Әбдірахымовтың арманы орындала ма?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Әбдірахымовтың арманы орындала ма?

  • Аман ЖАЙЫМБЕТОВ

Жер телімін алып, баспана салып алу – бүгінгі жас отбасылардың басты арманы десек артық емес. Баспана басты мәселеге айналған бүгінгі заманда кезекке тұрып пәтер алу да қиын болып тұр. Ұзын сонар кезек келгенше пәтерден пәтерге көшіп-қонып жүру кім-кімді де қажытады-ақ. Сол себепті шығар, баспаналы болудың, жер телімін алудың төте жолы табылар ма екен деп алаңдаған біреу, әйтеуір...

Алаң-көңіл ағайын таяуда әлеуметтік желілердің бірінде тарап кеткен «әкімдік жері жоқ азаматтарға 10 сотық жерді тегін беріп жатыр» деген жылы хабардан дәмелі болып, қалалық әкімдіктің алдына жиналған. Бәрінің білгісі келетіні – кезекте тұрғандарға алақандай жер қашан беріледі? Міне осы сауалды алға тартып, әкімнің алдына барған адамдар қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қабылдауына кірген. Тұрғындардың талап-тілегін тыңдаған әкім: «Өткен бес-алты айдың ішінде ауыл шаруашылығына шақталған 3 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарып алдық. Енді осы жерді ыңғайластыру жағын ойластырып жатырмыз. Алдағы бес жылда Шымкентте жер кезегінде де, баспана кезегінде де бірде-бір адамды қалдырмай көмектесу – арманым», – деп жауап беріпті әкім.

Ресми дерек шаһарда 70 мыңға жуық адам жерге мұқтаж екенін айтады. Жер беріледі деген жылы хабардан кейін тағы 3 мың өтініш түскен. 2008 жылдан бастап жер телімі ешкімге берілмегенін ескерсек, бұл тізім әлі еселене түсетіні белгілі. Алдағы бес жылда үй мен жер телімін алу үшін ұзақ жылдан бері телміріп жүргендердің тізімін азайтуды көздеп отырған Ғ.Әбдірахымовтың арманы орындалар ма екен? Ізгі ниетті әкім арманының орындалуына біз де тілектеспіз.

Осы тақырыпқа орайлас болған соң, біз «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында үйлі болғысы келетіндерге төмендегі кеңесті ұсынып отырмыз. Бәлкім, бір кәдеңізге жарап қалар...

Баспаналы болуға мүмкіндік бар

Әр жас отбасында ата-ана үйінен бөлек, жеке үйді, баспананы сатып алу туралы мәселе туындайтыны анық. Ал шындығында әрбір отбасы пәтерді өз қаражатына сатып ала алмайды. «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы  бойынша жас отбасылардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін  бастапқы жарнасыз соңыра сатып алумен және төмендетілген пайыздық мөлшерлемелер бойынша пәтерді жалға алу мүмкіндігін көздейтін, «Жас отбасы» - бағыты іске асырылады. «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасының «Жас отбасы» бағыты бойынша сіз қатыса аласыз ба? Енді осыған назар аударыңыз. Ол үшін:

-Ерлі-зайыптылардың жасы. Өтініш беру кезінде ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы 29-дан аспауы тиіс. Егер отбасы толық болмаса, жасы бойынша шектеу тек баланы (балаларды) тәрбиелеп жатқан ата-ананың біріне ғана қатысты, ол да 29 жасты құрайды.

-Ерлі-зайыптылық кезеңі. Өтініш беру сәтінде тіркелген неке кезеңі 2 жылдан кем емес мерзімді құрауы тиіс. Аталмыш шектеу толық емес отбасына қатысты емес.

-Отбасының құрамы. Отбасының құрамына ерлі-зайыптылардың өздері, сондай-ақ олардың кәмелетке толмаған балалары, ерлі-зайыптылардың жұмысқа жарамсыз ата-аналары. Отбасы мүшелерінің саны болашақ пәтердің квадратурасын анықтағанда ескерілетін болады, әр отбасына 15 тен кем емес 18 ш.м. бөлінеді. Егер отбасында 3 адам тұрса, онда пәтердің ауданы 45ш.м. кем болмауы тиіс.

-Тұрғын үйдің болмауы. «Жас отбасы» бағыты бойынша  қатысу үшін ерлі-зайыптыларда және отбасы мүшелерінде пәтерді алу болжанып отырған елдімекенде жылжымайтын мүлкі болмауы тиіс.

-Табысы. Отбасының жыл сайынғы жиынтық таза табысы зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және  ерлі-зайыптылардың және баланың (балалардың) соңғы 6 айдағы ай сайынғы шығындарын қоспағанда өтінішті берер алдында мынадай шекте болуы тиіс: ◦ең төменгі –Алматы, Астана қалалары үшін – ЕТЖ (74 640 теңге), қалған қалалар үшін ең төменгі күнкөрістің 4-есе мөлшері – 3 ЕТЖ (55 980 теңге); ең жоғарғы –12 ЕТЖ кем емес (223 920 теңге).

Ерлі-зайыптылардың күнделікті шығындары бір адамға – 15 айлық есептік көрсеткіштер (АЕК) = 25 965 теңге, бір кәмелетке толмаған балаға – 7,5 АЕК = 12 982 теңгені құрайды.

-Азаматтық. Бағдарламаға қатысушылар ҚР азаматы немесе оралман мәртебесі болуы тиіс.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter