Әлем елдері үшінші дүниежүзілік соғысқа дайындалып жатқандай
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Әлем елдері үшінші дүниежүзілік соғысқа дайындалып жатқандай

Әлем елдері үшінші дүниежүзілік соғысқа дайындалып жатқандай
  • Бекжігіт МӘУЛЕНОВ

Кезінде Кеңес Одағы әлемдегі ең ірі қару-жарақ саудагері еді. КСРО тарқағанымен, оның сол базардағы мұрасы қалды. Қазір Ресей қару-жарақ нарығындағы бір кездегі беделін қайта «жаулап» алмақ. Ал, АҚШ оған мүмкіндік берер емес. Ресейдің жинаған шоқпарын ТМД- да кімдер алып жатыр? Және бұл салада оған кімдер бәсекелес бола алады?

Бұрынғы КСРО елдерінің ішінде Ресей, Беларусь пен Украина негізгі қару экспортерлері саналды. Советтік әскери-өндірістік кешенінің негізгі үлесін иемденіп қалған бұл мемлекеттердегі әскери нысандар кешегіге дейін өзара байланыста болды. Алайда, Киев сыртқы саяатын өзгерткен соң украиндық қару жасаушылар Ресейге өз өнімін беруді тоқтатты.

Екі мыңыншы жылдары ТМД аумағында, сөзсіз, Ресейдің әскери қару-жарақтары сұранысқа ие еді. Әзірбайжан мен Қазақстан ресейлік бронетехника мен ұшақтарын сатып алып жатты. Мәселен, Әзірбайжан Ресейден 94 дана Т-90С танктерін, 91 БМП-3, 24 БТР-80А, 25 Ми-35М тікұшағы мен өзге де техника алған. Армения С-300 зенитті зеңбіректің төрт данасын алған екен. Бұдан бөлек, Ереван мен Мәскеу 200 млн АҚШ доллары тұратын әскери жарақты несиеге алу туралы келісім жасасқан. Айтпақшы, Армения бұл техниканы Әзірбайжанға қарағанда арзан, зауыт бағасымен алады екен. Ал, Қазақстан Ресейден 182 дана БТР-80А мен БТР-82А, «Терминатор» жаяу әскер машинасының онын сатып алған.

ТМД-ның қару-жарақ нарығы біраз уақыт жабық күйінде болды. Ресей өз орнын өзгеге бергісі келмеді. Екі мыңыншы жылдардан кейін посткеңестік кеңістікте Израиль мен Түркия секілді елдер Ресейге бәсекелес бола бастады. Сол кездері Израиль Әзірбайжанға SOLTAM «Atmos» деп аталатын 155 миллиметрлік өзі жүретін артиллериялық қондырғының бес данасын, LAR-160 жаппай ату реактивті жүйесінің 30 данасы мен басқа да қару түрлерін сатты. Әзірбайжан мұнымен тоқтамай, Түркиядан брондалған «Сobra» мен «Otokar» машиналарын алды. Түркия мен Израильдің әскери техникасы Қазақстанға да келді.

ТМД мүшелері шетелден тек әскери қару-жарақ және техниканы сатып алумен шектеліп отырған жоқ. Оны өздерінде шығаруға да мүдделі. Француздық Thales компаниясы санкцияларға қарамастан ресейлік танктер үшін ату жүйесін басқаратын қондырғылар сатады. Ал, Sagem фирмасы адам мен техникадан шығатын жылуды көруге қабілетті құралдарды шығаратын зауыттың лицензиясын сатып жіберді. Ресей қорғаныс министрлігі итальяндық IVECO-ның оқ өтпейтін, мина жарылысына төтеп беретін көліктерімен бірге «Мистраль» кемелерін де сатып алмақ еді. Тек, Еуроодақ наразылығынан соң бұл келісімдер бұзылды.

Шетелдің әскери техикасының лицензиясын сатып алуда Әзірбайжанның жолы болды. Баку оңтүстікафрикалық Paramount Group компаниясынан «Matador» мен «Marauder» оқ өтпейтін машиналарын өзінде шығаруға рұқсат алды. Айтпақшы, мұндай құқықты Қазақстан да иемденіп отыр. Тек бізде «Мародерлар» «Арлан» деп аталады. Бұл орайда Украина да қарап жатқан жоқ. Киев израильдік «Tavor» автоматтарын шығару лицензиясына ие болды. Бұл қару Украинада «Форт-221» және «Форт-224» деген маркамен шығатын болады.

КСРО түбегейлі тарқаған соң Кеңес одағының құрамындағы елдер арасында қаруды бөлісу мәселесі туындады. Сол кезде Украина мен Беларусьқа көбірек үлес тиді. Өйткені, Батыстан шығарылған ең мықты әскери техника сол елдердің аумағында тұрған еді. Бұл тұрғыда Орта Азия елдерінің жолы болмады. Олардың аумағында екінші қатарлы армия шоғырланған еді. Олардың дайындығы да, қаруларының сапасы да алғашқысынан нашарлау болатын.

Кеңес үкіметінен қалған қаруды бөлісу мәселесінде біраз түйткілдер де болды. Әсіресе, Ту-160 ракета тасымалдайтын ұшақтардың барлығы, НАТО-ға қарсы тұру жоспарының аясында, КСРО-ның еуропалық бөлігінде – Украинада шоғырланды. Советтер одағы тарқағанда Киев оларды Ресейге қайтарғысы келмеді. Ақырында олардың бір бөлігін ұшқыштардың өздері Мәскеуге алып қашты. Қалғаны бөлшектеліп, металл ретінде қайта қорытылып кетті.

Енші бөлісу бәйгесі аяқталған соң, Ресей ескі техниканы эскпортқа шығара бастады. Бастапқыда оны посткеңестік мемлекеттер сатып алып жатты. Сол жылдары Әзірбайжан Беларусьтан Т-72 маркалы танкінің 122-сін, осы техниканың 62 данасын Ресейден және тағы 48-ін Украинадан сатып алды. Ал, Грузия Украинадан сол танктердің 72-сін алды. Т-72-нің тағы жетпіс данасын Чехиядан алдырып, украиндықтарға жөндетіп алды. Армения Т-72 танктерін Ресейден алды. Одан бөлек БТР-80 мен БМП-лар ТМД нарығында жақсы сұранысқа ие болатын.

Бүгінде қару-жарақ нарығы да жаһанданып, әлемнің кез келген елінен қалаған қаруды сатып алуға мүмкіндік бар. Стокгольмдағы бейбітшілікті зерттеу ғылыми институтының дерегіне сүйенсек, қазір әлемдегі қару-жарақ саны соңғы бес жылда 14%-ға өскен. Жер бетіндегі елдер құдды бір үшінші дүниежүзілік соғысқа дайындалып жатыр ма деп қаласың. Әлемде қару жарақты ең көп сатып алып жатқан Үндістан екен. Оған қоса Азия елдері де соғыс қаруын көптеп қамдап жатыр.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter