900-ден аса отбасы ОҚО-дан Солтүстік Қазақстанға қоныс аударуға дайын
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

900-ден аса отбасы ОҚО-дан Солтүстік Қазақстанға қоныс аударуға дайын

900-ден аса отбасы ОҚО-дан Солтүстік Қазақстанға қоныс аударуға дайын

Еңбек күші тым көп оңтүстік өңірдің тұрғындары еліміздің солтүстік аймақтарына қоныс аудару бағдарламасына қызығушылық танытып отыр. Мұндай мәлімдемені Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелеріне қатысты өткен кеңес барысында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның "Ақселеу" ЖШС директоры Серік Малаев жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек күші жетіспейтін аудандарында Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының әкімдіктерінің және кәсіпорындарының өкілдерімен кездесулер өткізілуде. Соңғы рет мұндай кездесуге оңтүстік Қазақстанның еңбек күші мол аудандарынан үш мыңнан астам тұрғын қатысты. Халықтың қоныс аударуға деген қызығушылығы зор", - деп атап өтті ол.

Малаевтың айтуынша, 900 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілген жағдайда солтүстік өңірге қоныс аударуға тілек білдірген. Бұған дейін 79 отбасы СҚО-ға қоныс аударып, тұрғын үймен және жұмыспен қамтылған. 

Өз кезегінде ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов азаматтардың еңбек күші жетіспейтін аймақтарға қоныс аударуы - еліміз үшін маңызды үрдіс екенін атап өтті.

"Осыған байланысты бағдарламаның жүзеге асырылуы жалғасады. Аталған мәселе бойынша Үкіметтің жеке отырысы өтеді", - деп қорытындылады премьер-министр.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter