Жемқор басшы, қиюы қашқан тәрбие...
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Жемқор басшы, қиюы қашқан тәрбие...

  • Аман ЖАЙЫМБЕТОВ

Қоғамды адамдар құрайтыны белгілі. Сондықтан қоғамның қоғам болмағы, адамның адам болуына тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ бүгінгі қоғамдағы кейбір келеңсіздіктерге бәріміз де кінәлі болып шығамыз. Себебі, көре тұра көрмеген, сезе тұра сезбеген болуға құмбылмыз. Адамдар иманды болып, қоғамды қатыгездіктен сақтаса – оның игілігін ең алдымен өзіміз көреміз. Ал, жемқорлық пен парақорлық жайлаған қоғамда жең ұшынан жалғасушылық, әлжуаз топтың ақысын жеу, көрер көзге қиянат жасау, адамдардың бір-біріне тырнақ батыру сияқты қатыгездігі қылаң береді.

Қазіргі қоғам қызықты да қауіпті болып тұр. Берері көп, алары да аз емес, талабы бар, таң қалдырары да жоқ емес қоғамда әркім өзін қорғамаса күнәға белшеден батуы бек мүмкін. Жастар жат қылықтардан қорғану арқылы қоғамды да түзейді. Бүгінгі таңда кәмелет жасқа толмай жатып «көтеріп» қоятын қыздар мен тастанды балалар туралы аз айтылмайды. Бұл – трагедия! Жан түршіктіретін жағдайға етіміздің өліп кеткені сонша селк етпейтін болдық. Жастар елдің көзінше сүйісіп тұруға қымсынбайды. Жартылай жалаңаштанып жүретіндар көбейді. Арсыз, намыссыз немеден ертеңгі күні қандай ұрпақ өрбитінін өзіңіз-ақ бағамдай беріңіз. Әрине, ешқандай ата-ана өз баласын жаман болсын демейді. Бірақ, бүгінгі жүріс-тұрысына тиым сала алмаған ата-ана өз балаларының болашағына осылайша немкеттілеу көзқараспен балта шауып отырғанын біле ме екен? Қоғамдағы әрбір келеңсіздік үшін жастарды кінәлауға бейімбіз. Белгілі бір дәрежеде олар да жауапкершілікті сезіну керек шығар, бірақ сайып келгенде бұған жас ағашты дұрыс баптай білмеген бағбан сияқты аға буын, алдыңғы толқын кінәлі. Шалбарланып жүретін кемпірлер мен «шорти» киетін шалдар кімге үлгі? Ата сақалы аузына түсіп отырып арақ ішетіндер бар. Жасы алпыстан асып кетсе де бет-аузын бояп, тырситып «топик» киіп жүретін кемпірлер бар. Ең өкініштісі, осындай арсыз, намыссыз немелер әр жерден ұрлап, жырлап жинаған байлығының арқасында елге басшылық жасағысы келеді. «Аузы қисық болса да бай баласы сөйлесін» дегендей, бар өмірін дүние жинаумен өткізіп, бірақ рухани тұрғыдан түкке тұрғысыз надандар бір-бір елдің биі болып, «Президенті» атанып жүр. 

Бұрындары, ел ішіндегі қоғамдық мәселелермен абырой-беделі қалыптасқан, туралықты тайсалмай айта алатын әділ де абыройлы ақсақалдар айналысатын болса, бүгінде бұл билік «бәрін ақша шешеді» деп топшылайтын пенделерге өтті. Бұрын басшы болып кекірейіп жүргендер зейнет жасына жеткеннен кейін елеусіз болып қалудан қорқып осындай қоғамдық жұмыстарға басшылық етуге құмартып тұрады. Бір қызығы, бұндай белсенділер ортадан ақша жинап, істі төтесінен тындыруға келгенде алдарына жан салмайды. Сол елден шыққан біреу қылмыс жасап істі болса немесе аяғын шалыс басып айыпқа тартылса әлгіндей «Президенттер» ортадан ақша жинап, басына іс түскен бауырын, мейлі ол кешірілмейтіндей кінәлі болса да, ақтап алуға тырысады. Осылайша парамен шешілген мәселеден кейін әділдік, туралық, теңдік туралы айтып, әуре болмасаңыз да болады. Осыдан кейін жемқорлықтың қалайша тамыр жайып, сыбайластықтың қалай балалайтыны түсінікті болған шығар. Ең өкініштісі, ағайынның арқасында әупіріммен аман қалған неме ендігі жерде өзін қорғайтын, қандай жағдайда да пара беріп суырып алатын «крышасы» бар екенін біліп, қылмыстың одан да үлкеніне қол сұғатын болады. Бір сөзбен айтқанда, бір қылмыскерді қорғау арқылы бүкіл қоғамның діңіне балта шауып жүрміз. 

Жалпы, тарихи деректерге сүйенсек, жемқорлықтың қай заманда да болғаны байқалады. Қолында билігі барлар қоғамның әлжуаз тобына тырнақ батыру, қолынан келсе қоныштан басып, әлімжеттік жасау әлімсақтан бар. Барымта да қылмыстың ең ескі түрлерінің біріне жатады. Бірақ, берсе қолынан, бермесе жолынан қағатындай қатыгездікке бару – зайырлы, конституциялық күші мығым мемлекеттерде «модадан» қалды. Есесіне, сыпайы түрде жасалатын ұрлық көбейді. Заман ағымына қарай, жемқорлық пен парақорлық та жасарып келеді. Бүгінде бұл кәделердiң түрлерi де, мазмұндары да өзгерді. Қазiргi кезде бұл жоба-жоралғылар өңi айналып, басқа сипат алды. Тендердi жеңiп алу, тестiден өту, қызмет лауазымын жоғарылату, атақ алу, мансапқа ие болу, тiптi әскери шен алу, мемлекеттiк сый-сияпатқа ие болу, бәрi-бәрi де тамыр-таныссыз жүзеге аспайды. «Бармақ басты, көз қысты» әрекетің ақыры жақсы болмай жатқанын күнделікті өмірде де көріп жүрміз. Қолында билік тұрғанда қарақан басының қамын ойлап, қаншама адамға қиянат жасап, қызылды-жасыл дүние жинағандар қызметтен кеткенде жападан жалғыз қалатына да содан. Өзі сияқты елді тонап, арам жолмен байыған бірен-саран достары болуы мүмкін, бірақ санасын байлық билеп алған олардан жөні түзу жолдас та шықпайтын сияқты. Жолдасының баласы 18 жасқа толса көлік жүргізу куәлігін сыйға тартатындар бар. Ол өзінің осы әрекеті арқылы жап-жас баланың өмірін ажалға алмастырып отырғанын біле ме? Соңғы үш айда Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан – 259 адам көз жұмған. Қарағанды облысында – 152, Жамбыл облысында – 127, Шығыс Қазақстан облысында – 107, Алматы қаласының өзінде 100 адам «темір тұлпардың» кесірінен қаза тауыпты. Міне, осындай өлімге санасы сыйлықтан басқаны қабылдай алмайтын қалталылардың да себеп екенін несіне жасырайық. Әйтпесе, тәжірибесіз жасқа көлік жүргізу куәлігін сыйға тартуға бола ма?

Билік коррупцияны диктаторлық жүйемен жеңе алмайды. Өйткенi, ол қоғамдағы әлеуметтiк жағдайға, адамдардың рухани-имандылық деңгейiне де байланысты. Яғни, сананы дұрыс қалыптастырмай қоғамды түзеймін деу – бекершілік. Қоғамдағы бүкiл өзгерiс, оның iшiндегi экономикалық жаңарулар да санадағы сiлкiнiске тiкелей қатысты екенi даусыз. Бізде барша адам білетін, бірақ мойындағысы келмейтін мәселе бар. Ол – нәпсі! Әркім өз нәпсісін тиып, қанағатты жанына серік еткенде ғана жемқорлық тиылатын шығар. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

марат
0 марат 04.07.2016 17:28
біріншіден жемқорлықпен парақорлықпен күресуді өзіңнен бастау керек.
Жауап беру
марат
0 марат 04.07.2016 17:31
екіншіден осындай арамза бәлеқор өтірікпен, жаламен күн көретін корресподент сияқты газаеттер жабылу керек.
Жауап беру
марат
0 марат 04.07.2016 17:32
үшіншіден біреуге ақыл айту үшін өз артыңды тазалап алу керек.
Жауап беру
марат
0 марат 04.07.2016 17:38
төртіншіден өз мекен жайларыңды сайтқа хабарлап елмен араласып пікір алмасқан жағдайда ғана сіздердің пікірлеріңізді тыңдауға келісеміз. Халық атынан Марат
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter