Мұхамедиұлының жұмысы Елбасы жайлы фильм түсіру сияқты...
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Мұхамедиұлының жұмысы Елбасы жайлы фильм түсіру сияқты...

Мұхамедиұлының жұмысы Елбасы жайлы фильм түсіру сияқты...
  • Мақпал ТӨРЕБЕК

Мәдениет министрі Елбасыға жағынудың тағы бір жаңа әдісін тапқан сияқты. Өткен жылы ашық аспан астында «Аида» операсын қою үшін ел бюджетінен 150 миллион жұмсаған министр Ұлттық мұражайға ілу үшін тап осындай сомада Елбасының суретін салдырып жатқанын сүйіншілегендей күллі жұрттың көзінше жария еткен еді. Ал жуырда Мәскеудегі Кино үйінде өткен Елбасы туралы бесінші киноның тұсаукесерінде алтыншы фильм түсіретінін айта салған Арыстанбек Мұхамедиұлының мұнысын көпшілік не жағымпаздыққа, не киноиндустрияға деген жанашырлыққа жатқызарын білмей әбден шатасқанға ұқсайды.

«Картинада Қазақстанның жаңа елордасы – Астана қаласын 1996 жылы қалай құрғаны туралы баяндалатын болады»,-деп алтыншы фильмнің аз-маз сюжетімен бөліскен министрге бес фильм аздық етті ме? Кеше ғана керегесін керіп, уығын қадаған елдің алғашқы президентіне бес киноны көп көріп отырғанымыз жоқ. Әйткенмен соңғы уақытта Елбасы туралы фильмдер елді жалықтырып жібергені рас. Оның үстіне дағдарыс алқымнан алып, бір шетінен жер дауымен даурыққан, ырду-дырдуы әлі басылмаған халыққа осындай әңгіме айтатын кез бе? Онсыз да қадірі қашып, ел арасында әрбір айтқан сөзі мазаққа айналған Арыстанбек министрдің сүйкімі одан сайын қашпай ма?

Енді Елбасы туралы бұған дейін түсірілген фильмдерді шолып шығайықшы. Естеріңізде болса, 2011 жылы «Балалық шағымның аспаны» атты елбасының өмір жолы туралы киноэпопеяның алғашқы фильмі жарық көрді. Осыдан кейін араға екі жыл салып «Қазақфильм» киностудиясы оның жалғасы ретінде «Отты өзен» және «Теміртау» атты қос кинотуындыны өмірге әкелді. Елбасының студенттік өмірі мен дос-жараны, жастық шағы туралы фильмде оның Теміртаудағы еңбек жолы да көрсетілген. Ал Елбасы туралы төртінші кинофильм «Тығырықтан жол тапқан» деген атаумен 2014 жылы Мәскеуде түсірілді. Онда 1971 мен 1977 жылдар аралығын, Елбасының үлкен саясатқа аяқ басқан, Қарағанды металлургия зауытында партком хатшысы болып тағайындалған кезеңін қамтиды. Бесіншісінің, жоғарыда айтқанымыздай, Мәскеуде жақында ғана тұсауы кесілді. Аталмыш фильмдердің сценарийін Шахимардан Құсайынов пен Рүстем Әбдірашев жазса, қоюшы режиссері Рүстем Әбдірашев. Елбасының кешегісі мен бүгінін қамтырлықтай киноэпопея түсірілгеніне қуанғандардың бірі бізбіз. Әйткенмен үш томдық Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділері» мен «Алтын ордасын», Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен терін» оқуға ерінетін ұрпаққа неге осыларды кино арқылы танытпасқа? Жасыратын несі бар, ол түгілі Әуезовтың «Абай жолындағы» Құнанбайдың образын біраз жастар кино арқылы биыл таныды. Демек бұл да болса қолға алса қайыры бар қарекет болмақ қой... 

Жә, мейлі министрдің мұнысын жанашырлық делік... Соғыс кезінде де мәдениетінен қаржы аямай, қан майданда да әдебиетін өлтірмей кітап қаузаған қазақ едік қой. Әрі-беріден соң киноға арқау болардай тұнып тұрған тағдыры бар тау тұлғаларымыз аз ба? Әлде, бесінші фильмге көпшілік баға беріп үлгермей жатып, алтыншы фильм түсіруге асыққан министр мемлекет тарапынан бөлінген қаражатты жұмсарда ірі ме, тірі ме дегендей адам таңдай ма екен?

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter