Спорт
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Спорт

Жамбыл облысының әкімі қазақтың қаракөз балаларына үміт артты

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев болашақ  футболшыларды қабылдады. Басқосуда  өңірдегі футбол ойынының болашағы, оны дамыту жайы айтылды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

10 жылда 14 әлем чемпионы шықты

АЛАҚАНДАЙ АҚПАРАТ

«Польшаның Румиа қаласында армрестлингтен кәсіпқойлар арасында әлем кубогі үшін байрақты бәсеке өткен болатын. Сайысқа әлемнің 52 мемлекетінен 364 саңлақ қатысты. Қазақстан құрамасы сапындағы 7 спортшының 6-уы шардаралық спортшылар. Оғландарымыз финалға дейін Латвия, АҚШ, Франция, Германия, Украина, Польша құрамаларының аптығын басты. Ал, финалда Ресей құрамасын мойындатып, кәсіпқойлар арасындағы әлем кубогін тұңғыш рет жеңіп алды. Польшадағы жарыста ел намысын қорғаған білекті балуандардың тек біреуі ғана Тараздан барған Дмитрий Трубин болмаса, қалған алтауы - Медет Оразбеков, Талғат Ақтаев, Қайырхан Шәмиев, Мағжан Шәмиев, Шынболат Райханов, Қыдырғали Оңғарбаевтар ОҚО Шардара ауданынан».

Жерлесіміз Катар кубогын иеленді

Шымкенттік Надежда Ногай Дохада өткен ІІІ Халықаралық «Катар кубогы» додасында чемпион атанды. Жұлқа көтеруде спортшы 125 келіні, ал серпе көтеруде 152 келіні бағындырды. Тек жеңіске жетіп қана қоймай, аталған сында 75 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі ең үздік спортшы деген атқа да ие болды.

ОҚО боксшылары үздік атанды

Шымкентте Қазақстан Бокс федерациясының кубогы өтті. Ақтық сында Астана мен Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары бақ сынасты. Нәтижесінде оңтүстікқазақстандық саңлақтар қарсыластарына дес бермей, жеңіске жетті. 6:4 есебімен кубок иегері атанған ОҚО боксшыларына 25 миллион теңге көлеміндегі сертификат табыс етілді. 

«Әкім берген ақшаға жиенімді емдетпекпін»

– Жазира, күні кеше АҚШ-та өткен Әлем чемпионатында күміс жүлде алып, қазақ жұртын бір қуантып қойдың. Оның өзі де - жеңіс. Құтты болсын! Жалпы, додадағы нәтиже көңіліңнен шықты ма?

– Үлкен рахмет. Бұл жүлдемді халқыма арнаймын. Елім болмаса ондай атақ пен абыройдың түкке қажеті жоқ. Ал нәтижеге келетін болсам, шынымды айтсам, алғашында біздің жоспар тым бөлек болатын. Бапкерім екеуміз көпшілікті таң қалдыруды көздегенбіз. Алтыннан алқа тағу былай тұрсын, рекордты жаңартпақ болдық. Өкініштісі, жарысқа екі аптадай уақыт қалғанда жарақат алып, жоспарды жүзеге асыру кейінге қалды. Алла бұйыртса, алдағы додаларда өз мүмкіншілігімді көрсете аламын деген сенімдемін. Көңіл күй түскен жоқ. Бастысы, 2016 жылы Риода өтетін Олимпиада жолдамасы қоржында.

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter