«Қара тізім» түземіз деп әкімнің беделін түсіріп алды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сейсенбi, 19 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

«Қара тізім» түземіз деп әкімнің беделін түсіріп алды

Басшы болу, әкім болу оңай емес. Әсіресе қасыңдағы көмекшілерің, қол астыңдағы қызметкерлерің аяқтан шалатындай әрекет етіп жүрсе, кеше ғана өзің отырғызған сол пенделерге зығырданың қайнайды. Қайта дұшпан көріп жүргендерің дос, қасыңдағы сенімді адамдарың сенімсіз болып шығады. 

Күні кеше Шымкент қаласының әкімі журналистерді жиып, брифинг өткізген-ді. Әкім қайдан білсін, келетін тілшілердің «қара тізімі» жасалып қойыпты. Оның ішінде біздің де тілшіміз бар. Баспасөз қызметі есік алдында кесе көлденең тұрып алып, біз сізді кіргізбеймізге басқан. Тілшілерді алалап шақырып, шақырусыз келгендерді кіргізбейтіндей әкімге той жасап беріп жатыр ма деп, біраз тілші күңкілдепті. Енді бірі әлеуметтік желі арқылы «іріктеп шақыратындай әкеңнің асын беріп жатырсыңдар ма» деп ренішін айтқан. 

Расымен де, мұны қалай түсінеміз? Қала әкімі жасырып, жабатындай ештеңе істеген жоқ. Бар күш-жігерін қаланың өсіп-өркендеуіне арнап жүрген аяулы азамат. Мұны екі шымкенттіктің бірі біледі. Және осындай жігіттің әкім болғанына қуанады. Тілшілер қауымы болса жақсысын асырып жазып та, айтып та жүр. Егер Ғабидолла Әбдірахымов халық естімеуі тиіс мәлімет айтатын болса басқа тілшілерді кіргізбес еді ғой. Демек, әкім «қара тізімнен» хабарсыз болғаны. Алайда, баспасөз қызметі «қара тізім» жасаймыз деп, бұл әрекеті арқылы жекелеген тілшілерді жақтырмайтынын, мүмкін жеке бас араздықтары бар екендігін аңғартқандай болды. Әйтпесе әкім мырза ана тілшіні, мына тілшіні кіргізбе деп айтуы мүмкін емес. Қалай болғанда да қандай шаруа атқарса да, не тірлікті бастаса да, халықпен ақылдасып істейтін қала әкімінің беделіне баспасөз қызметі оңдырмай нұқсан келтіретін әрекетке барғаны анық байқалды. Мемлекеттік қызметті жеке принциптермен араластыру қай қызметкерге болса да абырой әпермесі анық. Бір шетінен журналистерді ашық брифингке кіргізбей қою дегеніңіз демократиялық принциптерді аяққа таптау, еліміздің БАҚ туралы заңын өрескел бұзу емес пе? 

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің «қара тізім» түзіп, есік алдында қарауыл болып тұруына облыстық әкімдіктегі әріптестері, облыс әкімінің ақылшысымақтарының бірі шалажансар ақыл айтқанына сеніміміз кәміл. Және ол «идеологсымақтың» кім екенін де ішіміз сезеді. Ондай әртістің бетпердесі көп ұзамай сыпырылары хақ. Ол бетпердені сыпырып, кімнің кім екенін көрсетуге шамамыз да, біліміміз де жетеді.

Әкім мырза, сізге айтарымыз, қала әкімдігінің баспасөз қызметі «қара тізім» жасап, есіктің алдында қарауыл болып тұрғанша өз жұмысымен, қала әкімдігінің, сіздің жұмыстарыңызды жарнамалаумен айналысып, журналистерге тең қарауды үйренсе екен. Брифингке кіре алмай кеткен тілшілер бұдан кейін де кіре алмаса, сізді бірдеңе жасырып жүр немесе тілшілерді, БАҚ өкілдерін алалайды деген ойға кетіп, сізге деген сенімдеріне селкеу түсуі ғажап емес. Бір сөзбен айтқанда, баспасөз қызметі «қара тізім» түземіз деп сіздің беделіңізді түсірді.

Бұл бір айтуға да тұрмайтын, атап өтуге де ұятты мәселе еді, сонда да оқырманды құлағдар етсек дедік. Қоғамның айнасы болып отырған тілшілер қауымының бұл өкінішін, ренішін естімегендер болса естісін, білмегендер болса білсін.

«Корреспондент» газетінің ұжымы

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тұяқбаевты Түркістанға жіберу керек еді

Соңғы кездері ОҚО әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев жиі сырқаттанып қалып жүрген көрінеді. Себебі де жоқ емес. Екі оттың ортасында (бұрынғы мен қазіргі командада) жұмыс істеу төзімің темірдей болса да та...

Korrespondent.kz Монша ішіндегі әңгіме

Кім кіммен бажа?

Бажа – қазақта туысқандықты білдіретін ұғым. Яғни, апалы-сіңлілі қыздарды алғандардың күйеулері бір-біріне бажа болып келеді. Олардың бір-біріне деген құрметі ерекше. «Екі аяқтыда бажа тату» деген осы...

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ Қоғам

Атың шықпаса, өзіңе «қара пиар» жаса

Бүгінде қарапайым халық атақты адамдар туралы ақпарға келгенде кім көрінген түгілі журналистерге, тіпті оқиға кейіпкерінің өзіне де сене салмайды. Өйткені бұл «папарации», «қара пиар» дегенді бірлесіп...

Мақпал ТӨРЕБЕК Мәдениет

Әкім тоқал алды

Ордабасы ауданына қарасты бір ауылдың 60-қа келген әкімі жақында тоқал алған ғой. Өзінен шамамен отыз жас кіші келіншекпен жұп жарастырған әкім мұнысы үшін қымсынбайтын көрінеді. ...

Korrespondent.kz Монша ішіндегі әңгіме

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter