Қосылғыштардың орны өзгерсе игі
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Қосылғыштардың орны өзгерсе игі

Қосылғыштардың орны өзгерсе игі

Айтқандары келді! Айнымай келді. Күніне дейін. Не деген көріпкелдік. Парламенттің төменгі палатасы - Мәжіліс Елбасына «бізді таратып жіберші» деп өтініш жолдады. Бұл не сонда? Ел айтып жүрген «жоғарғысы жарамайды, төменгісі қаламайды» деген халық арасында мәтелге айналған мысалдың кері ме? 

13 қаңтар күні. Есі кеткендер ол күнді «ескі жаңа жыл» дейді. Міне сол күні Мәжілістің кезекті отырысында үш партия – «Нұр Отан», «Ақ жол» және «Қазақстан халықтық коммунистік партиясы» фракциялары Президентке өтінішін жолдады. Косаревтің аузымен көсілген халық қалаулылары бесінші шақырылған парламентті таратып, жаңа сайлау өткізуді сұрайтынын айтты. Онысын төмендегіше тарқатып берді:

-Біріншіден, қазіргі мәжіліс өз міндетін орындап, ұлт жоспарының заңдық негізін құрды. Парламент 80 заң қабылдады. Қазір жаңа тарихи кезең туып келеді. Елде модернизация басталып жатыр және президент реформасының барлық бағыты бойынша іске асуы үшін партиялардың сайлаушылар тарапынан жаңа мандатқа ие болғаны маңызды, - дейді Косарев. Сонымен бірге, депутаттар президентке үндеуінде Парламент сайлауын жергілікті мәслихаттар сайлауымен бірге өткізуді ұсынды.

«Парламент Мәжілісі жыл соңына қарай, мерзімнен бұрын таратылуы мүмкін» деген жорамал былтыр жаз бойы айтылып жүрді. Жыл аяқталды. Қос палатадан ешқандай «оқыс» әрекет байқалмағасын, жұрт «жаңылысып үйренген жақтың жорамалы да» деп енді күн санап қымбаттап тұрған доллардың мәселесін талқылай бастағанда Мәжілістен «депутаттардың тарағысы кеп отыр екен» деген хабар жетті.

Осы орайда, жаңылмайтын жақтың арасында мергені Айдос Сарым екен. Белгілі саясаттанушы желтоқсан айының аяғында livejournal-ға берген сұхбатында бұл оқиғаның қашан болар күніне дейін болжап беріпті. 

– Парламент осы аптада не қаңтар айының бірінші жартысында таратылуы мүмкін. Бұл 2016 жылдың 1-тоқсанында сайлау өткізіп үлгеру үшін жасалынады. Жаңа сайлау өздігінен ештеңе шешпейді. Биліктің аспаннан астероид құласа да, ешқандай тосынсый ұсынбайтын, толықтай бақылауда болатын парламентке қол жеткізгісі келетін транзиттік кезеңі басталады. Таңғажайып дүниені күтудің қажеті жоқ. Жаңа парламент тым тәтті болады. Ол жаққа өткен әр адам ондаған антқа оранған, міндеттемелермен тіпті, компроматтармен шырмалған болады. Оның соры да сорлатары да сол болады,-депті саясаттанушы.

Жалпы, көптеген белді сарапшылар парламенттің жаңаруынан ешқандай өзгеріс күтпейді. Есесіне, партиялар мен сайлау жүйесінде реформалар жүргізу маңыздылығын айтады. Саясаттанушы Досым Сәтпаев:

- Қазір парламенттік-президенттік республика құру туралы президенттің мәлімдемелері аясында реформалар жүргізу керек. Егер содан кейін әлдебір конституциялық өзгерістер орын алып, парламент қосымша құзыретке ие болып жатса және өзге де партиялар пайда болып жатса, онда қызықты бірдеңе айтуға болады. 

Бесінші шақырылымдағы Қазақстан Парламенті Мәжілісі 2012 жылғы қаңтарда сайланған және оның мерзімі 2016 жылдың күзінде аяқталуы тиіс болатын. Сол кездегі сайлауға 7 саяси партия қатысып, соның 7% астам дауыс жинаған үшеуі өткен еді. Олар: «Нұр Отан» ДП (80,99 %), «Ақ жол» ДП (7,47 %), Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы(7,19 %).

Бүгінде 107 депутаттан түратын Парламент Мәжілісінде «Нұр Отаннан» 83 депутат, «Ақ жолдан»-8, ҚХКП-дан- 7 және Қазақстан халықтары Ассамблеясынан-9 халық қалаулысы бар. Олардың 43-і (яғни 40%) – зейнеткерлік жаста. Мәжілістегі 107 адамның 25-і кемінде екі рет сайланған. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter