Үкімет басшысы допинг дауын тездетіп шешуді тапсырды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Үкімет басшысы допинг дауын тездетіп шешуді тапсырды

Фото: etoday.kz
Фото: etoday.kz

Премьер-министр Кәрім Мәсімов Үкіметтің бүгінгі отырысында допинг дауына қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды Baq.kz.

 

"Мен Мәдниет және спорт министрлігіне, сондай-ақ ұлттық Олимпиада комитетіне нақты тапсырма беремін. Біздің спортшылар осы сынақтан өтуі үшін барын салу қажет. Бәлкім, жеке меншік демеушілерді тартып, сапалы зертхана құру қажет. Біздің спортшыларымыз ол тесттен жарысқа дейін өтсе, ешқандай күдіктер болмайды. Спортшылар да сенімді болады. Әлем өзгеріп жатыр. Мен өзім Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Бах мырзамен талай рет кездескенмін. Ол допингпен күрес мәселесі жайында ылғи айтып отыратын. Сондықтан комитетпен бірлесіп жұмыс істеп, осы мәселені тез арада шешу керек",- деп атап көрсетті К.Мәсімов.

Айта кетейік, жақында Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 2 дүркін Олимпиада және 4 дүркін әлем чемпионы Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло, Светлана Подобедова менМайя Манезаны рұқсат етілмеген препарат қолданды деп айыптады. Бұл жағдайдан кейін Ильин мен Подобедова өз мәлімдемелерін жасап үлгерді.  

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter