Спорт
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Спорт

Қостанайлық кәсіпкер "Тобол" клубын небәрі 20 мың теңгеге сатып алды

Қостанайлық тұрғын «Тобол» баскетбол клубын небәрі 20 мың теңгеге сатып алды. Клуб аукцион арқылы сатылымға қойылған.

Спорттың клубтың сатылымға шыққаны және жекенің меншігіне өткені туралы ақпарат жарияланған сайттағы фотода үстел мен орындықтар ғана клуб мүлкі екенін байқауға болады.

Шымкенттік Шүменов Лас-Вегаста Джуинормен кездеседі

Ауыр салмақтағы WBA тұжырымының уақытша чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Бейбіт Шүменов  америкалық Джуниор Райтпен жұдырықтасады. Жекпе-жек 21 мамыр күні өтеді.

Жоспар бойынша бұл жекпе-жекті көрермендер АҚШ-тың Showtime телеарнасында арқылы тамашалай алады. Кездесу Лас-Вегастағы «The Cosmopolitan» аренасында өтеді. Ақпарат ретінде айта кетейік,  алғашында әуесқой, кейін кәсіпқой боксқа бет бұрған Шымкенттен шыққан Шүменов бұған дейін 18 рет жекпе-жек өткізіп, оның 16-сында жеңіске жеткен. Ал оның қарсыласы Райт 17 кездесудің 15-інде жеңіс тұғырынан көрінген.   

Шымкентте қайын атасы күйеу баласының құрметіне турнир өткізіп берді

Шымкентте бокстан Сидней Олимпиадасының күміс медаль иегері Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған турнир өтті. Бұл додада әлемнің бес елінен, нақтырақ айтқанда Қазақстаннан бөлек Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанның жас спортшылары бақ сынасты. Қатысушылар 13 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Жарыстың ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековпен бірге бірқатар спорт ардагерлері қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Бес күнге жалғасқан турнирде он үш алтын медаль сарапқа салынған болса, соның онына оңтүстікқазақстандық спортшылар ие болды.

Қанат Ислам: "Генамен жұдырықтассам әлем алдында масқара боламыз"

— Қанат аға, соңғы кездері әлеуметтік желілерде, сайттарда сізді Генадий Головкинмен жекпе-жекке шығады деген жазбалар көп жазылып жатыр. Осы мәселенің ақ-қарасын ашып айтып беріңізші. Бүгін осы тақырыпқа нүкте қояйықшы. Генамен жұдырықтасуыңыз мүмкін бе?

—  Мен Генаны досым ретінде, чемпион ретінде, ағам ретінде қатты сыйлаймын. Гена көк туды желбіретіп жүрген қазақтың батыры. Гена екеумізді жұдырықтастырғысы келетіндерді мен түсінбеймін. Өкінішке қарай қазір көп адам жеке бастың мүддесін ойлайды. Біз ұлттық деңгейде ойлансақ қана өзгеге мазақ болмаймыз. Бізге екі қазақтың шетелде бір-бірімен жұдырықтасқаны керек пе? Әлде, шетелде екеуі екі жақтан көк туды желбіретіп жүргені керек пе? Бізге қайсысы қызық? Қайсысы маңызды? Алдымен өзімізге осы сұрақты қойып көрейікші. Қытайда ережесіз жекпе-жекте бір-біріне қол көтермеген қазақтарды білесіздер. Біз Гена екеуміз сол жігіттер сияқтымыз. Головкин он жеті миллион қазақстандықтардың алдында “Мен — қазақпын!” дегенін естідіңіздер. Мен Генаны өзімнің бауырым деп есептеймін. Біз қазақпыз. Өзге елдің алдында бір-бірімізді сабамаймыз. Ата-бабамыз: “Жақсы сөз жарым ырыс” дейді. Жақсы сөз ол бата. Бата ол дұға. Азаматтықтың ең биік деңгейі қолымен жәрдем беру. Оған шама келмесе жақсы сөз айтып, демеу болу. Ал, оған да шама келмесе — үндемеу. Ал, азаматтықтың ең төмен деңгейі ол жақсы сөзді қимау, көре алмау. Алла бізді осыдан сақтасын. Қазақтар бір-бірін көтермелесе ғана, өзгелердің ұлтымызға деген құрметі оянады. Гена екеуміздің жұдырықтасқанымыздан біз ештеңе ұтпаймыз. Керісінше ұлт ретінде ұтыламыз. Ұлттық деңгеймен ойлап қарасаңыз, әлем алдында масқара боламыз. Кейбіреулер, бұл спорт. Бәрі мүмкін. Жұдырықтасқанда тұрған не бар дейтін шығар. Мен спортшыдан бұрын — қазақпын. Маған спорттағы жетістік емес, маған қазақтың әлем алдындағы абыройы мен беделі қымбат. Гена көк туды көтеріп жүрген біздің серкеміз. Туымыз жығылмасын деп Генаның артында тұрсам да мен үшін үлкен абырой. Көп інілерім маған: “Аға, сіз сияқты болғымыз келеді” — дейді. Мен оларға: “Мен сияқты болмаңдар. Менен де мықты болыңдар” — деймін. Бізден де мықтылар шықса біз ұтылмаймыз, керісінше біз ұтамыз. Әлемді мойындатамыз. Тарихта батыр бабаларымыз жастарға білгенін үйретіп, өздерінен де мықты қылып тәрбиелеген. Мен де сол бабаларымыз сияқты, жүрегінде оты бар жастарды қасыма алып, өзімнен де мықты қылып тәрбиелегім келеді. Қазақтың жүрек жұтқан ұлтжанды спортшылары көбейсе, әлем спортшылары бізге қарап бой түзейтін болады.

Сұхбаттасқан: Берік СҰЛТАН

АҚШ компаниясы Головкинге табанында Қазақстан ту бейнеленген аяқ киім сыйлады (видео)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF версияларының орташа салмақтағы чемпионы Геннадий Головкин Jordan Brand атрибутикасын шығарушылармен келісім-шартқа отырды. Бұл жағдайға қатысты спортшы мен компания өкілдері қуаныштарын жеткізіп, желілерде жазуда, деп хабарлады «Қамшы» порталы.

Софи ИНГЛ, Уэльс құрамасының капитаны: "Қазақстан бізге бәсекелес емес, 3:0 етіп жеңеміз"

Ертең, 12 сәуір күні Шымкентте әйелдер арасындағы футболдан Еуропа чемпионатында іріктеу кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасы Уэльс аруларымен ойнайды. Осыған орай біз Уэльс құрамасының капитаны Софи Инглді азды-кем әңгімеге тартып үлгердік. Шағын ғана сұхбат барысында ол уэльстік футболшылар қазақстандықтарды жеңетініне  сөзсіз сенімді екенін жасырмады. Сонымен қатар Софи қазақстандық клубтар келісімшартпен өнер көрсетуге шақырса, бас тартпайтынын айтып қалды. 

Елші Ертісбаевтың ерсі әрекеті жұрттың ашуын келтірді (видео)

Қазақстанның Грузия еліндегі Елшісі Ермұханбет Ертісбаевтың әрекеті желі қолданушыларының ашуын келтірді. Ол футболдан Қазақстан құрамасының грузиялықтармен өткен жолдастық кездесуі барысында мемлекеттік әнұран орындалған сәтте оң қолын жүрек тұсына емес, іш аумағына қойған. Елші әнұранды бірге шырқау туралы тіптен ойланбаған да сияқты. Қазақстандық желі қолданушыларының бірі тіпті оны жұмыстан кетіру керек деп пікір қалдырған. 

"Ордабасы" клубы жанкүйерлері алаңға бөтелке лақтырғаны үшін 600 мың теңге айыппұл төлейді

 Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері жазаға тартылды. Бас жаттықтырушы  Бахтияр Байсейтов Қазақстан Премьер-лигасының екі ойынынан шеттетілді. Онымен қоса оған 650 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Себебі Б.Байсейтов шәкірттерінің астаналық футболшылармен кездесуі барысында ордабасылықтардың жеңілісін уайымдаған болу керек,  алаңға шығып кеткен еді.

Бала-шағасын далада қалдырған қазақ боксшысы сотта әйелінен жеңіліп қалды

Пекин Олимпиадасының чемпионы атанған боксшы Бақыт Сәрсекбаев тағы бір соттан жеңілді. Әйелімен ажырасып, бала-шағасын далада қалдырған даңқты спортшы енді бұрынғы жарына бір автокөлік беруі тиіс деп жазады caravan.kz-ке сілтеме жасап SKІFNEWS.KZ.

Естеріңізге салайық, осыдан бірнеше жыл бұрын Сәрсекбаев өзінің бапкері әрі туысы Кәрім Махмудовпен пәтер үшін соттасқан болатын. Олимпиада алтынын алып келгеннен кейін боксшы өз бапкеріне алғысын айтып, Астанадағы пәтерлерінің бірін сыйлаған. Алайда, қаржыдан қысылғаннан кейін баспананы қайтып беруін талап етіпті. Өзара келісе алмаған нағашы-жиеннің мәселесін кейін сот шешкен еді.

Ал, бұл жолы Сәрсекбаев бұрынғы әйелі Эльвираны алаяқтық жасады деп айыптап, сотқа шағымданды. Боксшының даулап жүргені - көліктің қысқы дөңгелектері ғана. Кейін бұл процестің соңы екеуара дүние бөлісуге ұласып, Астанадағы Алматы аудандық соты Бақыт Сәрсекбаевқа тиесілі Jaguar XJ (2013 жылғы) көлігін Эльвира Сәрсекбаеваға беруге шешім шығарды.

Сондай-ақ, «Mitsubishi Outlander» автокөлігі де боксшының бұрынғы әйеліне берілмек. Дегенмен, "темір тұлпар" құнының 50 пайызын, яғни 1 949 058 теңгені Эльвира Сәрсекбаева бұрынғы күйеуіне қайтаруы тиіс. 

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter