Саясат
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Саясат

Бос жер жау шақырады немесе солтүстікті қазақыландырмасақ, соңы неге соқтыруы мүмкін?

Қырымда референдум өтіп, Донецк пен Луганск облыстары өздерін халықтық республика деп жариялап, Украина дүрбелеңнен бас көтере алмай тұрған шақта «Мәскеу мұнымен тоқтамайды, енді Қазақстанның солтүстік облыстарына ауыз салады, өйткені ол жақта орыс тілінде сөйлейтін тұрғындардың үлесі басым...» деген сықылды небір қиямпұрыс мақалалардың ғаламторды шарлап кеткені есіңізде шығар. Қандай қисынға салсаңыз да, бұл тегін әңгіме емес. Империя болуды көксейтін Ресейдің түпкі пиғылынан хабар береді. Кремльді былай қойғанда, ондағы халықтың басым бөлігі еліміздің солтүстік аймақтарын орыстыкі санайды, «біздің жеріміз» деп ұғынады. Кешегі Солженициндердің, бүгінгі соның ізбасарлары Дугин, Лимонов, Жириновскийлердің талап-тілектері – осы жерлерді қайтсе де Ресейге қосып алу. Бұған Қазақстанның Ресеймен шекаралас аумақтарында тұратын орыс түгілі кейбір қазақтар да кетәрі емес секілді. Демек, Украинадағы жағдайдан сабақ алып, өз ішімізге үңіліп, болып жатқан аса күрделі үдерістер мен үрдістерді қазақ мүддесі, қазақ мемлекетінің мүддесі тұрғысынан дұрыс талдап, нәтиже шығаруымыз һәм сергек әрекет етуіміз қажет-ақ.

Шенділер табысын көрсетуге дайын емес

«Әр түрлі деңгейде ұзақ уақыт бойы талқыланған жаппай декларациялау енгізу кейінге қалдырылды» деп хабарлайды sputniknews.kz сайты. Дәлірек айтқанда, халықтың белгілі бір тобы үшін ғана кейінге қалдырылды.

«Ештеңе білмейтін» министрлік

Cоңғы 10 жылда өсімдік шаруашылығын дамыту үшін мемлекет тарапынан 372,8 млрд теңге бөлініпті. Алайда, caravan.kz сайтының жазуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл ақшаның қайда кеткенін білмейді. Дәл солай. Ведомство «еліміздегі үш ірі астық компанияларына қанша субсидия берілді?» деген сауалға «бізде оған қатысты мәлімет жоқ» деп жауап беріпті. Сонда ол қаржы қайда кетті? Жер жұтып кетті ме?

Майлыбаев министр, Тоғжанов «замрук» болуы мүмкін...

Арыстанбек «азғырған» қыз-қырқынның көтерілісінен кейін жоғары жақ мың ойланып, жүз толғаныпты. Сөйтіпті де «Арыстанбекті орнынан аламыз» деп шешкен көрінеді. Бірақ, мына «мәселесі» шешілгеннен кейін.

Архимедті Архимед қылған кім?

Архимедті Архимед қылған кім?

Ол Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалғанда 40 жасқа да толмаған-тын. Аты-жөні де республикаға анау айтқандай мәшһүр емес, ары барса, бір өңірдің жұртшылығы ғана біледі. Сірә, содан да болар, Мемлекет басшысы оған тұтас өңірдің тізгінін сеніп тапсырғанда, талайлар «рас па, өтірік пе» дегендей шүбәлана қарады. Әйткенмен құйрық-жалын ұстатпай, сырғып жатқан уақыт, содан бері 5 жылыңыз көзді ашып-жұмғандай өте шығыпты. 5 жылдың ішінде ол тағы бір аймаққа «қожайын» болып үлгерді. Әңгіме Архимед Мұхамбетов хақында.

Әкім қандай болуы керек: «хозяйственник» әлде саясаткер?

Әкім қандай болуы керек: «хозяйственник» әлде саясаткер?

«Қазақстан билігіндегі кадрлық саясат ашық-жарқын жүргізіледі және ол елдің бәріне бірдей түсінікті сипатқа ие» десеңіз, қателесесіз. Мысалы, қалың бұқара облыс тұрмақ аудан әкімдерінің нендей критерийлер бойынша тағайындалатынынан бейхабар. Бір білетініміз, әйтеуір технарь мен экономист шенеуніктер тесік моншақтай қашанда жерде қалмайды. Сонда әкім дегеніңіз қандай лауазым? Ол шаруаның адамы ма, әлде саясаткер ме?

Үміт немесе Сағынтаев синдромы

Үміт немесе Сағынтаев синдромы

Бақытжан Әбдірұлының Үкімет тізгінін қолына алғанына да айдан асты. Бағаны реттеу қолынан келмейтінін біле тұрып базар аралайтын басшылардың әрекетін популизмге теңеп, ұзақ баяндамадан бас тартқан ол өзіне дейінгі премьер-министрлердің жұмыс тәсілін қаншалықты өзгерте алады? Орындалмай, омақа асқан мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырамын деп Сағынтаевтың сағы сынып қалмай ма? Өйткені бір кездері өзі бағынышты болған шенділер енді Бәкеңе бағына қоймауы ғажап емес.

Кулагиннің «қайығы» неге шайқалмайды?

Кулагиннің «қайығы» неге шайқалмайды?

Классикалық кеңестік номенклатураның өкілі саналатын Сергей Кулагин еліміздің солтүстік өңірі үшін «незаменимый» кадрлардың бірегейі болып табылады. «Незаменимый» болмаса, Ақмола облысын екі мәрте басқару бақыты бұйырмас еді. Бәлкім, мұның сыры оның «местный» екендігіне де байланысты шығар (Атбасар қаласында туылған). Қостанай облысын да аз басқарған жоқ, табаны күректей 8 жыл отырды (2004-2012 жылдар). 60 жасқа қадам басқан шағында Мемлекет басшысының жарлығымен Сенат депутаты болып тағайындалуын «зейнеткерлікке қамданып жатыр екен ғой» деп топшылай бастап едік, 2014 жылдың мамырында өзі туып-өскен аймақтың «қожайыны» болып қайта оралды.

Нұркентті не үшін салып жатыр?

Нұркентті не үшін салып жатыр?

Қазақстанда жаңа шаһар бой көтеріп жатыр. Алматы облысындағы Панфилов ауданының Қытаймен шекаралас аумағында орналасқан қала, жоспар бойынша, келешекте ірі сауда-экономикалық орталық қана емес, жаңа Жібек жолының ошағына айналуы тиіс. Әрине, бүгін немесе ертең емес. 20 жылдан кейін. Елдімекеннің халқы сол кезде 100 мыңға жетеді деп күтілуде. Өз кезегінде үлкен сауда орталықтары, қонақүйлер, тұрғын үй кешендері, офистер, тіпті зауыттар салынбақшы. Және бәрі бірыңғай стильде һәм жаңа технологиямен жүзеге аспақ.

Жаңа әкімге қуанғандар қуанғандарына өкініп жүрмей ме?

Жаңа әкімге қуанғандар қуанғандарына өкініп жүрмей ме?

Өткенде Оңтүстіктің жаңа әкімі тағайындалғанда ОҚО мәслихатының кейбір депутаттары шәпкісін аспанға атып, «өзіміздің жерлес келді» десе, тағы біреулері «жасасын Түймебаев!» деп айқайлаған көрінеді. Мұны ұзынқұлақтардан естіген жоқпыз, «Рател.кз» дейтін интернет басылым жазған болатын.

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter