Кондуктор жолаушыны пышақтады
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Кондуктор жолаушыны пышақтады

  • Бекжігіт МӘУЛЕНОВ

«Facebook» қолданушысы Shinar Alban өз парақшасында оқиғаның суреттерін жария етті. Оның жазуынша, оқиға 22 маусымда, кешқұрым № 303 автобуста болған.

«Қазіргі сəттегі жан түр-шіктірерлік оқиғаны түсіріп, жазбасқа болмады. «Арзан» сауда орнының алдындағы сəтке куә болдым. 303 автобустың кондукторы жолаушыны «ақшам жоқ» деген сөзіне бола пышақтап тастады. Онымен қоймай, 6 бала жабылып, тепкінің астына алды. Қасиетті рамазан айында бұндай нəрселерді көрем деп ойламаппын. Адамдар 80 теңге үшін бір-бірін қырып тастайтындай не болған? Не сұмдық? Қазақшылымыз, бауырмал-дығымыз қайда кеткен?! Алла, өзің жара бола гөр!», - деп жазды қолданушы.

ІІД өкілдері оқиғаны растап отыр. «Екі жолаушы мен кондуктордың арасында жанжал шыққан. Нәтижесінде кондуктор жолаушылардың бірінің аяғына пышақ жарақатын салған. Жәбірленушіге жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнында ем көрсетті, ол ауруханаға бармады. Бұл дерек «Денсаулыққа қасақана орта деңгейде зиян келтiру» бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай реестрде тіркелді. Іс «Бұзақылық» бабына ауыстырылуы да мүмкін. Екі тараптан да қазіргі уақытта жауап алынып жатыр. Қазіргі уақытта кондукторға сотқа дейінгі тергеу кезеңіне бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралып жатыр», - деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

№303 бағытындағы автобус-тың иесі «Қаскелең автобус паркі» ЖШС өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдірмеді.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter