Қазақы атау емге жоқ
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Қазақы атау емге жоқ

Қазақы атау емге жоқ

Халықтың ұлықтауына қатысты туындаған өте нәзік, шетін мәселені шешуге келгенде Мархабат Байғұттайын азамат Шымкент қаласындағы жаңадан ашылған ауданға «Қаратау» деген қастерлі атауды белгілеп бергенде, кәдімгідей-ақ қуанғанбыз. Қуануымыздың себебі, игілігі ұшан-теңіз осы бір игі бастаманың шарапаты тиіп, аталмыш аудан шеңберіндегі біздер тұрғыны болып табылатын «Қайнарбұлақ» саяжайындағы көше атаулары да өзгерер деген үміт оты тұтанып еді...

Дегенмен, қашпаған сиырдың уызынан дәметкендей текке емексіген екенбіз. Мінеки, екі жылдың жүзінен де ауып барады, оң өзгерістің ешбір нышаны да байқалар емес. Біздер тұрып жатқан елдімекен саяжай аталғанымен, аумағы ат шаршатарлық-ақ. Осындай көлемдегі сыртқы сықпыт-сипаты Ресейдің ескерусіз қалған селосын елестетер тұрғын жайымыздағы көшелердің аттары да кіл орысша. Мәселен, орталық көше Мичурин атында болса, одан төменгілері «Садовая», «Фруктовая», «Ореховая», «Вишневая» болып жалғасып кете барады. Кеңестік кезеңнің келеңсіз көрінісін күн сайын көз алдымызға тосып тұрар осы бір керенаулықтан арылар мезгіл әлдеқашан-ақ жетті емес пе?! Осы бір өзегімізді өртеген өміршең мәселеге ұлттық құндылық тұрғысынан қарап, оның өскелең ұрпаққа тигізер оң әсерін ескерер болсақ, ұпайымыз да түгелдене түсер еді. Тегі, қайсы бір нәрседен болмасын ұлттық ерекшелігіміздің белгілері атойлап тұрғаны жөн-ақ емес пе? Ендеше, ел екендігімізді таныталық.

Ғабидолла мырза! Қайнарбұлақтағы орыс тіліндегі көше атауларын қазақы атауларға ауыстыруға тапсырма берсеңіз және соның орындалуын өзіңіз қадағаласаңыз деген тілегіміз бар.

Бекен Қожамқұл,
Шымкент қаласы,
«Қайнарбұлақ» саяжай алабының тұрғыны

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter