Шаhар
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Шаhар

Оңтүстікте алғаш рет туристік-ақпаратттық орталық ашылады

Оңтүстікте алғаш рет туристік-ақпаратттық орталық ашылады

Сүйінші! 2016 жылдың алғашқы үш айында Оңтүстік Қазақстан облысында «Ontustik Tourism Center» атты туристік-ақпараттық орталық жұмысын бастайтын болды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шымкентте теңдесі жоқ кешен бар!

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте елімізде теңдесі жоқ көркем гимнастика кешені пайдалануға берілді. Нысанның құрылыс жұмыстарын «КДСМ» ЖШС жүргізген. Бой көтергеніне көп уақыт бола қоймаған әкімшілік-іскерлік орталығында салынған спорттық кешен 8 блоктан тұрады. 

№14 үй қараусыз қалған

Шымкенттің қақ ортасында Асанбай Асқаровтың атындағы көше бар. Осы көшенің бойында көзге көрінетін жерде болмағандықтан ба, №14 үй үнемі елеусіздеу қалады. Биыл да қаланың көркін келтіріп, шырайын аша түсу үшін көп жұмыс жасалғанын білеміз. Алайда, тұрғындарының басым бөлігін жалғызілікті жандар мен зейнеткерлер құрайтын бұл үйдің күрделі жөндеуі тағы да тізімнен «сыпырылып» түсіп қалған сыңайлы. 

Төраға орынбасары – Оңтүстікте

Елбасы Н.Назарбаевтың 30 қарашада ел халқына жолдаған «Қазақстан жаңа жаҺандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауы Оңтүстік өңірінде де кеңінен насихатталуда. Жолдау мазмұнын түсіндіру мақсатында сонау Астанадан қонақтар келіп жатыр. Солардың бірі - Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов.

Мемлекеттік хатшы әйелдермен кездесті

Шымкентте «Қазақс-тан жаңа жаһандық нақты ахуалда – әйелдер үшін жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық әйелдер форумы өтті. Оған ҚР Мемлекеттік хатшысы, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Г.Әбдіқалықова арнайы қатысты. Іскер әйелдердің басы қосылған форумды Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов жүргізіп отырды.

«Халық құрылыс талаптарын сақтамайды»

Сейсенбі күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко екі күндік іссапармен Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Облыс орталығына келген бойда ол аймақ басшысы Бейбіт Атамқұловпен кездесті. Кездесу барысында облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу жайттары сөз болды. Мұнан соң вице-министр әкімдік ғимаратында орналасқан Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында облыстағы аудан, қала басшыларының басын қосып, кездесу өткізді.

Ауыз су мен жолға табылмаған ақша...

Баспасөз - билік пен халық арасындағы алтын көпір. Қарапайым адамдар билік басындағыларға айтатын базынасын көбіне баспасөз арқылы жеткізіп жатады. Әрине, әкімнің алдына кіру оңай емес. Алдын-ала жазылып, ұзақ-сонар кезек күтесің. Оның үстіне баспасөз арқылы айтылған арыз-шағымға билік тарапы да бей-жай қарамайды деген сенім бар. Сол себепті шығар, қолына «Корреспондент» газетінің өткен аптада шыққан нөмірін алып, бір оқырман келді.

Кондуктор қызметі тоқтатылады

«Мінгендер жолақысын дайындап тұрайық!», «Ортаға кіріп тұрыңыздар. Есіктің аузында тұр-маңыздар...», «Ұнамай ма, таксимен жүр!». Бұл шымкенттік жұртшылық үшін өте таныс. Тіпті кейбір тұрғындар мұны күн сайын естіп, мезі болған. Сіз де іштей сезіп отырған шығарсыз?..

52 млн теңге көкке ұшқалы тұр

Шымкент орталығындағы «Қызғалдақ» субұрқағы алынатын болды. Оның орнына жаңа субұрқақ салынады. Бұл қаланың 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасына сай жүзеге асады.

Әбдірахымов қаланы аралап болды

Қызметке кіріскеніне үш айдан асса да, төтесінен қойып қалып, жұртты күлкіге қарық қылып та, кейбірінің сенімсіздігін тудырып та үлгерген Шымкенттің әкімі бұл жолы халыққа қиянат жасай алмайтынын мәлімдеді. Қалаға қарасты Абай ауданын аралап, тұрғындармен кездескен әкімнің мейірімі тасып, кездесуде қиянат туралы сөз қозғады.

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter