Қыдыр болма, Қыдырәлі бол...
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Қыдыр болма, Қыдырәлі бол...

Қыдыр болма, Қыдырәлі бол...
  • Дәурен ӘБДІРАМАНОВ

Көршіні таңдауға болар, ата-ананы, туысты таңдай алмайсыз. Шіркін, бұларды да таңдай алсаңыз ғой... Егер бұларды да таңдауға мүмкіндік болса, «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы Еркін Қыдыр ағамыз Құдай біледі, Қыдыр шалға емес, Қыдырәлі шалға немере болар еді деп ойлаймыз. Себебі дәл бүгінгі таңда Ақпарат министрі Дәурен Абаевқа Қыдыр атадан гөрі Қыдырәлі атаның ұрпақтары сүйкімдірек болып тұр. Енді талғамға таласпайсыз ғой, солай емес пе?! Егер Еркін Қыдыр ағаның қолынан келсе, Шәуілдірде де туылмас еді. Төлқұжатындағы «туылған жері» деген графаға ақыры ОҚО деп жазылатын болған соң Отырарда емес, басқа ауданда-ақ туыла салу керек еді. Қайтеді, мұның қолында емес, мұның қолында болса, ру, жүзді де бірнәрсе етіп реттеп алуға болар еді ғой. Қызметте өсу үшін руын жылда ауыстыратын қулар аз ба, қазір?! Деп ойланып кететінімізді кімнен жасырайық?!

Расында да, Еркін ағаны «Егеменге» басшы болғанына үш ай өтер-өтпесте орнынан алып тастағаны біртүрлі қызық болды енді. Еркін Қыдыр үш айда соншалықты не бүлдіріп үлгерді? Министр Дәурен Абаев Еркін Қыдырды сыйламаса да, «Егеменнің» 200 мың оқырманын сыйлап, мұның жауабын беруі керек еді. Алайда, министрлік жақтан тырс еткен дыбыс естілмеді. Құдайшылығына келгенде, Еркін Қыдыр бірнәрсе бүлдірсе, оны айту керек еді, жоқ, Дархан Қыдырәлінің Еркін Қыдырдан біліктілігі жағынан айрықша бір артықшылықтары болса, оны айту керек еді. Бұларды айтпаған соң біздің жоғарыдағы ойларға ерік беруімізді де ешкім кінәламауы керек.

Егер қызметке тағайындарда бірінші кезекте іскерлік қасиеттер ескерілетін болса, журналист ретінде, ұйымдастырушы ретінде Еркін Қыдыр Дархан Қыдырәліні отыз орап алады. Талантты журналист, танымал ұйымдастырушы. «Егеменде» меншікті тілшіліктен бастап, президенттік (қазір бұл қызмет төраға болып өзгерген) қызметке дейінгі өсу сатыларынан өткен. Жоқ, Дархан Қыдырәлі біздің бұл сөзімізге ренжімей-ақ қойсын, расы солай. «Іскерлік беделіме нұқсан келтірді, сол үшін сотқа беремін» деп өрекпудің де қажеті жоқ, меніңше. Мамандығы журналист емес, мемлекеттік газетте еш болмаса қатардағы тілші болып бір күн жұмыс істемеген адам бұлай ойлануға ұялады деген пікірдеміз. Ұялмаса өзі білер...

Ұялмаса демекші, менің мамандығым журналист, университетті бітіргелі газетте жұмыс істеп келемін. Егер мені Дәурен Абаев шақырып алып, «Сіз «Егемен Қазақстан» газетіне басшы болып барыңыз» деген ұсыныс айтса, бірден «жоқ» дер едім. Себебі Құдайдан қорыққан болар едім, «Егеменнің» ұжымынан, оқырмандарынан ұялған болар едім. Ал Дархан Қыдырәлі батыр екен! Мүмкін, министрге Дархан Қыдырәлінің осы батырлығы ұнаған болар. «Егемен Қазақстан» газетін ешкімге жалтақтамайтын батыл газет еткісі келген шығар. Ұлт тағдыры сынға түсіп жатқан бүгінгі таңда «Егемен Қазақстан» газеті Ақ орда жаққа «бір сүйем де жер сатылмасын!» деп мәселе қоюы керек деп шешкен шығар. Егер Дархан Қыдырәліні дәл осы үшін «Егеменге» әкелген болса, Дәурен Абаевқа дәл қазір-ақ ескерткіш орната беруге болады. Және ол ескерткіштің етегіндегі гүлін күн сайын өзім ауыстырып тұрар едім.

Өкінішке қарай, олай емес қой...

Жоқ, Дархан Қыдырәліні базардағы көліктің бағасын жерге ұрып түсіргендей етіп жерге тыққалы тұрған жоқпыз. Білетіндер бұл кісіні «жап-жақсы түрколог» дейді. Солай болса, солай шығар. Алайда, ол түркология мәселелеріне арналған журнал шығармайды ғой. «Егеменге» келіңіз» дегенге шапанының етегі жалпылдап, шауып келе бергені қызық болыпты. Адам деген «осы мен қайда бара жатырмын» деп бір мезгіл ойланбай ма дейсің да.

«Егемен Қазақстан» газетіне басшы тағайындау жеңіл-желпі мәселе емес деп ойлаймын. Меніңше, бұл қызметке біреуді тағайындарда Елбасыға ескертеді. Тіпті болмағанда, Президент Әкімшілігінің басшысы келісім береді. Кеше Дархан Қыдырәлінің кандидатурасын апарғанда ондағылардың «оу, кеше ғана Еркін Қыдыр дегеннің кандидатурасын әкеліп едіңдер ғой, бұларың не? Еш болмаса, бір жылдан кейін әкелсеңші. Бір жылға қоянның да терісі шыдайды ғой» демегені түсініксіз. «Осылар Нығматулин кетіп, Жақсыбеков келіп абыр-сабыр болып жатқан сәтті пайдаланып кетті-ау» деген де ойдың қылаң беріп қалатынын кімнен жасырайық?!

Болмаса...

Сауытбек Абдрахманов Ассамблея атынан Мәжіліске депутат болып баратыны белгілі болған сәттен бастап-ақ жұрт «Егеменге» енді кім бастық болады?» деген жорамалдармен басы қата бастаған. Ол кезде Дархан Қыдырәліні бір адам аузына алмайтын. Жұрттың бәрі соңғы сәтке дейін «не Дархан Мыңбай, не Еркін Қыдыр президент болады» деп отырды. Дәурен Абаев – ол кезде баспасөз хатшысы. Тек ең соңғы күні ғана «баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Дархан Қыдырәлі дегенді ұсыныпты» деген әңгіме шыққан. Алайда, ол сапар Еркін Қыдырдың жолы оңғарылды. Сосын арада аз уақыт өткенде Дәурен Абаев министр болып тағайындалды. Артынша Дархан Қыдырәлі... Осыдан кейін бізге «Дәурен Абаев «АП-ның» аузын күншығысқа қаратып кетпеді ме екен?» деген де ой келетін болып жүр. Немесе жас министр Дархан Мыңбай, Еркін Қыдыр деген фамилияларды есіне сақтай алмай Дархан Қыдырәлі деп шатастырып алды. Мыңбайдың Дархан дегені еске түсті, Еркіннің Қыдыр деген жері еске түсті дегендей ғой... Дархан Қыдырәліні солай тағайындап жіберді. Әйтпесе газетте бір күн жұмыс істемеген адамды «Егеменге» апарып қонжита салу ешқандай логикаға сыймайды ғой. «Точно» солай!

Жоқ, олай емес пе? Ендеше, дәл жауабын Дархан Қыдырәлі емес, өзіңіз беріңізші, Дәурен Әскербекұлы! Дахаңа біртүрлі сенбейді екенсің... Айып етпеңіз.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Түлкібастық көршің
0 Түлкібастық көршің 20.07.2016 23:17
"Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін" дейді атам қазақ. Сондай-ақ, "Тегін қу жасырады немесе құл жасырады" дейді сол қазақ. Айтпағым, Даха,
1. Марқым, жазушы Оразбек Сарсенбаева ағамыз дүниеден өткенше Сіздің руды"қожа" деп кетті.
2. 2010 жылы бір іс-шарада көзі тірі Мырзатай Жолдасбеков ағамыз (жүз жасауына тілектеспін) Сізді "руым Ошақты, сіздің ініңізбін" деген деп жеңістік бермеді.
3. Ал, ауылдың ақсақалдары Сіздің ағайындарды "Дулатқа Алатау асып қосылған" дейді.

Айып етпеңіз, әрине, бірақ өзіңіз анықтап бермесеңіз әркім әртүрлі айтып миды ашытты. Сіз қызметке тағайындалғалы кәдімгідей талас болып жатыр. Мына мақала бойынша ауылда кәдімгі үлкен шум!
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter