Саясат
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Саясат

Аңдамай сөйлейтін Арыстанбек

Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының Елбасының сөзін дұрыс түсінбей, білім саласындағы ауқымды реформаны басталмай жатып «тоқтатып тастағаны» баршаның күлкісін келтірді. Біз күлеміз –ау. «Өзгенің қорасына кіріп кетіп» біреу үшін жауап берген лауазым иесінің әрекеті ведомствоаралық «араздыққа» ұласа жаздап еді, сөйтсек ол бер жағы екен.

«Үлкен жетілік» жұмысын бастады

Жапонияда жұмысын бастаған «Үлкен жетілік» аясында шараға қатысушы ел басшылары Исэ ғибадатханасында бас қосты. 

Надежда Савченкоға «Халық қаһарманы» атағы берілді

Ресейде 22 жылға сотталған Украина сарбазы Надежда Савченкоға ел президенті Петр Порошенко «Халық қаһарманы» атағын берді. Әйел басы ресейлік екі сарбазға татыған ұшқыш тұтқындар айырбастау келісімі бойынша Ресейде қамаудан босатылып, Киевке жеткізілген еді. 

Жұрттың Ыбырайы...

Түркия Парла-ментінің депутаттары өздерін дербес құқықтылықтан, яғни қылмыстық қудалауға болмайды деген мәртебеден айыратын заң қабылдады. 

«Билікті қолдаушылар көп деп санау – өзін-өзі алдау»

«21 мамыр» - Қазақстандағы саяси элита арасында бірнеше топтың бар екенін көрсетті. Елдегі «ауа райын жасап отырған» да солар. Жеме-жемге келгенде қаталдықтың жақтастары мен қоғамдағы жағдайға немқұрайлы қарап құлдық ұрып, құрша жорғалайтындар қалай әрекет ететіні туралы саясаттанушы Досым Сәтпаевтың Exclusive-ке берген арнайы сұхбатының қазақша нұсқасын назарларыңызға ұсынып отырмыз. 

3 жүздің қазағы 300-ге бөлініп барады

Байқасаңыздар, соңғы кезде жер дауы онсыз да үш жүзге бөлінетін қазақты 300-ге бөліп тастағандай. Бірі «бейбіт митингіге шығамыз» дейді, екіншісінің ниеті «сол митингіде «Үкімет кетсіннен» бастап «шал кет» дегенге дейінгі радикалды талаптар қою, арандатушы топтың да сай отырғанын жоққа шығармауымыз керек. Ал, биліктің өз халқына қасарысып отырғаны мынау. Ірі келісімшарттар жасасып, уәде беріліп, қол алысып қойған болу керек, райынан қайтар емес. Оған жер туралы кодекстегі халық наразалығын тудырған баптардың бірден алынып тасталынбауының, жәй ғана бір жылға мораторий жариялануының өзі дәлел. Жағдай тығырыққа тірелді. Ал, базбіреуге бұл елді ушықтыру үшін қол боп тұр.

Үкіметте неге ауызбіршілік жоқ?

9 мамырмен бірге қазақстандықтардың бір бөлігі тағы бір жеңісін тойлап жатты. Жер мәселесін көтергендер әлеуметтік желіде бірін-бірі құттықтап, сүйінші сұрасты. Елбасы халықтың наразылығын тудырған жер кодексіндегі 4 нормаға, яғни былтыр енгізілген өзгерістерге мораторий жариялады. Қала берді, бұл құжат екі министр мен бір вице-министрді қызметінен кетірді. Ақордадағы жиын үстінде Н.Назарбаев Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаевты қызметінен қуып, оның бастығы Ерболат Досаевты қатты сынады. Атына айтылған сөз және берілген сөгіспен келіспегендей болған Досаев сол жерде отставкаға кеткісі келетінін мәлімдеді. Бұл көпшілік үшін тосын жәй болғаны анық. Өзіне ерегіскендей боп тұрғанын сезген Елбасы да оның отставкасын бірден қабылдады. Ал ертеңіне Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков те өз ықтиярымен қызметінен кетті. 

БҰҰ белсенділерді қудалауды тоқтатуға шақырды

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі сарапшылары Қазақстан билігін үкіметтің ауыл шаруашылығы жерлерін сату және жалға беру жоспарына ашық қарсы шыққан белсенділерді қамап, қылмыстық қудалауды тоқтатуға шақырды.

Көкірекбаев өсе ме, «өше» ме?

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Қ.Бозымбаевтың «жарылқаушысы» Мәсімов болатын. Және оған ерекше «берілген», сенімді адамы еді. Мұны оның еңбек жолы дәлелдеп тұрғандай. Мұны Бозымбаевтың өзі де жоққа шығармайды деп ойлаймыз. Осы адалдығының арқасында ол жаман болды ма? Басына қандай «нәубет» келсе де қабырғасы қайыспады, қиындықтың бәрін оңай жеңіп шығып, қазіргі таңда Энергетика саласын ұршықтай иіріп отыр. Егер де ғайыптан тайып, Мәсімов президент бола қалса Бозымбаевты Премьер-министр етіп жіберсе таң қалмаймыз.

Келесi Президент Дариға бола ма?

Соңғы кездері ара-тұра болса да Қазақстанның келесі Президенті кім болатыны туралы болжамдар айтылып қалады. Бұл орынға әр сарапшы әр тұлғаны атайды. Бір қызығы, бірнеше маманның пікірі бір жерден шыққанын көргеніміз жоқ. Дегенмен, қазіргі Елбасының ізбасары туралы айтылғанда Дариға Назарбаеваның есімі алдымен аталатыны жасырын емес. 

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter