Сұрақ - сізден, жауап - бізден!
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Сұрақ - сізден, жауап - бізден!

  • Бекжігіт МӘУЛЕНОВ

Абай Тоқталхан:

– Сәлеметсіздер ме, сіздерге сайлауға байланысты сұрағым бар еді. Мен депутаттыққа кандидат ретінде тіркелген едім. Құжатты белгіленген мерзімде тапсырдым. Ол кезде барлығы дұрыс болған. Мені тіркеді және кандидаттық куәлігімді де қолыма берді. Бюллетеньге тапсырыс та берілді. Ал бүгін маған «сіздің кандидатураңыз алынды» деген хаттама берді. Себебі: сайлау комиссиясына банктен берілген анықтамада менің жалақым мен өткізген құжаттағыдан 277.41 теңгеге артық көрсетіліпті. Енді сайлау комиссиясы маған «еңбекақыны азайтып көрсеттің» дейді. Мен анықтаманың барлығын банктен алдым, қолдан ештеңе жазған жоқпын. Бұл ақшаны, яғни анықтаманы қайдан, кімнен алғанын, айырмашылықты қалай тапқанын біле алмай отырмын. Сотқа шағым беруге 7 күн уақыт берді. Не істерімді білмей отырмын, не істеймін? Көмек беріңіздер, кандай ақыл кеңес айтасыздар? Білетін адвокат таба алмай еріксіз сіздерге шағымданып отырмын.

Тазабек Сәмбетбай, заңгер:

– Егер банктің қателігі болса, сол банкке қатысты сотқа талап арыз жазыңыз. Өз беделін ойлаған мекеме қателігін түзетуі тиіс.

– Тұрғын үй Құрылыс Жинақ Банкі арқылы несиеге баспананы қалай алуға болады?

– Тұрғын үй заемын алу үшін банкпен Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісімшарт жасасуыңыз керек. Ол үшін банкке бірнеше құжат тапсырасыз. Тізімін сол жерден алуға болады. Одан кейін кемінде 3 жыл бойы келісімшарт сомасының 50 пайызын банктегі өз шотыңызға жинақтауыңыз керек. Және салым ай сайын толықтырылып отыруы шарт. Осы талаптар сақталған кезде банктен жылдық 3,5% - 5% (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 4%-дан бастап) мөлшерлемемен 6 жылдан 25 жылға дейінгі мерзімге тұрғын үй несиесін ала аласыз.

Құрметті оқырман! Егер көкейіңізде жүрген қандай да бір сауал болса «Корреспондент» газетінің редакциясына жолдаңыз. Біз білікті мамандар мен заңгерлерден Сіздің сұрағыңызға жауап алуға тырысамыз! Сауалдарыңызды 8 (7252) 53-08-14 телефоны арқылы немесе Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына жібере аласыз. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter