Апаттың алдын алу шаралары қаралды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Апаттың алдын алу шаралары қаралды

Сәрсенбі күні Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов өңірдің төтенше жағдайлар бойынша комиссиясының отырысын өткізді. Басқосуда аймақтағы су қоймалардың бүгінгі жағдайы, сел, қар көшкіні және сырғымалардың алдын алу шараларын қамтамасыз ету мақсатындағы дайындық жұмыстары пысықталды. 

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы А.Путейко өз сөзінде өңірде жалпы ұзындығы 2850 метрге жететін арналарды түзету жұмыстары жүргізілгенін атап өтті. Сондай-ақ, Төлеби, Сарыағаш, Бәйдібек, Түлкібас және Қазығұрт аудандарындағы Арыс, Құлан, Бөген және Келес өзендерінде 381 метрлік бөгет құрылған. Ал Арыс пен Түркістан қалаларында және Шардара, Отырар аудандарында су басу қаупі бар аумақтар тексеріліп, жергілікті басшылыққа тапсырмалар берілген. Айтпақшы, отырыста облыстағы су басу қаупі жоғары Созақ, Ордабасы, Шардара және Шымкенттегі Қаратау ауданында құлақтандыру жүйесінің орнатылғаны белгілі болды. 

Төтенше жағдайдың алдын алуға арналған басқосуды өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов қорытындылады. Өз сөзінде Бейбіт Бәкірұлы жауаптыларға тиісті тапсырма берді. Соның ішінде су тасқынының алдын алу жұмыстары мақсатында әр аудан, қалаларда штаб құрылып, арнайы комииссия жұмыс істеу керектігін қадап айтты. Жұмысшы топ су тасқыны болады-ау деген аумақтарға алдын алу шараларын жүргізуі шарт және кез келген уақытта қажетті жабдық болуы керек. Одан өзге отырыста жергілікті тұрғындарды құлақтандырып, түсіндіру жұмыстары жүргізілу керектігі айтылды. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter