Талмау тұс
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Талмау тұс

Әкімқаралар зәулім сарайларын қандай ақшаға салды екен?

Қазір адамдардың қарыны тоқ. Жұмыс жасауға ниетті жанның екі қолға бір күрек табатыны да талассыз. Көлік мінемін десең де қиын емес. Баспаналы болудың да түрлі жолдары қарастырылып жатыр. Қысқасы, кім қандай шаруамен шұғылданамын десе, өз еркі. Тек заң аясынан аттап кетпесің болғаны. Шындығы солай ғой, әркім өз еркімен өмір сүріп жатқан жағдай. Бірақ, бейнелеп айтсақ «ит басына іркіт төгілген», одан әрі әсірелей түссек – «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманда адамдар неге алаңкөңіл күй кешіп жүр? Екі адамның басы қосылып қалса елдің тыныштығын тілейді. Жақсы сөз – жарым ырыс екені рас, дегенмен шамадан тыс тыныштық тілеудің астарында осы бірдеңе болып қалмаса екен дейтін алаңдаушылық жатқан жоқ па? 

Жер кімдердің қолында?

Қазақта жер дауы мен жесір дауы әлімсақтан бар. «Малым жанымның, жаным – арымның садағасы» деген намысқой халық ешқашан да елді ырыс-несібесінен айырған емес. Жерді ата-бабадан қалған аманат деп білетін бүгінгі ұрпақ аманатқа қиянат жүрмейтінін де жақсы біледі. Сол себепті шығар, «жер шетелдіктерге жалға берілетін болды» деген хабар шыққалы бері елден маза кетті. Анау-мынауға қозғала қоймайтын кеңпейіл елдің көңілі бекер алаңдамаса керек. 

Қазақстанға тағы бір «ауыл жылы» керек

Ауыл десе селт етпейтін қазақ жоқ. Ата-тегі ауылдан бастау алатын кез келген адамның жүрек түкпірінде ауылға деген сағыныш бар. Қаланың қарбалас тірлігі қажытқанда біруақ ауылға барғың келеді. Бірақ өкінішке орай алтын бесік атанған, талай марқасқалардың қанатын қомдатқан ауылдардың ыңыршағы айналып, ескі бөздей болып ыдырап барады. Малы барлар ғана әупірімдеп жан бақса, өзгесі тұрымтай тұсына кетіп, өскен ортасын күнкөрістің қамы үшін тастап кетуге мәжбүр.

Асылжан шешкен «қамыт» Асқарға бұйырды

Мұнай сарқылғанша алдағы 40-50 жыл алаңсыз өмір кешеміз деген сенімге селкеу түсті. Мұнай бағасы төмендеген сайын бұл ойымыздан айни бастадық. Енді ауыл шаруашылығын дамыту туралы әңгіме жоғары инстанцияларда көтеріле бастады. Әсіресе, кешегі жер дауынан бері.

Министрге мініп алып...

Күлеміз-ау, мына ҰБТ дегеніңіз келген-кеткен министрлердің көкпарына айналды. Алты атасының құны бардай бірі былай сүйрейді, бірі олай сүйрейді. Мақұл, өздерінше жаңалық ашса аша берсін, ау, екі ортада оқушыны отқа тастайтынын солар сезе ме екен, сезбей ме екен? Жасыратын түгі жоқ, бірыңғай дегендер басымызға бәле болып жабысты. Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесі, бірыңғай тестілеу, тағы не? Бұйыртса, бір жағына шығып, бірыңғайланып қалатын шығармыз.

Береген қолым – алаған

Берер параң болмаса, белгілі ғой болашақта шаруаң да болмасы, иә? «Бүгінгі сауатсызға қарап тұрсаң, қалтасы бар, миының грамы жоқ. Бүгінгі білімдіге қарап тұрсаң, сауаты бар қолында грант жоқ» деп мына бір өлең тармақтарын құбылтуға болардай... Құбылтпай көріңіз, жыл сайын бітірген түлектердің тізімінің арасында аты мен тегін төрт қайтара оқып шығатындары болады. Қолдан келер қайран болмаса да, олардың 120-дан жоғары ұпай жинауы үшін қай бағы мен бабы шапқанына күмәнданып жатқандары сосын.... Бүгінде мұндай жәйттарға таң қалудың өзі күлкілі емес пе? Ұрпақтың білімсіздігіне ҰБТ кінәлі ме? Сатулы білімде сапа бола ма? 

Мақтаралдық шаруалар шырылдап жүр

Жер еккен диқан үшін ағын су – ең негізгі мәселе. Сол үшін де бар тұрмысы еккен егін, баққан малымен өлшенетін қарапайым шаруалар қалайда тіршілік көзімен қамтамасыз етілуі керек. «Елде болса ерінге тиеді» дегенді ескерсек, жер емген диқанның да, мал баққан шаруаның да өз кәсібін оңтайлы жүргізуі үшін барлық адамның мүдделі болмағы ләзім. Әрине, елдің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында мемлекет тарапынан көптеген жеңілдіктер жасалып жатыр. Тіпті, шаруалардың шаш-етектен болатын шығынын азайту үшін еккен егініне қарай мемлекет субсидия береді. Мемлекет диқандар мен шаруалар қиналып қалмас үшін міне осындай мүмкіндіктер жасап қойса да, ел арасында әділдік іздеп, араша сұрап жүрген шаруалар да жоқ емес. Біздің бүгінгі әңгімеміз өз жерлерінің ертеңгі жағдайы үшін шырылдап жүрген шаруалар жайында болмақ. 

Парақорлық, «көкесі» жоқтық қажытар кәсіп иесін...

Соңғы бірнеше жылда шағын және орта бизнестің жетістіктері туралы мыңдаған мақалалар жазылған болар. «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020», «Индустриялық карта» сияқты арнайы бағдарламалар да жеткілікті. Тек сол бағдарлама шынымен бизнеске ебі бар, несиеге мұқтаж, іскер адамға жетіп жатыр ма? 

Кәсіпкер қылмыскерге айналып кете жаздады

Полиция – қорғаның! Ішкі істер саласының қызметкерлерін қоғамдық пікір осылай қабылдайды. Әлдекімнен зәбір көріп, әлімжеттік бола қалса қарапайым халық полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінетіні де рас. Бірақ, кейде қорғаным деп қабылдаған қызметкерлердің арасынан «қорлаушың» шығып жатса адам баласы үшін одан өткен өкініш жоқ. Әрине, пенде болған соң өз әріптестерінің атына кір келтіретіндер барлық салада кездеседі. Бір-екі жұмысшының кемшілігіне бола барша салаға біржақты баға беруге де болмас, дегенмен кейінгі кезде осындай кейіс тудыратын мәселелер неге көбейіп кетті деген сауал кез-келген адамды ойландыратыны тағы бар. 

Депутат па, «жепутат» па?

Сәуірдің басында төменгі палатаға сайланған депутаттар жайында шу шығып, әлі қызметтік пәтерге қол жеткізбеген мәжілісмендердің қонақүйде түнеуіне кететін шығын көпшіліктің жағасын ұстатқан еді. Бірақ, артынша «Пекин Палас» қонақүйінде бір күн түнеу 120 мың теңге емес, 29 мың теңге екен деген ақпарат тарады. Халық басылғандай болды. Көп ұзамай депутаттар қызметтік пәтерлеріне жайғасты. Жағдай кішкене тынышталғандай болып еді, кейінірек астаналық кәсіпкер депутаттардың қызметтік баспанасына деп тіккен пердесінің ақысын ала алмай жүргені туралы сөз қозғалды. Тігіншінің 25 млн теңгенің соңынан жүргеніне екі жыл уақыт өткен. Алайда бұл мәселеге қатысты мәжіліс тарапы ресми мәлімет бере қойған жоқ. 

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter