заңдастырылған мекеме үкіметке салық төлейді, сондай-ақ медицина және заң саласының өкілдері сол жерді құзырына алып, биік талап деңгейінде жұмыс істейді. Соңғы кезде кино, көркем әдебиет, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жезөкшені барынша жағымды кейіпкер етіп көрсету фактілері кездесуде. Протестант діні кең таралған Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкадан бөлек, тіпті Азия халықтары да іштей азғындықпен бүліне бастады. Мысалы, бұған дәлел ретінде Тайваньды алып қарап көрелік. Бұл елде жезөкшелікпен тек биліктен лицензия алған қыздар ғана айналыса алады. Алайда, бұл аралда 80 мыңға жуық қыздар жол бойындағы жаңғақ сатушылар кейпіне еніп, «ұялшақ жезөкшелікпен» заңсыз айналысуда. Сондай-ақ Тайваньдағы «ұялшақ жезөкшеліктің» дамуына сол елде орын алған протестанттық әдептің де кесірі тисе керек. Себебі, нашақорлық белең алып, «көгілдірлердің» көбеюі, бір жынысты адамдардың некелесуі секілді жағдайлардың нәтижесі жезөкшеліктің де дамуына ықпал етеді. Қазіргі таңда Тайваньда жезөкшелікпен айналысқандарға айыппұл салынады немесе үш күнге қамауға алынады. Бірақ, бұл шаралар да қоғамның «моральдық келбетін» түзету үшін әлсіз болып тұр.

Ал Голландия билігі жезөкшелерге салық салуды көздеп отырса, Италия «арам жолмен келген» ақшаны спортты жетілдіру үшін жұмсайды екен. Біздің еліміздегі жеңіл жүрістілерді жоюға «кім қалай өмір сүремін десе, өз еркі бар» деген сарындағы заң жұмсақтық етіп отырған сияқты. Дегенмен, жезөкшелерді жаппай тайраңдатып қою керек деген түсінік болмауы керек. Жезөкшелікке «жеңгетайлық» жасағандардың жазаға тартылып жатқаны белгілі. Тіпті, жеңіл жолмен ақша тапқысы келетіндерге пәтерін жалға беріп, жағдай жасағандар да жауапсыз қалмайды. Қанша жерден күрес күшейтілгенімен, әлі де беттің арын белге түйіп, көше кезіп жүрген қаракөздеріміз бар. Мұндайда дана халық «әркімнің өз санасына берсін» дегеннен артық не айта алады.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter