Шенеуніктер халықтан қорқа бастады
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Шенеуніктер халықтан қорқа бастады

Шенеуніктер халықтан қорқа бастады
  • Бекжігіт МӘУЛЕНОВ

24 наурыздан бастап ауылдағы әкімдіктен бастап бас қаладағы министрлікке дейінгі мемлекеттік мекемелерге смартфонмен кіруге болмайды. Бұл туралы министрлерге арнайы астыртын бұйрық та түсіпті.

Бұл құжатты астыртын демеске лаж жоқ. Өйткені журналистердің сұрағына жауап беріп жатқан министрлер мойындамаса, мұндай бұйрықтың шыққаны жалпақ жұртқа жарияланбайды да екен. Ал, жоғары жақта танысы барлар бұл «жаңалықты» біраздан бері біледі. «WhatsApp» мессенджер желісінде 24 наурыздан бастап барлық мемлекеттік органдардың ғимаратына келушілер мен қызметкерлердің ұялы құрылғыларды (смартфондар, планшеттер, смарт-сағаттар) қолдануына тыйым салынғаны жайлы жазылған қызметтік хаттың суреті таралып жатыр. Бұл мемлекеттік қызметкерлердің ұялы құрылғыларды қызметтік мақсатта қолдануы белең алып, қызметтік мәліметтердің WhatsApp арқылы тарап кетуі жиілегендіктен қабылданған. Наурыз мейрамынан кейін мемлекеттік мекемелерде тек қоңырау шалатын, оны қабылдайтын және sms функциясы бар қарапайым қондырғыларды ғана қолдануға рұқсат. 

Шенділерге ғана арналған астыртын ақпараттың рас екенін мойындаған министрдің бірі Қалмұхамед Қасымов: «Мен сіздерге былай айтамын: біздікі жедел қызмет. Бізде көп мәселелер құпия. Оларға рұқсат жоқ. Сондықтан өз жиналыстарымызда мұндай құралдарды пайдаланбаймыз», - деп өзі де 10 жылдан бері қолданып келе жатқан Nokia телефонын көрсетті. Ал, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мұны қалыпты санайды екен: «Жалпы алғанда, бұл көпшілік үкіметтерде таралған тәжірибе. Меніңше, бұл қалыпты жағдай. Бұл телефонды қолданбаймыз деген сөз емес қой. Мемлекеттік органдарға кіру кезінде мұндай телефондар белгілі жерлерде қалдырылуы керек, ал кейін шыққанда алып, қолдана бересің. Біз барлық жағдайда планшет қолдандық, үкімет отырысына да сонымен бардық. Бұл планшеттерде отырыста қандай мәселелердің талқыланатыны көрсетілген. Біз оларды тек үкімет отырысында қолданамыз, мұндай планшетті қолдануға рұқсат берілген», – деді министр ханым.

Құқық қорғау органдарының қылмысты ашуға байланысты көп ақпараттары құпия болатыны түсінікті. Әрі, абайсызда «ағып кеткен» бір ақпарат айлар, тіпті жылдар бойы жоспарланған операцияны бүлдіруі мүмкін. Сондықтан күштік құрылымдарға қарасты ведомстволарда аталған шектеудің енгізілуі қажет те шығар. Ал, елдің әл-ауқатына қатысты халықпен тікелей жұмыс жүргізетін мекемелер неден қорқады? 

Қызметтік ақпараттың таралмауы үшін мұндай шектеуді тек шенеуніктерге ғана қолданса дұрыс болар еді. Әйтпесе, солардың құны қарапайым мұғалімнің бір жылдық жалақысына пара-пар қымбат смартфондарды жалақысына сатып алып жүргеніне күмәнім бар. Ал, қатардағы азамат үшін смартфоны болмаса да видеоға түсіретін мүмкіндігі бар телефондар кейде өзін ақтап алудың немесе лауазым иесінің өз қызметін лайықты атқармай отырғанын дәлелдейтін бірден-бір құрал. Шенеуніктердің қорқатыны да дәл осы тұс екенін тұспалдауға болады. Өйткені, соңғы кездері әлеуметтік желіде лауазым иелерінің түрлі қылықтары мен сөзі әшкере болған таспалар толып кетті. Арыс аудандық Ішкі істер бөлімінің басшылығы парақорлық бізде жүйеге айналғанын, өзінің де ірі мөлшерде «беріп» жатқанын айтқаны түсіп қалған таспа неге тұрады. Түлкібастық колледж ұстазының емтиханның бағасын базардағыдай айтып отырған бейнежазба әлі есіңізде болар. Бәрі «чики-чики болады» деген Шалқардың әкімі сондай жазба арқылы жалпыға танымал болған жоқ па? Кешегі Оңтүстік Қазақстан облыстық ауруханасының бас дәрігері Мұқан Егізбаевтың емделіп жатқан науқастың туыстарын қызмет кабинетінде боқтағаны бүгінгі күннің «хиті» боп тұр. Тым құрыса қоғамдағы шектен шыққан шенділерді осылай әшкерелеп жүргендер 24 наурыздан бастап бұл мүмкіндігінен де айырылады.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter