Спорт
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Спорт

Ауыр атлеттер антидопинг агенттігінің бақылауына алынды

Екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильин бастаған бірқатар қазақстандық ауыр атлеттер 2016 жылы қайда барып, не істегені туралы Әлемдік допингке қарсы агенттікке (WADA) есеп беріп тұруға міндеттелді. 

Допинг доптай домалатпасын

Жасыратыны жоқ, қазақ спортшылары қоржынға жүлде салса, артынша жағымсыз қауесет бірге шығатын болып жүр. Ауыр атлеттеріміз қара күшімен қайран қалдырғаны шығар, тіпті ондай жеңістің болуына сиқырлы спорттың «сөлін сығып, суын ішіп» жүргендер де сене алмай әлек. Содан барып «допинг қолданыпты» деген қауесетті оп-оңай шығара қояды.

Атыраулық әжелер таэквондоға қатысып жүр

Атырауда егд жастағы жандар таэквондомен шұғылдануға жаппай қызып жатыр. Бұл туралы azh.kz жазды. 

ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы, үшінші дан қара белдігінің иесі Қабибек МҰХИТОВ «Тхоньил» кәріс этномәдени бірлестігінің төрағасы Людмила ЛИГЕ таэквандо секциясын ашуды ұсынғанда шәкірттері осындай қарт адамдар болатынын болжамаған да болар.

Жұрттың күлкісіне қалған ұлттық құраманың Олимпиадаға киетін  киімі өзгеретін болды

Күні кеше ұлттық құрама спортшыларының Риода өтетін Олимпиадада киетін киімдері көпшілік назарына таныстырылған болатын. Алайда киім үлгісі қазақстандықтардың бірқатарына ұнамады. Тіпті оны әлеуметтік желілерде күлкіге айналдырғандар да болды. Солардың бірі – қазақстандық актер, продюсер Нұртас Адамбай. Ол жаңа киім үлігісінің фотосын әлеуметтік желілердің біріндегі парақшасында бөліскен. Форма көпшіліктің көңілінен шықпаған. Тіпті бірі  «костюмдердің атауы: тазалаушы, Тайланд колледжінің студенті, Украина әуе жолдарының стюардессасы» деп пікір білдірген.

Юсупованың әкесіне Сәпиевтің қолы қойылған қолғап тарту етілді

Спорттың бокс түрі бойынша Кеңес одағының шебері, бірнеше дүркін чемпион Мақсұт Юсупов 60 жасқа толды. Осыған орай  «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Өмірзақ Мелдеханов пен облыстық бокс федерациясының өкілдері туған күн иесін арнайы құттықтап, кеудесіне төсбелгі тақты.

Мұнымен қоса экс-боксшыға құттықтап келушілер Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің қолтаңбасы жазылған былғары қолғап сыйға тартты. Ерекше атап өтерлігі,  М.Юсупов Ұлттық қауіпсіздік комитетінде 35 жыл қызмет еткен запастағы полковник. Қазіргі таңда Әуесқой бокс қауымдастығының президенті. Оның қызы Әлия Юсупова да спорт саласына еңбегі сіңген спортшы. Бүгінде бапкерлік жолда жүр. 

ОҚО спортшысының есімі Қазақстан тарихында қалатын болды

Шаңғымен фристайл-акробатиканың тарихында алғаш рет қазақстандық спортшы Әлем кубогінде жүлдегер атанды. Спорт тарихында өшпестей із қалдырып отырған спортшы - оңтүстікқазақстандық Жанбота Алдабергенова. Қаршадай қыз Жанбота Әлем кубогінде күмістен алқа таққан. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сәпиев «Бал-баланы» жарнамалайды

Олимпиада чемпионы, атақты боксшы Серік Сәпиев тағы да жарнама ролигіне түседі. Бұл жолы чемпион «Бал-бала» брендімен нарыққа шығып жатқан қуаттағыш құрылғыларды (батарейка) жарнамалайды. Бұл жөнінде аталған жобаның авторы, әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов өзінің инстаграм желісіндегі парақшасы арқылы көпшіліктен сүйінші сұрады.

 

«Алла бұйыртса, Серікпен БАЛБАЛА батарейкаларына «реклама» түсіргелі жатырмыз. Энергия, күш, жеңіс деген мағынамен... Алла берекесін берсін!..» деп жазды Болманов. Оқырмандары шоу-бизнес өкілінің бұнысына сәттілік тілесе, енді бірі «Головкин – самсунг, Илья – элджи, Назым – каспи банк, спортшылардың бәрін жарнамадан көреді екенбіз ғой» деп пікір қалдырған.

Әлия Юсупова қызының икемі болмаса да көркем гимнастикамен айналысып жүргенін айтып қалды

Көркем гимнастикадан Азияның абсолютті чемпионы, қазіргі бапкер Әлия Юсупова Шымкенттегі көркем гимнастика кешені туралы баяндап берді. Сондай-ақ, қызы Әминаның көркем гимнастикаға икемі келмесе де осы спортпен айналысып жүргенін жасырмады. Бұл туралы ол «Шымкент келбеті» газетіне берген сұхбатында мәлім етті.

- Бізге Қарағанды, Қызылорда, Өскемен, Астана және Алматыдан спортшылар жаттығу үшін келді. Оларға ыңғайлы болу үшін қонақүй кешені де бой көтерген. Мен Мәскеуде жаттыққан кезде дәл осындай жағдай жасалған еді. Бақытымызға орай, шымкенттіктер үшін де заманауи спорт кешені салынды,-деді көркем гимнастика шебері. Әрмен қарай ол перзенттерінің тәрбиесіне тоқталып өткен.  

– Менің көп уақытым жұмыста өтеді... Балаларымды тәрбиелеуде ата-анам қолғабыс етуде. Оларға алғысым шексіз. Қызым 5-ке, ал ұлым 3 жасқа келді. Қызымның гимнастикаға икемі жоқ болса да, осы спортпен айналысып жүр. Ұлымның да қабілеті бар. Маған ұқсаған. Күйеуім «бір отбасыға бір чемпион жетеді!» дейді әзілдеп. Ұлымды қай спорт түріне беретінімізді уақыт шешеді, – деп ағынан жарылған көркем гимнастиканың Қазақстандағы примасы Ә.Юсупова.

ОҚО-ның қаршадай спортшысы қазақ туын Парижде желбіретті (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысының намысын қорғап жүрген палуан Отгонцецег Галбадрах "Grand Slam" халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Парижде жалауы көтерілген дода барысында 90-нан астам елдің 562 дзюдо шеберлері сынға түскен болатын. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Ақтөбе" клубының ойыншысы бір жылда 334 млн теңге жалақы алған

"Ақтөбе" футбол клубы легионерлерге қыруар ақша жұмсағаны ешкімге жаңалық болмас. Бірақ облыс әкімінің хатынан кейін Ақтөбе облысының прокуратурасы тексеріс жүргізгенін көпшілік біле бермейді. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен болған кездесуде Ақтөбе облыстық прокуратураның бірінші басқарма басшысы Маратбек Мырзамұратов мәлімдеді, деп жазады Керек инфо-ға сілтеме жасап NUR.KZ.

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter