Саяси белсенділікті немен өлшейміз?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Саяси белсенділікті немен өлшейміз?

Саяси белсенділікті немен өлшейміз?
  • Бекжігіт МӘУЛЕНОВ

Ата Заңымызда «мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деп, тайға таңба басқандай етіп жазылып қойған. Ол билікті референдумдар мен сайлаулар арқылы жүзеге асырады. Және өз атынан билік жүргізуді мемлекеттік органдарға береді. Билікті сеніп тапсырған соң, оны бақылауда ұстап отыру да маңызды. Осы тұсқа келгенде, біздің азаматтарымыздың енжарлығы байқалады.

«Қазақстандықтардың азаматтық белсенділігі төмен» деген қағида қалыптасқан. Бұл тұрғыда сарапшылардың пікірі сан қилы. Кейбірі әлеуметтік сауалнамалар қорытындысын алға тартады. Расымен де, Қазақстан халқының айналада болып жатқан оқиғалар мен саясатқа деген көзқарасы әралуан. Соның ішінде конформизм түсінігі басым. Бір бөлігі «әлдеқашан шешіліп қойған мәселеде менің пікірім ештеңені өзгертпейді» деген ұстанымда болса, тағы бір тобы «менсіз де шешілетін мәселе» деп, қалыс қалғанды қалайды. Ал, «көп түкірсе – көл болады» деп, өзінің азаматтық ұстанымын білдіріп, қоғамдағы құбылыстарға зәредей болса да ықпалы тиеріне сенімділер, өкінішке қарай, азшылық. Осы орайда, өзінің көзқарасын «тасада тұрып білдіретін» топтың да бар екенін айта кету керек. Олар – өз пікірін, көшеге шықпай, өз құқын талап етпей, әлеуметтік желі арқылы білдіріп отыратындар. Олардың арасында «жамбас батырлар» да бар.

Көптеген аграрлық елдер секілді қазақстандықтар да дала мен қала тұрғындарына бөлінеді. Бүгінгі қалада тұратын қазақстандықтар өз ұстанымын ашық айтуға тырысып, ол мүмкін болмаса, қоғам өміріне әлеуметтік желі арқылы ықпал еткісі келеді. Оның дәлелін ғаламтордан көруге болады. Билікте отырған ағалардың оғаш қылығын, тәртіп сақшыларының заңға қайшы әрекетін таспаға түсіріп, әлеуметтік желіге салғанының арқасында қаншама адам жауапқа тартылды. Соның нәтижесінде қоғамдағы кемшін тұстар көріне бастады. Ол өз кезегінде сол олқылықтардың алдын алу үшін тиісті шаралардың қабылдануына ұласты. Бірақ, олардың әлеуеті әлі де болса азшылық. Ал, сондай бейнежазбалар жасауға мүмкіндігі бар мобильді құрылғылар қолында бола тұра, оның мүмкіндігін толық немесе мүлдем пайдаланбайтын – ауыл тұрғындары. Олардың азаматтық белсенділігі мүлдем бәсең. Бұл жерде ауылдағы ағайынның қоғамдағы келеңсіздіктерді таспаға жазып,әлеуметтік желіге салу жағы ғана сөз болып отырған жоқ. Саяси науқанда да олардың белсенділігі төмен. Мұны соңғы өткен Парламент сайлауында өзіміз куә болдық. Дауыс беру шарасына өздері келмей, өзінің сайлау құқын өзгеге сеніп тапсырандар көп болды. Немесе отағасының қабылдаған шешімі тұтас отбасындағы сайлау құқы бар мүшелердің шешімі ретінде қабылданады. Бұл жерде қазақи қоғамдағы менталитет алдыңғы орынға шығады. Үлкенге қарсы келмеу керек немесе заңды орындамай отырса да, басшыға шағымдануға болмайды. Өйткені оның туыстығы да бар.

2015 жылы «Эберт» қоры жүргізген зерттеулерде жастар арасында патернализмнің, яғни әкелік қамқорлыққа арқа сүйеу басым екені байқалған. Басқаша айтқанда, перзентінің жағдайын жасаған адамның сөзі өтімдірек. Үлкен саясатта бұл ұғым «мемлекет жағдай жасай ма, мемлекеттің дегені боладыға» саяды. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттің қамқорлығына сенім артатындар көпшілік. Міне, сол әлеуметтік зерттеулер қорытындысында өз күшіне сенетін жастар 35,8%-ды құраған. Есесіне, өзгенің немесе мемлекеттің қамқорлығына сеніп жүргендердың үлесі 46,4% екен. Қалған 17,8% жастар – «бейтарап» ұстанымдағылар. Сол зерттеулерде жастардың елдің саяси өміріне араласуға деген әзірлігі әлдеқайда жоғары екені де көрінген. Мұндағы бар мәселе – олардың бұл шараларды заң аясында жүзеге асыруға қажетті ақпараттардың аздығында. Өз құқын толық білмеуі салдарынан олардың біразы өзін қоғамға қажетсіз сезінеді екен. Өзінің азаматтық ұстанымын ашық білдіруге деген ұмтылысқа биліктің араласуын да жоққа шығаруға болмайды.

Халық пен биліктің арасында дәнекер болуы тиіс құрылымдар – тек бір жақты ғана байланыста. Билік тізгінін ұстағандардың белден басу әрекеттері қоғамда әділдіктің аяқасты болуына әкеп соқтырып жатады. Қала берді, халықаралық сарапшылар «Қазақстанның митингілер мен шерулер туралы заң талаптары азаматтың өз пікірін ашық білдіруге кедергі келтіреді» деген пікірде. Қазақстандық социологияны АҚШ-тағымен салыстыруға келмейді, әрине. Екеуінің ұқсас тұсы, жақында АҚШ-тағы президент сайлауында байқалып қалды. Екеуінде де қоғам пікірін зерттеу нәтижелері шындыққа сай келе бермейтіні көрінді. Осы келеңсіздіктерді болдырмаудың бірден-бір жолы – азаматтық қоғам құруда. Бұл тұрғыда елімізде көптеген реформалар жүргізіліп те жатыр. Елбасы жариялаған халықтық реформа – соның бір айғағы.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter