Саясат
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Саясат

Тумаған сиырдың уызына талас науқаны басталған сияқты...

Тумаған сиырдың уызына талас науқаны басталған сияқты...

ОҚО-ға жаңа әкім тағайындалғаны сол екен, енді біраз дөкей жылы орнынан қозғалып, басқа бір орындарға ауысып қалуы ықтимал. Ұзынқұлақтан естуімізше, басқа жаққа кетуі мүмкін кісілердің ішінде облыс әкімінің бір «замы» да бар екен. Қызметімізге кейбір ұқсастықтарымыз кесірін тигізуі мүмкін деді ме, әйтеуір тойған қозыдай томпиып отырған замәкімге «таяуда бір жаққа кеткенің дұрыс-ау» дейтін әңгіме айтылыпты-мыс.

Сіз кімсіз, Қ мырза?

Сіз кімсіз, Қ мырза?

«Қ» деп отырғанымыз – Қажыгелдин. Ол прапорщиктен премьер-министр шеніне дейін көтерілді. Атышулы «Қазақгейт» дауының кейіпкері болды. Үш жыл Қазақстан Үкіметін басқарып, ақыры шетелге қашып кетті. Енді сол жақтан ақыл айтып, атамекенін қалай басқару керек екенін үйретіп жүр. Әкежан Қажыгелдиннің КГБ-ның шекпенінен шығып, Қазақстан Үкіметін басқарған алғашқы шенді екенін білетін бе едіңіз? Білмесеңіз, біле жүріңіз. Кәрім Қажымқанұлын «чекист» деп қағытып жүргенімізде бұл соқпақ баяғыда-ақ сүрлеуге айналған екен.

Көкірекбаев Жамбылды қайда апара жатыр?

Көкірекбаев Жамбылды қайда апара жатыр?

Осыдан 3 жылға жуық уақыт бұрын Кәрім Көкірекбаев Жамбыл облысына әкім болып тағайындалғанда өңір жұртшылығы ол туралы «Жамбыл циркіне директор болатын-ақ адам еді» деп күбір-сыбыр ете қалған-тын. Өкінішке қарай, содан бері халықтың көзқарасы пәлендей өзгере қоймапты. Оның үстіне әкімнің де өз жерлестерінің көзіне әдемі көрінуге күш салып, абырой-беделін арттыруға тырмысып жатқаны да шамалы сияқты.

Ордабасының сайты Алмасбектің отбасылық сайтына айналып кеткен бе?

Ордабасының сайты Алмасбектің отбасылық сайтына айналып кеткен бе?

Туған күн деген қандай жақсы. Дос-жараннан, туған туыстан құттықтаулар естіп, сыйлықтар алып, бір жасап қаласың. Ал енді әкім болсаң... Басқа әкімдерді қайдам, бірақ күні кеше туған күнін атап өткен Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Мамытбековті басқа емес, өз әкімдігінің ресми сайты құттықтап, фейсбукте бөлісіпті.

Сіз кімсіз, С мырза?

Бүгінде ұмыт бола бастаған, есімі еске алына бермейтін Сергей Терещенко соңғы кезде тым лепіріп жүр. Бал ара өсіріп, омарташылар одағын басқарып жүрген экс-премьер өзінің бар екенін елдің есіне салғысы келді ме, әлде шемен болған шерін ақтарғысы келді ме, әйтеуір соңғы кездері тәуелсіз Қазақстанның дамуына қалай үлес қосқанын айтқан сөздері анда-мұнда жарияланып жүр. Тіпті Қазақстанның алғашқы-премьер министрі шынын айтам деп сырын айтып қойып та жүрген сәттері бар. Кісінің аузына қақпақ болудан аулақпыз, әрине. Айта берсін. Тек бізде экс-премьерге бірнеше сұрақ бар.

Блогерлердің дені сарай бұлбұлына айналып кеткен

Қателеспесек, биліктің әлеуметтік желілерге деген «махаббаты» осыдан 6-7 жыл бұрын оянды. Сол кезде жаппай планшеттену науқаны жүріп, кейбір депутаттардың «Твиттерден» өз аккаунтын, Үкімет мүшелерінің министрлік сайттарынан жеке блогтарын ашуы сәнге айналған еді. Тіпті экс-премьер Кәрім Мәсімовтің де «Twitter» мен «Facebookта» жеке парақшасы болды. Мұндай қадамға барар ма еді, бармас па еді, әлеуметтік желілеріңіз қоғамдық санаға ықпал етудің қуатты құралына айналып бара жатқан-тын.

Шіренген шенеуніктерді тобасына келтіруге болады

Бір қарағанда біздің шенеуніктер төбесімен көк тіреп тұрғандай, Сырдың суы тобығынан келіп, заң-зәкүніңізге пысқырып та қарамайтындай көрінетіні бар. Бірақ ол – алдамшы көрініс қана. Шын мәнінде мемлекеттік қызметшінің әрбір әрекеті заңмен реттелген, қадамын қисық басуына жол жоқ. Сондықтан өзіне жалақы төлеп отырған халықты ұмытып, қарақан басының қамын күйттеген, өзін астам ұстап, елірген кез келген ақ жағалыны тоба қазығына таяуға болады. Міне, осы ниетпен еліміздің телегей-теңіз заңдардың ішіне сүңгіп, қалың бұқараның игілігіне жарайтын тұстарына біршама тоқталып өткенді мақұл көрдік.

Аңдамай сөйлеген басшы – баспасөз хатшысының «соры»

Күні кеше баспасөз беттерінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов шенеуніктерге жұма сайын мешіт жағаламай, жұмыс істеуге кеңес берді деген мақалалар көптеп шыққан еді. Бұл мәселе әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Енді осы жағдайға қатысты Шығыс Қазақстан облысы әкім аппаратының баспасөз хатшысы Ерлан Жақыпов өзінің пікірін білдірді, – деп хабарлайды Baq.kz

Министрлік құрғаны – дінді қолға алғаны

«Корреспондент» бұған дейін де Қазақстандағы қаптаған шенділерден қарапайым халыққа келетін пайданың төңірегінде ой қозғаған еді. «99 мың шешеуніктен 99 қайыр бола ма?» деген сауалға жауап іздеп болғанымызша елде тағы бір министрлік құрылды. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі деп аталатын бұл ведомствоның алдағы міндеті қандай болмақ?

Кім мықты: әкім бе, министр ме?

Қазақстандағы Үкімет мүшелері, облыс және республикалық маңызға ие қалалардың әкімдері атқарушы биліктің қаймағы саналады. Бәрі де – саяси «тяжеловестер», мемлекетті басқарудың негізгі тетіктерінің барлығы – солардың қолында. Әйткенмен қайсысының ықпалы зор? Былайғы жұртқа өзінің мини-мемлекеті бар мини-президент ретінде әсер қалдыратын әкімнің бе, әлде Астанада аяғын алшаң басып жүргеніне мәз министрдің бе?

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter