Жолкірені қымбаттатқандарды жауапқа тартуды сұрады
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Жолкірені қымбаттатқандарды жауапқа тартуды сұрады

Жолкірені қымбаттатқандарды жауапқа тартуды сұрады
  • Аман ЖАЙЫМБЕТОВ

Бүгінде қоғам белсенділерінің қарқыны жаман емес. Кешегі жерді шетелдіктерге жалға беру туралы мәселе көтерілгенде де, олар қарап отыра алмады. Енді, міне, Шымкентте жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктерде жолкіре қымбаттағанына қарсылық білдіріп, бұл қымбатшылық қарапайым халықтың қалтасына ауыр соғатынын айтып, жауапты мекемені сотқа берген көрінеді.

Өткен айдың басынан бері қаладағы қоғамдық көліктердің қызмет ақысы 20 теңгеге көтерілген болатын. Жолкірені жөн-жосықсыз көтере беру негізсіз екені және шырылдаған халықтың пікірі жергілікті баспасөз беттерінде аз айтылған жоқ. Қарапайым халықтың пікіріне мән бермеген тиісті мекеме басшыларының бұл үнсіздігі үкіметтік емес ұйым мүшелеріне ұнамаса керек, алдымен облыс басшыларына хат жазып, назар аударуын сұраған олар кейіннен сот төрелігіне жүгінеді. «Тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігінің» төрағасы Бегім Төлентаев пен Дәуленбай Жорабеков және ОҚО мұғалімдері тәуелсіз кәсіподағының төрайымы Сағира Нұрбекова бастаған белсенді топ БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында былай дейді: «Осы облыстық ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотына Шымкент қаласы әкімінің жолаушы тасымалдаушы қоғамдық көліктердегі жолкіренің 70 теңге болып бекіткен қаулысына дау айту талап арызын тапсырған едік. Арызда біз жолау-шы тасымалдаушылардың табысы белгісіз екенін, сонымен бірге, есептемесі заңға сәйкес емес екенін көрсеткенбіз. Қала әкімдігі жолкіре құнын салыстырмалы түрде белгілей салған. Мәселен, Алматыда 80 теңге болса, соны негізге алып, біздегі жолкірені 70 теңгеге көтере салды. Соған біз наразылық білдіріп жатырмыз. Жазған арызымыз бойынша 27 мамырда екі жақты іспен таныстыру болатын болған. Ол күні әңгімелесу болмай, істі қарау 2-ші маусымға қалдырған. Ал бүгін сот отырысы болмай, істі қарау 27 маусымға қалды».

Белсенді топ мүшелері Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ.Жұматаевқа жолкірені 70 теңге етіп белгілеуді неге сүйеніп жасағаны туралы есептеме сұрап хат жазғанын да айтады. Бірақ, одан бері бір ай өтсе де, жауап жоқ. Өз бетінше жауап іздеген олар автобус жүргізушілерімен де сөйлесіпті. Бір қызығы, жолкіренің қымбаттағанын жүргізушілер де құптамайды екен. Аты-жөнін көрсетуден бас тартқан біреуі былай деп сыр ақтарыпты: «Жолақыны текке қымбаттатты. Жұрт жолкіреге қосылған ақша жүргізушіге пайда болып түседі деп ойлайды. Бұл – мүлде қате пікір. Мәселен, бұрын жолақы 35 теңге еді. Кейін ол 50 теңгеге көтерілгенде қаладағы барлық автобус жүргізушілерінің автопарк қожайындарына беретін «планы» екі есе көбейді. Одан соң жолкіре 50 теңгеден 70 теңгеге көтерілгенде қаладағы орталық көшелерімен жүретін, жолаушысы көп автобустардың күндік «планына» 10 мың теңге қосылды. Ал жолаушысы аз бағыттарда жүретін шағын автобустар күнде 3500 теңге беріп жүрсе, қазір олар 7 мың теңге төлейді. Сондықтан ортада қарапайым халықпен бірге біз де қиналып жүрміз».

Осылай деген жүргізушілер жолкіренің қымбаттағанына іштей қарсылық білдіріп жатыр. Қоғамдық белсенділердің сотқа жүгініп жүргенін ескерсек, демек қаладағы жол жүру құнының қамбаттағанына байланысты әлі біраз мәселе айтылатын көрінеді. Қалай айтқанда да, бұл қымбатшылық онсыз да титықтап жүрген қараша халық үшін ауыр тиіп жатқанын аңғару қиын емес. Баға бұрынғы қалпына түсе ме, әлде осы күйі қала бере ме, ол жағы енді алдағы сот отырысынан кейін белгілі болып қалар.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter