Билік басына ұлтшылдар келсе не болады?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Билік басына ұлтшылдар келсе не болады?

Билік басына ұлтшылдар келсе не болады?
  • Бекжігіт МӘУЛЕНОВ

Соңғы кезде орыс тілді бұқаралық ақпарат құралдарында «ұлтшыл-патриоттар» мәселесі жиі айтылып жүр. Мұны іліп алып, Ресей басылымдары да тақырыпқа май тамызып отыр. Қазақстанның орыс тілді тұрғындарының алдында ұлт патриоттарын ұлтшыл-патриоттарға айналдырып, сол арқылы оларды бергісі бүлікшілер, арғысы Әзірейілге теңестіру талпынысы байқалады. Бұл қоғам санасын бақылау әрі басқарудың тәсілі. Ресми тілдің аясы кең бүгінгі біздің қоғамда осынау пиғыл бірте-бірте өңделіп, өсіп, бір күндері жері мен ұлты жайлы сөз қозғаған қазақ «халық жауы» атанып жүрсе, таң қалмаңыз.

Ал, әзірге бұл мәселе бүгінгі қазақ тілді қоғамды аса толғандырып отырған жоқ. Әдеттегідей. Мерзімі өтіп кеткесін космополит ұрпақтың қайдан пайда болғанының себебін зерттеп жүрмесек. Ал, өзгелер бұл бағытта өздігінше зерттеу жүргізуді бастап та жіберген. Оларды «Қазақстандағы билікке ұлтшыл-патриоттар келсе не болмақ» деген мәселе толғандыра бас-тапты. Орыс тілді басылымдардың ол «ойынын» осы тақырыпқа жазылған әр мақала мазмұнына терең үңілген адам оңай таба алады. Саясаткер Расұл Жұмалы «ұлтшыл патриоттар» деген ұғымның ресейшіл топтар тарапынан айтылып жүргенін қоғамның қаперіне салғаны қашан. Бір сұхбатында «ұлтшыл патриоттар емес, мемлекетшілдер туралы айтқанымыз дұрыс болар. Яғни мемлекеттің мүддесіне бейтарап қарамайтын, көрпені тек қазаққа ғана тарта бермей, тұтас қазақстандықтарға болысатындар», деген пікірін айтыпты. Сол патриоттар Еуразиялық экономикалық одақтың бастамасы болған кедендік келісім жасалар тұста, сонау 2009 жылы сол тиімсіз ұйымды көп сынады. Қазақстанды алда күтіп тұрған қатерлер туралы ескертіп, салмақты дәйектер де келтіріп жатты. Сол айтылғандарды жоққа шығаратын мазмұнды пікір не біздің билік тарапынан, не Ресейден айтылған жоқ. Араға уақыт салып мемлекетшіл партиоттардың айтқаны дұрыс екені көрінді. ЕАЭО туралы да сондай болжамдар айтылып еді, тағы да тыңдар құлақ болмады. Осыдан келіп біздің елде, мейлі ол мемлекетшіл әйтпесе ұлтшыл болсын, патриоттар белгілі бір саяси күшке ие емес екені байқалып қалды. Оған бірнеше себеп бар. Билік мүшелері жүйелі пікірталасқа жоқ, тек айтқанды ғана орындайтын роботтар секілді. Олар тіпті болуы ықтимал тәуекелді сараптауға да күш жұмсағысы келмейді. Тағы бір себеп, номиналды түрді тәуелсіз атанғанымызбен, салмақты саяси шешім қабылдауда әлде де болса санасатын өзге біреу бар.

«Илеуге келетін» мұндай билік қазақтан басқаның барлығына тиімді. Содан болар біз әлі күнге Ресейдің ықпалынан шыға алмай келеміз. Тіпті кей сарапшылар ЕАЭО ережесі сол елдің кеден кодексіне негізделгенін айтып жүр. Сәйкесінше Қазақстанның мүддесі екінші орынға қалып қойған. Ал, бір одақтан құтылған егеменді елдің еркін пікір білдіре алатын партиоттары ең алдымен сол Ресей ықпалынан арылуды мақсат тұтады. Сондықтан да Қазақ елінің тізгінін патриоттар ұстаса не болатынын олар осы бастан ойластырып жүр. Біздегі орыстілді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғам құлақ салады деген белсенділер мен саясаттанушылардан сыр суыртпақтай бастады. Сондай пкірдің бірін Досым Сәтпаев та білдірген:

- Гипотезалық тұрғыдан билікке ұлтшыл-партиоттар келді деп елестетейік. Онда елдің саяси дамуының моделі мүлдем өзгеше болуы мүмкін еді. Бәлкім, ол кіршіксіз де болмас. Өйткені қазіргі саяси құрылымды тұтастай өзгерту секілді маңызды мәселені де ұмытпаған жөн. Президенттік биліктен президенттік-парламенттік басқару немесе толығымен парламенттік жүйеге ауысуды айтам. Бұл жағдайда сценарий саналуан болуы мүмкін. Екінші жағынан, реалист болайық та, билікке келгенде оппозиция екі негізгі мәселеге тап болатынын мойындайық. Біріншіден, ішкі қайшылық, өйткені барлық оппозициялық күш іштей біртұтас емес. Екіншіден, билікке деген өз ойы бар олигарх топтар тарапынан қарсылыққа тап болады. Алайда, элиталық топтың бір бөлігі билікке келу үшін оппозицияны құрал ретінде пайдалануы мүмкін екенін де жоққа шығармаймын. Ал, кез келген саяси құралдан кейін құтыла салуға болады,- депті саясаттанушы, тәуекелдерді зерттеу орталығының директоры ресейлік Lenta.ru интернет-басылымы оқырмандарының сұрақтарына жауап берген кезінде.

Бұл 2011 жыл болатын. Одан бері талай су ақты. Дегенмен, сол айтылғандардың дені әлі де өзектілігін жоғалтпады. Керісінше, үні бәсеңдеп барып, қайта шыға бастаған оппозиция бүгін өзгеше күш алып, ашық әдіске көшті. Оған Қазақстанның бірнеше аймағында жер кодексіне қатысты ұйымдастырылған на-разылықтар айғақ. Бұл жолы да билік белсенділерді үркітіп-қорқыту науқанын жүргізгенімен, ұзақ ұйқыдан оянған қоғам санасы енді қайтып қалғымайды. Енді бұрынғыдай болмайды. Осы орайда ұлт патриоттары дейміз бе, мемлекетшілдер дейміз бе, қалай атаған күнде де олардың да өз ұрандары мен талаптарын жаңартатын кез келді. Онда елдің этно–әлеуметтік жағдайы да ескерілуі тиіс.

Осы ұлтшылдарды бір кездері жерден алып жерге салған «Сentral Asia Monitor» басылымы «билік басын ұлтшылдар келсе, Қазақстан қандай болады?» деген сауалға көптен бері жауап іздеп жүр. Бұл жолы басылым қоғам белсендісі Мұхтар Тайжанмен сұхбаттасып, ұлтаралық және тіл саясатында қандай өзгерістер боларына көбірек қызығушылық білдіріпті:

– Ең алдымен ашық та әділ сайлау өтеді, – деп ойын білдірген М.Тайжан: – Әрине, оның алдында сайлау заңнамасы өзгертілуі тиіс... Парламенттің жоғарғы палатасы – сенат жойылады. Конституциялық кеңес қалпына келтіріледі, - дей келе, қоғам белсендісі Ғылым Академиясын қайта жандандыру қажеттігін де айтыпты. Ұлттық банктің де толықтай тәуелсіз боларын тілге тиек еткен. Тіл мәселесіне келгенде Мұхтар Тайжан егер билікке ұлтшыл патриоттар келе қалса қазақ тілін үйрету бала-бақшалардан басталарын, артынан мектептер, кейін жоғарғы оқу орындары да мемлекеттік тілге өтетінін сенімді түрде мәлімдепті. Елде қазақ тілінің ортасын қалыптастыру үшін әлемдік кино туындыларын қазақшалауды да ұсынған. Әзірге бұл тек болжам ғана. Батыр аңғал келеді. Ойындағысын ашып айтқандармен орыс тілді басылымдар оны бірінші кезекте жариялау үшін емес, билік транзиті басталғанда лауазымға жолатпау қажет адамдардың тізімін жасау үшін сұхбаттасатын сықылды. Менікі де – долбар.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter