Өзбек спортшысы жынысынан жиреніп жүр
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Өзбек спортшысы жынысынан жиреніп жүр

Өзбек спортшысы жынысынан жиреніп жүр
  • Аман ЖАЙЫМБЕТОВ

Өзбекстанның 21 жастағы спортшы қызы өзін ер адамдай сезінетіндіктен жыныстық мүшесін өзгертуге шешім қабылдаған. Бойжеткен 2009 жылы Өзбекстанда жеңіл атлетикадан қыздар арасында чемпион атаныпты. Кейін медициналық тексеруден өткен кезде, дәрігерлер оның дене мүшелерінің жетілуі ер адамға тән екенін анықтаған. Сол үшін де ол қыздар арасындағы халықаралық жарыстарға қатыса алмай келеді.

«Дәрігерлер маған ағзамда 90 пайыз ер адамдарға тән гормондар бар екенін айтты, - деп сұхбат берген аты-жөнін атауға ұялған бойжеткен. - Мені Ташкенттегі Эндокринология орталығына жіберді. Онда да дәрігерлер ағзамда әйелдік гармондар жоқ екенін айтты. Мен бала кезімнен ер балалармен көп ойнадым, ішкі әлемім де, сыртқы әлемім де ер адамдардыкіндей -дейді ол.

Өзбекстанның Әндіжан қаласында туып-өскен спортшы соңғы төрт жылдан бері Ресейде тұрады екен. «Өзбекстанда қыз болып өмір сүру мен үшін өте ауыр болды. Наманган дәрігерлері маған өте көп дәрілер жазып берді. Менің ата-анам олардың бәрін қинап ішкізді. Олар маған өзімді қыз бала ретінде қабылдап, бәріне көну керек екенін үнемі айтты», – деп есіне алады.

Спортшы қыз жынысын өзгерткеннен кейін Өзбекстанға қайтып оралғысы келмейтін сыңайлы. Қазір оның Ресейде кездесіп жүрген қызы бар екен. Ал, Өзбекстанда жынысын өзгертуге заңмен тыйым салынған.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter